Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Харьков қазандығында «іс-түссіз жоғалғандар»

1630
Харьков қазандығында «іс-түссіз жоғалғандар» - e-history.kz
106-ші ұлттық кавалерия дивизиясының тағдырын «Ескерткіш аймақ" студенттік іздеу отрядының жетекшісі Майдан Құсаинов баяндайды.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Майдан Құсаинов «Ескерткіш аймақ" студенттік іздеу отрядын 20 жылдан астам басқарып отырады. Жыл сайын комбриг Құсаинов студенттік отрядпен Санкт-Петербургтің Синявиндік биіктеріне мен Харьков жанындағы ауылдарға аттанып бара жататын. Мұнда 1941 жылында 106-ші ұлттық кавалерея девизиясы мен 310-ші, 314-ші атқыш девизиялардың құрамында біздің жерлестеріміз фашистерге қарсы соғысқан. 106-ші ұлттық кавалерея девизиясы мен 310-ші, 314-ші атқыш девизиялар Солтүстік Қазақстанда орналасқан Петропавл қаласында құрылған. «…106-ші ұлттық кавалерея девизиясының командирлері біздерге қадағала қарады. Барлығы 15 адам болды: комдив, оның орынбасары, полктардың командирлері мен политруктер. Ер жүрек, жігерлі, қайратты… „Олардың беттерінен фашистерге қарсы шығуға дайынбыз“ деп оқуға болатын. Олар ешқашан берілмей, батыл соғысады…».

Басқаша болу мүмкін емес. Фотосурет 1941 жылдың шілде-тамыз айларында емес түсірілген. Соғыстың заңы — өте қатал заң. Қызыл армия бар күшін салып, фашистермен енді ғана соғыса бастады. Фотосурет 1942 жылдың 5-ші сәуірінде түсірілген. Сол кезде «Орталық" атты әскери топтар Мәскеу шайқасында жеңді. Командирлер мен политкуктар беттерінде жылы шырай, нұр бар. Олар бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жеңісті күтіп отыр.

1942 жылдың 5-ші сәуірі. 106-ші қазақ кавалерея девизиясының командирлері мен политруктары. Жоғарғы қатар: сол жақтан 1-ші — үлкен политрук Құлмағамбетов Сағадат Мендығали, сол жақтан 3-ші -комдив орынбасары, политрукі Сеитов Нұрқан, сол жақтан 5-ші (болжамдау бойынша) — Панков Б.Нкомдиві, сол жақтан 6-ші (болжамдау бойынша) — комди орынбасары Борисов А.Б., сол жақтан 7-ші не 8-ші (болжамдау бойынша) — штаб бастығы Осадченко П. М. Орта қатар: сол жақтан 2-ші — ерекше бөлім бастығы Утебаев Уәли Ғұсман, сол жақтан 3-ші — полк командирі, майоры Увайсов Тәжиғали. Төменгі қатар: сол жақтан 2-ші -үлкен политрукі Қапажанов Қайырбек, сол жақтан 3-ші — эскадрон командирі, үлк.лейтенанты Бейсембеков Мұқан. Басқаларды танып айыру қажет.
Олар Харьковтан ешқашан қайтып оралмайтынын білмеген. 1942 жылындағы шайқастан басқалар да, бірнеше жүз мыңдықтар — оқ пен оттың ортасынан оралмаған азаматтар еді….Харьковта қарапайым солдат пен генерал бірдей болып, Отан алдындағы борышын өткен.
Осылай «іс-түссіз жоғалғандар» ретінде қарапайым солдаттар мен жоғары әскери атақтарға ие болған генералдар Лозавенька ауылындағы молада бірге жатыр. Ақмола қаласына жіберудің алдында фотосуреттерге түскен, енді олар жаңа суретке түспейді… Бұл — олардың соңғы фотосуреттері…12 мамырдан 30 мамырға дейін (18 күн ғана) олар фашистерге қарсы күрескен.

106-ші ұлттық кавалерия девизиясының тағдырын қалай білуге болады? Харьков қаласына алғашқы солдаттар 28 сәуірде, ал соңғылар -1942 жылдың 12-ші мамыр айында келген. Шайқас мамырдың 12-сінде басталып, мамырдың 30-ына дейін жалғасты.1942 жылдың 30-ші мамырында бір-ақ аяқталды. 18 күнде 106-ші ұлттық кавалерия девизиясының солдаттары мен командирлері 6-ші кавалериялық корпустің құрамында қарсыластарды басып, тылдағы қарсыластармен соғысып, эсесовтік таңдаулы бөлімді қиратқан. Олар шабуылды артиллерия оғымен тасалап, генерал-майорыЛ. В. Бобкин басқаратын әскерлердің шегінуін қорғап шықты. Солдаттар Лозавенька ауылына дейін жетіп, Оңтүстік-Батыс бағдарының генералдарымен майдан даласында Құдайға жандарын тапсырған. 18 күнде қаһармандар жеңістің дәмін татып, жақындарынан айырылу деген удай ащы сезімді-де көрген. Олар қоршап алынған Лозавенькадан, өкінішке орай, тірі шықпады.

1942 жылдың 17-ші мамыр айынан бастап, вермахтаның генералы Клейст пен 6-ші, 57-ші әскерлер, генерал-майорыЛ. В. Бобкин басқаратын әскерлер қоршап алынған болатын. 17 мамырдан 30 мамырға дейін 239 000 солдат пен командир тұтқынға түсті. Қоршаудан тек 22 000 солдат пен командир құтылып шықты. Сыртқы, ішкі мен орта қоршаудың кезiнде қайтыс болған, iз-түзсiз жоғалып кеткен адамдардың саны белгісіз. Шайқастың барысын баяндайтын құжаттар не нақты мәліметтер сақталмаған, өйткені қоршауда болған адамдар осы қоршаудан өздерінің құтыла алмайтынын білгенде, маңызды құжаттармен сейфтерді жерге бітеді. Осылай солдаттар әскери құпиясын фашистерден сақтаған. Сондықтан Харьковтағы шайқастың барысын тек тірі қалған Баграмян И.Х., неміс генералдары Клейсттің, Ланцтың, Боктың жазылған кітаптары бойынша ғана қалпына келтіруге болады. «Шайқастың барысын қалпына келтіру менің де қолымнан келді» деген ойым бар.


23 мамыр 1942 жылында Лозавенька ауылынан шығысқа қарай Клейсттің әскери тобы батыс-шығыс бағытты әскерлерді барвенктік шығыңқы жерде қоршап алды. Красивое ауылына (23 мамырдың түнінде) У-2 ұшағында Оңтүстік-Батыс майданның командир орынбасары генерал-лейтенантіФ. Я. Костенко ұшып келеді. Ол маршалы С. К. Тимошенкомен тағайындалды. Сол кезде С. К. Тимошенко өзі әскерлердің Оңтүстік тобын (6-ші мен 57-ші әскерлер-де соған жатады) басқарып отыратын. С. К. Тимошенко рация бойынша Краснадар қаласының мен Парасковея, Охочье, Жоғары Бишкин, Сахновщина, Александровка жанындағы девизияларға Лозавенька ауылына көшіп, дұшпанның қорғаныс шебін бұзып өту керек екендігін жайлы бұйрық береді.
Генерал-лейтенантіФ. Я. Костенконың қорында Алексеевкадан шығысқа қарай орналасқан 103-ші атқыш девизия мен толық емес құрамында 106-ші ұлттық кавалерия девизиясы (11-ші мен 11-ші мамыр жаңадан келген 288-ші кавалериялық полк пен толық емес құрамында 307-ші мен 269-ші кавалерялық полктар) бар. Генерал-лейтенантіФ. Я. Костенко106-ші кав. девизияны мен 103-ші атқыш кав. девизияны Клейстке тойтарыс беру үшін жібереді. Клейст сол кезде Волвенково, Копанки, Михайловский ауылдарында тұрған. Генерал-лейтенантіФ. Я. Костенконың негізгі міндеті — генералы Л. В. Бобкин мен 6-ші әскердің генералы А. М. Городнянский келгенше, дұшпандарды жақындатпау.


Ұлттық кавалериялық 106-ші девизия мен атқыш 103-ші девизия жыраларда әзер қозғалған, өйткені фашистердің ұшақтары оларға үлкен қиындық тудырған болатын. Ұлттық кавалериялық 106-ші девизия Лозавенька ауылына бірінші келген. Неміс жаяу жауынгерлер шығыс шет аймақтарға жақындағанда, «Тұзды» балкасынан күтпеген оқ оларды тоқтатып жіберді. «Тұзды» балкасында болған адамдарда винтовка мен басқа қару-жарық көп болмағандықтан, олар өлтірілген фашистеден қару-жарықтарын, атап айтқанда: винтовкаларын мен МГ-34 зеңбірегін алған. Кешке қарай үлрегіп қалған атқыш 103-ші девизия Лозавенька ауылында қазып бекінді. Жаңадан келген солдаттар 45-мм танкіге қарсы ататын зеңбіректерді жерге тебеді.

24 мамырда қазынып бекінген ұлттық кавалериялық 106-ші девизия мен атқыш 103-ші девизияға нысанаға оқты дәлдеп түзейтін зеңбірекші жіберілді. Таңертең басқа нысанаға оқты дәлдеп түзейтін зеңбірекшілер қосылған. Екеуі-де үлгерді. Шығыста шайқас енді ғана басталатын сияқты. Нысанаға оқты дәлдеп түзейтін зеңбірекші мен танктер, жаяу әскерлер фашистерді Новосерпуховка ауылының шетінде тоқтатқан.
25 мамыр 1942 жылы
25 мамырда таңертеңнен бастап, кешке дейін «Михайловский лог» және «Крутой лог» балктеріне 6-ші әскердің мен Л. В. Бобкин тобының сарбаздары таянып қалатын.
26 мамыр 1942 жылы
26 мамырда таңертеңнен бастап, оңтүстік топтағы әскерлер шабуылға шыға бастады. 103-ші мен 317-ші атқыш девизиялар бірінші эшелонға қосылған болатын. 106-ші кавалерияның Жаяу әскершілерінің алдында 106-ші кавалерия шығарып қойылған. Ұрыс нәтижесінде қарсыластар шығынға ұшырап қалған, бірақ біздің әскеріміз-де шығынға дұшар болды: тек кейбіреулер тірі қалған. Қоршаудан аз ғана уақытқа құтылып, біз енді қайтадан қоршауда болдық. Қарсыласымыздың саны артық болды.
Бүгін әскерлердің оңтүстік тобын басқаратын адам мен оның штабы солдаттарын мен соғыс техникасын жаудан сақтап қалу үшін бар күшінді салған [1].
26–29 мамыр арасында Лозавенька ауылында шайқас әскерлерге демалыс бермей жалғасып жатқан. Мұнда Қызыл армияның генералдары мен қарапайым әскерлері тең болып, жауған оқтың астында бірден жоқ боп кетті.
Клейсттің күнделіктерінде былай жазылған: «Соғыс майданындағы аймақтың қай жеріне көз жіберсек те, кез-келген жерде тек өліктер ғана көрініп тұратын болды. Қанды соғыс жалғасып жатыр».
Өліктердің ішінде 6-ші корпустың кав.әскері мен, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шымкент қалаларының майданға жіберілген жас солдаттар жатқан. Тірі қалғандар тұтқынға түсіп қалатын, бірақ тұтқынға түскендердің ішінен политруктер мен комиссарларды ажыраптып, екеуін бас-көз жоқ атып тастаған. Басқалар да «іс-түссіз жоғалғандар» сияқты қазақстандық кавалерия әскерлері мұнда жатып қалған. Лозавенька ауылының қасында болған сұмдық шайқас жайлы генералы Клейст өз кітаптарында қоспай жазған.
Майданның қатысушысы, неміс тарихшысы Пауль Карель былай жазады: «Ресей тарихындағы ең қанды шайқастардың бірі — Лозавенька ауылының жанындағы шайқас. Генерал-майоры Ланцтың әңгімелерін дәлелдейтін: «Барлық дауыспен айқайлай отырып, қызыл армияның генералдары мен неміс генералдары бір-біріне қарама-қарсы шабуыл жасап отырған. Қызыл армияның әскерлері иін тіресе ілгере жүрген. Олардың ауыздарынан тек «Ура!» естілетін болды. Қызыл армия жеңіске біржола жеткенше берілмеген. Ұрыс нәтижесінде екі жақтан үлкен шағындар болды. Бірден көз жұма алмаған адамдар қанды киімде былқылдай басып жүрген… " [2].
26 мамыр 1942 жылы әскери топтарды басқаратын Фон Бок өзінің күнделігінде былай жазады: «…Брайт тобы арқылы (44-ші мен 16-ші танк пен 60-ші моторлы девизиялары) жүріп жатырмын. Барлық жерде қарсыласымыздың күші көп емес болса да, ол тұтқынға берілмейді. Лозавенька ауылынан оңтүстік-шығықа қарай тірі қалған әскерлер мылтықпен атып сеспей қатыруға тырысап отырса да, олардың соққылары тым әлсіз боп шығады… «.
27–29 мамыр 1942 жыл
27 мамырда генералы А. М. Городнянский әскерінің күн ілгері дайындалған позицияға шегінуін қорғайтын 47-ші мен 393-ші атқыш девизиялар Лозавенька ауылынан батысқа қарай көшкен. 27 мамырда таңертең А. Н. Таванцевтың 266-ші атқыш девизиясы мен 21-ші танк корпусына қатардан шығып қалмаған танктер қосылды. Генерал-лейтенатыФ. Я. Костенко шабуыл жасауға әскерлерді қалыптастырған. Бірінші қатарда Т-34 танктері мен 266-ші атқыш девизия тұрған. 6-ші кав. корпусының 393-ші мен 47-ші атқыш девизияларының тірі қалған мүшелері — келесі қатарда. Майдан соғысына екінші шыққандардың ішінде командирлер мен генералдар болған. Бұл топты басқаратын адам — Ф. Я. Костенко. Олар 28 мамырда соғысқан.
21-ші танк корпусы мен 266-ші девизия командирлерінен тұратын бірінші эшелон 28 мамыр күні таңертең қоршаудан шығып, Волвенково, Волобуевка аймақтарына шықты. Лозавенька ауылынан шығысқа қарай осы девизиялармен бірге басқа әскери бөлімшілер де Волвенково, Волобуевка аймақтарына жетіп қалды. 29 мамыр күні түнде бұл әскери топ 38-ші әскермен шабуыл жасап, Чепель қаласына сәтті жетіп қалды [3].
Кеңес Одағының Маршалы К. С. Москаленко өзінің кітабында жазды: «…Есіме былай түсіп тұрады: алғашқылар алты Т-34 танкі болған. Бір танктен Оңтүстік-Батыс майданның Әскери одағының мүшесі, комиссары К. А. Гуров шыққан. Танктердің соңында мыңдаған кеңес әскерлері жаяу жүрген. Генерал-майорыА. Г. Батюня оларды басқарған. Әскерлердің беттерінде шаршағандық пен қуаныштың анық іздерін байқап қалуға болады… Олар өздерінің адамдарына қайтып бара жатқан! Барлығы 22 мыңға жуық адам…» [4].
Бірінші эшелоннан кейін штаб генералдары өлімге барған. Немістер әдеттегідей командирлерді мен политруктерді тауып алып, бірінші атқан. Неміс мергендерге қарамай, зеңбірек барлық адамдарды атып өлтіретін болды. Бұл түнде генерал-лейтенатыФ. Я. Костенко, 6-ші әскерді басқаратын генерал-майорыА. М. Городнянский, 47-ші атқыш девизияның командирі, генерал-майорыП. М. Матыкин, 270-ші атқыш девизияны басқаратын генерал-майорыЗ. Ю. Кутлин, 393-ші атқыш девизияның командирі, Кеңес Одағының қаһарманы, полковникі И. Д. Зиновьев, 21-ші танк корпусының командирі Г. И. Кузьмин, 150-ші атқыш девизияның командирі, генерал-майорыД. Г. Егорев, зеңбіректің генералы Ф. Г. Маляров,7-ші танк бригадасының командирі, полковникі И. А. Юрченко [5].
Үшінші күнге орыс әскерінің тықсыруы басылды. Шайқаста түбірлі өзгеріс болды. 6-ші мен 57-ші әскерлерді басқаратын генерал-лейтенанты Городнянский мен генерал-лейтенанты Подлас өздерінің офицерлерімен майдан соғысында мерт жатқан. Тимошенко жеңіліске ұшырады. Қарсыласы басты күштерінен — жиырма атқыш пен жеті кав. девизияларынан айырылды. Қызыл армияның 239 000 әскері тұтқынға алынды. Немістер 1250 танк пен 2026 құралды соғыста түскен олжа ретінде алып кеткен. Кеңес Одағының әскері немістерді қоршап алып, өздері тұтқынға түсті.
Харьковтың оңтүстігінде бұл шайқас осылай аяқталды.

07a48366ea1022e7e84cfbc4ef7d1996.jpg

57dea46e9e1764cd57c479aafb4b6e15.jpg

c92429c1053cb0677715bad6975605e3.jpg

3345c1119b416d9be680e30a628cdab5.jpg

23 мамыр 1942 жыл.

7fea1b78c2aa60d4db5cdab6598b901e.jpg


b08c0e6051fbbcbf286a310ef4dad786.jpg


10c3b168a7ef180e6fecdfc213880cb4.jpg

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Баграмян И. Х. Так шли к победе, М., Воениздат, 1977, 120–121 бб.
2. Пауль Карель. Шығыс майданы. Бірінші кітап. Гитлер Шығысқа барады. 1941–1943. М.: Изографус, ЭКСМО, 2003, 406–407 бб.
3. Баграмян И. Х. Так шли к победе, М., Воениздат, 1977, 121б.
4. Баграмян И. Х. Так шли к победе, М., Воениздат, 1977, 122 б.
5. Сердця, обпаленi вiйною. Харьков, 2010, 11–12 бб.

техн.ғылымд.канд., проф. Майдан Құсаинов, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?