Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырған «Ұлттық мұра» атты тұңғыш автошерудінің баспасөз мәслихаты өтті

1817
ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырған «Ұлттық мұра»  атты тұңғыш автошерудінің баспасөз мәслихаты өтті - e-history.kz
«Ұлттық мұра» автошеруін алдағы уақытта Ұлттық музей ұйымдастыратын ғылыми экспедицияның бастауы деп білуіміз керек.

Таяуда Ұлттық музей  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беретін мемлекеттік лицензия қол жеткізді. Орайы келіп тұрғанда Білім және ғылым министрлігінен ғылыми байқауларға қатысуға рұқсат беретін куәлік алғанымызды да айта кеткім келеді. Енді, біз Ұлттық музей  жанынан үлкен ғылыми-зерттеу орталығын құруды жоспарлап отырмыз. 

4025a9d3ec48591cf54d2a1c1ca89e2a.jpg

f8bd79674c97041d19b015842663f0ba.jpg

Автошерушілер аймақтарда Ұлттық музей қорына бірегей мәдени  жәдігерлерді өткізу туралы тұрғындар арасында ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, музей қызметкерлерінің ұсыныстарын қағазға түсіріп қайтты. Болашақта қолда бар мәліметтер жан-жақты сарапталып, ұсыныстар музей ісін дамытудағы жоспарға енгізіледі. Алғашқы автошерудің өз міндетін мүлтіксіз орындады және мақсатына жетті деп ойлаймын және оның қатысушыларына алғыс білдіремін», - деді журналистерге  ҚР Ұлттық музейінің директоры Д.Мыңбай.

Кезегі келгенде автошерудің қатысушысы, тарих ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Ж. Артықбаев та сөз сөйледі.

«Біздің жобаның басты міндеттерінің бірі – отандастарымызға Ұлттық музейдің ашылғандығы туралы ақпарат беру және оның қызметімен таныстыру болды.

Біздің топ көптеген қалаларға барып, тарихи-мәдени ескерткіштерді көзбен көрді. Жобаның алғашқы кезеңі танысу түрінде өтті. Алдағы автошерулер ғылыми-зерттеу сипатына ие болады деп  үміттенеміз. Біз автошеруге археологтарн мен этнографтарды жұмылдыруымыз керек», - деді ол. 

243e3de689b51e3fbaae718dfb21d987.jpg

9be3858eeec9f22c3cc2ca23737faa91.jpg

93ddcac9adbe0a5ecaccf57a88ad71ec.jpg

c2bed50e4489cb863b7477857bd41465.jpg

 «Мәдени мұ­ра» бағдарламасының қабылданғанына 10 жыл толуына және  Ұлттық музейдің ашылуына орай ұйымдастырылған жоба музей саласы қызметкерлерін мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға жұмылдыруды көздеді.

Алғашқы автошерудің қатысушылары Алматы – Тараз – Шымкент – Түркістан - Қызылорда – Жезқазған – Қостанай – Көкшетау – Астана бағытындағы мәдени-тарихи нысандарды аралап, орталық және оңтүстік аймақтардың музейлерінде болды.

Ұлттық музейдің жобасы алдағы 3 жылға жоспарланған. 2015-2016 жылдары автошерушілер еліміздің Шығыс, Батыс, Солтүстік аймақтарын аралайды.

 «Ұлттық мұра» автошеруі  сапарға 10 қыркүйек күні Алматыдан аттанды.  Осы күні  А.Қастеев атындағы мемлекеттік  музейде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Алматы облысында Ұлттық музей қызметкерлері тарихи жәдігерлердің ордасына айналған Есік және Талғар қалаларында болды.

11 қыркүйек күні автошерушілер Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті.  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Тәкен  Молдақынов автосаяхатшыларды Қарахан,  Айша-Бибі, Тектұрмас кесенелеріне бастап барды. 

e34d5ef581c4e18fcd4c6e60cdcca8d2.jpg

12 қыркүйек күні Ұлттық музей қызметкерлері Шымкенте Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Бауыржан Байтанаевпен, тарих ғылымдарының докторы,  профессор Әнуар Исмайловпен,  мәдениет саласының қызметкерлерімен және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.

Шара шеңберінде ОҚО мәдениет басқармасы Ұлттық музейге Р.Смағұловтың «Қыз ұзату»  картинасын сыйлады. Бұдан кейін автошерушілер ҚожаАхмет Яссауидің туған жері Сайрам (Исфиджаб) қаласына барып, оның әке-шешесі Ибрагим ата мен Қарашаш ананың кесенелерінде болды.

13 қыркүйек күні автошерушілер Түркістан қаласына келді. Жолшыбай олар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы облыстық спорт-музейіне, әл-Фараби атындағы музейге және Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстан-баб кесенесіне соқты. 

1500 жылдан астам тарихы бар қаланың тарихи-мәдени этнографиялық орталығында автошерушілер сала қызметкерлерімен кездесті. «Казреставрация» республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Абылайхан Иманбаев автошерушілеріне Қожа Ахмет Яссауи архитектуралық кешенін, қалпына келтірілген жер асты мешітін аралатып, ежелгі Күлтөбе қаласында  жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарымен таныстырды.

Келесі күні автошерушілер Сығанақ, Сауран қалаларында болды. Ал Қызылорда қаласында Ұлттық музейдің делегациясы тарихи-өлкетану музейінде қала халқымен кездесті.

16 қыркүйек күні «Ұлттық мұра» автошеруі  Жезқазған қаласына жетті. Қала әкімі Батырлан Ахметовтың жеке  қабылдауынан соң автошерушілер тарихи-өлкетану музейінің ұжымымен кездесті. Басқосу барысында  «Қазақмыс» корпорациясының тарихи-өндірістік музейінің директоры Кенжал Балкенов пен  Жезқазған қаласы жастар бастамалары орталығының директоры Ізтілеу Түсіп сөз сөйледі.

Қарағанды облысында автошерудің қатысушыларыЖездітау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы мен ортағасырлық Басқамыр қаласында болды.

Осыдан соң олар қазақ мемлекетінің қадасы  қадалған қасиетті жер, ұлттың ұясы – Ұлытауға табан тіреді. 

bd0c2095bb3abbaf9636adab153cb331.jpg

18 қыркүйек күні «Ұлттық мұра» автошеруі Қостанай қаласына жетті. Облыстық сурет галереясында өткен кездесуге автошеруді «Ssang Yong» жол таңдамайтын көлігімен қамтамасыз еткен «АгромашХолдинг» зауыты директорының бірінші орынбасары Серік  Төлебаев қатысты.

19 қыркүйек күні автошеру  Ақмола облысына келді. Бурабайда олар музейлерді аралап, Абылай хан алаңына барды.

Автошеру кезінде Ұлттық музей қызметкерлері аймақтардағы музейлердің жетістіктерін, проблемалары мен келешектегі даму жолдарын талқылап, тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таратудағы тиімді тәжірибені талдады. Бұған қоса  Ұлттық музей қорына бірегей мәдени  жәдігерлерді өткізу туралы тұрғындар арасында ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп, «Ұлттық қазына» Қазақстан музейлері  Ассоциациясының мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.

Жиын соңында автошеруге қатысушыларға құрмет көрсетілді

Автошеруге қатысушылар:

1. ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары

Ә. Қойлыбаев

2. Тарих ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Ж. Артықбаев

3. ҚР Ұлттық музейінің Консервациялау және қалпына келтіру орталығының жетекшісі Т.Әбілқасымов

4. ҚР Ұлттық музейі Мәдени-білім беру жұмыстары бөлімінің Роза Мұхамеджанова

5. ҚР Ұлттық музейінің Ақпараттық-имидждік жұмыстар орталығының маманы

Г. Өтегенова

ҚР Ұлттық музейінің PR-менеджері  Ә. Күзембаева

6.«АгромашХолдинг» АҚ-ның жүргізушілері Сергей Горобец, Андрей Халецкий, Юрий Тюфеков,

7.  Фототілші Еділ Орманов

8. Оператор Жандос Дүйсекеев. 

ҚР Ұлттық музейінің баспасөз-қызметі


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?