Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тақсай тарағы

2419
Тақсай тарағы - e-history.kz
Бұл бұрынғы замандағы бейнелердің бірі

Зерттеушілердің пікірі бойынша осы жерде б. з. д. І мыңж. ортасындағы ірі тарихи оқиғалардың бірі — екі әлем: ахеменидтік Иран мен көшпелі Даланың қақтығысуы жазып алынды.

Батыс Қазақстандағы І Тақсай кешенін қазу кезінде алтын бұйымдарға аса бай ақсүйек әйелдің қабірі табылды. Осы жерден тұрмыстық бұйымдар және рәсімдік заттар да шықты. Қабірдің оң жақ төменгі бұрышында ағаш сауыттың қалдығы табылды, оның ішінде кішкене ыдыс, келі мен келсап, шағын пышақ болды. 

Қабір ішіндегі заттардың бәрі өртелген және қатты күйген. Моланың ағаш төбесі жанып, құлаған кезде әйел сүйегінің көп бөлігі де отқа күйіп, жойылып кеткен, мыс бұйымдар балқыған. Бірақ ең бастысы — қатты күйіп, көмірге айналған ағаш тарақтың қалдығы сақталып қалған. Тарақ ыдыстың астына қойылғандықтан, оның формасы, тарақтағы сурет анық сақталыпты.

Қазба жұмысы кезінде ағаш тарақтың қалдығын және онда бейнеленген суретті біртұтас күйде сақтап қалу мүмкін болды. Ол үшін топырағымен бірге қиып алынып, мұқият түсіріліп, белгілі қазақ реставраторы Қырым Алтынбековтың қалпына келтіру шеберханасына тапсырылды. Осы жерде тарақтың алғашқы бейнесі қалпына келтіріліп, ондағы сурет туралы барынша мол дерек алынды.

Осы олжаның алғаш ашушылары, тарих ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сдықов және орталықтың ғылыми қызметкерлері есептеуінше Тақсай тарағы дүниежүзінің мәдени-тарихи қазынасына кіреді. Қазақстан аумағында бұл жәдігердің баламасы жоқ.

Тарақ екі жақты, бүтін тік бұрышты пішінді ағаштан жасалған. Тарақ өте жаман күйде табылды: оның көп бөлігі өртпен өрттелген. Ені — 11 см, биіктігі — 17 см, жуандығы — 0,5 см.

7ed8fd460324890a5a28ed0c513149da.jpg

Тарақтың шаш тарайтын бөлігі жоғарғы және төменгі қатарлы тістерден тұрады. Жоғарғы бөлігінде көлденен қимасы жұмыр әр түрлі мөлшердегі 13 ірі тістерден, ал төменгі қатарында көлден қимасы жұмыр шеңберлі дәл тілінген тістер түріндегі мөлшерлері бірдей 79 ұсақ тістерден тұрады. Тістердің екі шетінде қатардың екеуінде қиылған-конус пішіндегі декор ойылған. 

b2a8dd142d0649531aa1d08b8cb20eaf.jpg

Атақты қазақстандық зергері К. Алтынбеков қалпын келтірген Тақсай тарағы

Тарақтың орталық бөлігінде тік бұрышты жақтаушада ұқыпты түрдегі ойылған өрнектермен безендірілген. Жақтауша периметрі бойынша ойып жүргізілген ернеумен қоршалған, осы ернеу бетіне тік бұрышты, ағаштан жасалған қондырмалар жапсырылған, олардың орталығы бойында ұсақ шеңберлер ойылған. Ернеулі жақтаушаның сыртқы, бүйір шеттері тік бұрышты тістермен декорланған. Тарақтың тік бұрышты қоршалған жақтаушаның орталық бөлігінде бір жаяу сарбаздың, арбада отырған екі сарбаздың және оның қарсыласы арасында жүргіп жатқан ұрыстың көрнісі бейнеленген. Бұл көрніс анық бедерлі түрде жасалған. Ұрыстың теке-тартысы жақсы көрсетілген.

Екі дөңгелекті жауынгерлік арбаға бір ат жегілген, бірақ бұндай арбаларға екі немесе төрт ат жегіледі, бірақ бейнеде бір көрсетілген. Шебер жегілген аттың шоқтығында бір-бірімен жалғасатын мойнындағы және кеудесіндегі белдіктерді ойып анық берген. Арба қорабының орталық бөлігінде борттың орталық бөлігінің жоғарғы шетінен төменгі бөлігіне дейін ұзынша келген трапециялар түріндегі өрнектер байқалады. Жоғарғы жағынан вертикальды кертіктер салынған. 

Бұл жауынгердің жанына ілінген қорамсақтың бейнесі болуы мүмкін. Арбаның астыңғы жағынан ортаңғы бөлігінен дөңгелек айналатын ось көрінеді, дөңгелек 8 шабақтан және сыртқы айнала бұдырлары байқалады. 

Жылқылар тоқтап тұрған күйде бейнеленген: бастары кеудеге жақын орналасқан, мойны доғаша иілген, алдыңғы аяқтары бүгілген және жоғары көтерілген. Жылқылардың жалы қысқа. Еріндері анық, аузындағы ауыздық анық көрініп тұр. Божылары кең белбеу ретінде бейнеленген.

6cadbe9aab684084e3e054caf0ac57b4.jpg

Тарақтың ортаңғы бөлігіндегі жауынгерлердің бейнесі

Арбада екі кейіпкер бейнеленген. Скульптуралық композицияда садақтан атып жатқан ер адам фигурасы бейнеленген. Басында төбесі тегіс дөңгелекше келген бөркі бар шашы қысқа қиылған ер адам делбешінің бөркіне ұқсас. Беті төмен маңдайлы, көз қиығы миндаль тәрізді, мұрыны ірі, ұзынша, тура келген. Өкінішке орай жауынгердің ерні және иегі көрінбейді. Бейнеленген бейне бойынша ер адам сақалды болғанын жобалауға болады. Тұтам қысқа қиылған шашы бар. Жауынгердің киген кимі байқалмайды.

28ec09836c15d28a67c2a992f89de0a3.jpg

Салт аттының қаруы — күрделі типті садақ. Жебе сол қолы бойында орналасқан, үлкен саусаққа келіп тірелген. Садақ тұтқасы арқылы тесік өткізілген жауынгер сол саусағымен ұстаған. Оң қолы садақтың адырнасын тартып жатыр, оң қолының саусақтары кеуде тұсында бейнеленген. Адырнаның бөлігі жауынгердің беті алдынан өтеді. Тарақтың оң жақ бөлігінде жауынгердің көзі қарасы қарсыласына бағытталған.

47f335233adc9a1d738c0b8c2697a42a.jpg

Арбаның алдыңғы көрінісінде делбеші аттың делбесін оң қолымен ұстап тұр. Бұл басында төбесі тегіс дөңгелекше келген бөркі бар ер адам. Беті төмен маңдайлы және жіңішке иегімен, көз қиығы миндаль тәрізді, жұқа жақты, мұрыны ірі, ұзынша, тура келген және ерні жіңішке наразылы қымқырылған. Тұтам қысқа қиылған шашы бар. Киген кимі еркін пішіп тігілген кең жеңді, білегіне қарай тарыла түседі. Жеңінің жоғарғы бөлігі, иық бөлігі арба қорабының өрнегін қайталайтын үш бұрыштар түріндегі ою-өрнектермен әрленген. Делбеші белбек таққан.

Бұл жаяу жауынгер аттың делбесін сол қолымен ұстап тұр, ал оң қолы делбешінің жанында жоғары көтерген, соққыға ыңғайланған сияқты. Денесі аттың күшімен итере отырып аздап алға қарай еңкейген, жауынгердің кеуде тұсы аттың танауына тірелген. Ер адам дулыға түріндегі бас киім киген, құлақтары жабық, мидийліктердің бас киміне ұқсас. Беті төмен маңдайлы, көз қиығы ұзынша келген миндаль тәрізді, мұрыны ірі, ұзынша, тура келген, иегі дөңгелекше келген, ерні бір сызықтың бойында бейнеленген. 

Кең шалбар және қысқа көйлек киген белбеу таққан. Сол жақ беліне қорамсақ ілген, қорамсақ шеті жолақты жиектемемен декорланған. Шалбары да жолақты өрнектермен жиектелген. Аяқ кимі қысқа тұмсығы үшкір жартылай етік, бұндай аяқ киімдер жоғарғы шетімен қысқа шеті салбырап тұратын белбеу тартылады. 

Тақсай тарағын зерттеушілердің болжауы бойынша, тарақ декорында парсылар мен сарматтар арасындағы шайқас эпостық түрде бейнеленген.

Тарих ғылымдарының докторы М. Н. Сдықов, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері Я. А. Лукпанова

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?