Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Ұлттық музейі Ботай қонысына алғашқы дала зерттеулерін жүргізді

1902
ҚР Ұлттық музейі Ботай қонысына алғашқы дала зерттеулерін жүргізді - e-history.kz
Жас зерттеушілер Ботай қонысына қазба жұмыстарын белсенді түрде кірісіп, өздерінің алғашқы қауым археологиясы саласындағы танымдарын арттыруда.

Мәдени қабаттарды ашу, артефакттарға тұрпаттамалық және статистикалық сараптама жүргізудің күрделі әдістерін меңгерген олар Дала өркениетінің қалыптасу және даму мәселелеріне қатты қызығушылық танытуда. Аталған экспедиция қазба жұмыстарын жүргізудің тәжірбиелік дағдыларын меңгеруді ғана емес, сонымен қатар зерттеушілердің жеке ғылыми жұмыс тақырыптарын бекіту мен отандық ғылымның дамуына үлестерін қосуды да көздеп отыр.
8970a288035020575ae6ab8ae92810c5.jpg

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ғылыми жұмыстар бойынша директор орынбасары, т.ғ.к. Олжас ШАРИЗДАНОВТЫҢ былай деп хабарлады:
«Ұлттық музей алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстары үшін Ботай қонысын таңдап алуы кездейсоқтық емес. Дәстүрлі қазақ қоғамының көшпелі өмір салтымен өмір сүргені, оның тіршілік әрекеті дала кеңістігімен байланысты болғаны белгілі. Ботайлықтар даланы игерудің бастамасы ретінде жылқыны қолға үйреткен, содан жылқыны көлік құралы ретінде пайдаланған жаңа дәуір қалыптасқан.
Қазақтардың мәдениетінің пайда болу үдерісі мен Еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы осы ботайлықтардан бастау алады. Ботай мәдениеті Қазақстан тарихы үшін маңызды брендтердің бірі болып отыр әрі Ұлттық музейдің экспозицияларының арасынан лайықты орнын алған».
Жұмыс барысы туралы т.ғ.д., археология профессоры, Виктор ЗАЙБЕРТ былай деді:
«Ботай әлемге ортақ мәдени қазына. Ол ғылыми, ағартушылық, туристік мекемелер үшін, сонымен қатар Қазақстанның ежелгі бірегей тарихына қызығушылық танытқандар үшін ашық. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалымен, „Көкше“ Академиясымен, Эксетер Университетімен (Exeter University, Ұлыбритания) бірлесіп ғылыми жұмыстарды жүргізуде. Кешенді зерттеу жұмыстары „Ботай адамының өмір салты“ деп аталады. Аталған ізденістердің нәтижесінде табылған бұйымдар Ұлттық музей үшін жаңа экспозициялар болмақ».

b07ddee6a6473bb43bc4a6a6a8a0517c.jpg

В.Ф. Зайберт археологтар арасында

Экспедиция жұмыстары жалғасуда. Жаңа оқиғалар туралы келесі баспасөз хабарламаларында айтылады.

2014 жылдың 1 тамызында ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысына энеолит дәуірінің бірегей ескерткіші — Ботай қонысына зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін археологиялық экспедицияға шыққанын еске саламыз. Қызметкерлер үшін т.ғ.д., археология профессоры, Виктор ЗАЙБЕРТ Ботай энеолит қонысына жүргізілетін қазба жұмыстарының әдістері бойынша шеберлік-сыныбын жүргізуде.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?