Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Теңдіктегі той

1985
Теңдіктегі той - e-history.kz
Теңдік – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауылдардың бірі. Мұнда қазақтың біртауар ұлы Мұса Шормановтың туғанына 200 жыл толуы құрметіне ұлан асыр той өтті

Бұған дейін жазғанымдай біз «Елқоныс» атты демалыс базасынан ерте шыққан соң Теңдік ауылына бет алдық. Бұл ауылдан да талай ұлы тұлғалар шыққан. Айқандай Теңдікте Қаныш Имантайұлы да туған екен. 

Жалпы, соңғы жылдары Павлодар өңірінде ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтаған көптеген шаралар өтіп жүр, әсіресе жылдан жылға жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Ұлы Дала елі» этнофестивалі облыс тұрғандары үшін ғана емес, алыс-жақын өңірлер мен елдерден келетін қонақтар үшін қызықты шара екені шын.

Ал, Баянауыл елі әрине, облыс бойынша тамаша шараларды ұйымдастырып, өзге аудандарға үлгі болып жүр. Павлодардың басқа аймақтары Баянауыл жұртына қызыға да қызғана да қарайды. Себебі – бұл өңір көптеген ұлы тұлғаларлың атамекені ғана емес, нағыз қазақылықтың ортасы, рухы сынбаған, тілі мүкіс емес, адамдары қонақжай өлке.

Туризм аймағы екені тағы бар. Расында, қай жағынан мақтасақ та жарасады.

Бұл тойды ұйымдастырып отырған да жұртшылықтың өзі, демеушілері елдің арасынан шыққан кәсіпкер азаматтар дегенмен, бұл істен қалыс қалған жан жоқ.

Әкімдік (облыс, аудандар мен ауылдық мекендер) тарапынан тек киіз үйлер әкелініп, ақшаңқан үйлер құрылған.

Халықтың ықыласы ерекше, көңілдерінде қуаныш, бір жылылық бар.

Ол жылылық, қуаныш – атақты Мұса Шормановтың тойы. Халықтың санында есеп жоқ. Мына жерде ақындар сөз жарысына түссе, әр ауданның палуандары өз күштерін сынауда, ең қызығы бұқа көтеруден жарыс болды. Әрине, сырт көзге бұқаны көтеру оңай сияқты көрінгенмен, аяғы байланбаған, испанның корридасындағыдай «бұзық бұқаны» күш атасын танымайтындар ғана көтеретіні белгілі.

Екі қапталда ұзынсонар ұлттық дүниелеріміз саудағы шығарылып, қазанда ет пісіп, қызық күрең шай да қайнап қалыпты. Асықпай-баппен аралап, қасымыздағы іргелес елден келген қонақтарға тіліміз жеткенше бәрін түсіндіріп келеміз. 

Әр елде досың, бауырың, туысың болғаны жақсы ғой. Бір мезетте Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Ризагүл Алексейқызы іздеп келіп аудан атынан тігілген киіз үйлеріне қонаққа шақырды. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болғаны» жақсы, әрине шақыртуды қабыл алып, астан дәм таттық.

Игі тілегімізді айтып тойдың қызығына одан әрі бөлене бердік.

Түс мезгілінде Аққулы ауданы дастархан жайып, қонақасы берді.

«Әу демейтін қазақ болмайды» демекші қонақтар да меймандарды күтіп алушылар да ән мен күйге кезек беріп, бір тамаша отырыс болды. Ұйымдастырушыларға рахметімізді айтып, одан әрі ауылдағы Мәдениет үйіне соқтық және Мұса Шормановтың құрметіне ұйымдастырып жатқан конференцияға қатысып, кейін оның кешеніне барып құран бағыштадық.

Жалпы, Мұса Шорманов кім дегенде оның Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болғанын және қазақ жастарының білім-ілім алуына көп көңіл бөлгенін айта кету ләзім, кезінде көшпелі дала гимназиясын ашу жөнінде Батыс Сібір басшылығына хат жазып, тілек айтқан. Кешен жанында ежелгі жұрты мен мектептің де орны бар екен. Болашақта ашық аспан астындағы музей болады деп ойлаймын.

Сөйтіп, бұл күнгі іс-шараларды аяқтап, орналасқан жерімізге қайта оралдық. Ертең бізді тағы да қызықты сапар күтіп тұр! 

Фото авторлары: Елдос Тоқтарбай, Ермұрат Назарұлы, Нұрсұлу Мырзахмет және Денис Демчук.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?