Осыған байланысты біз оны студиямызға қонақ ретінде шақырдық.
- Сіз негеFacebook-ты таңдадыңыз?
- Жалпы, Facebook-тың шегі жоқ екені белгілі. Егер адамның айтары болса, неге Facebook-та айтпасқа? Мен өзімді Facebook-та соншама танымалмын деп айта алмаймын. Мен өз достарымның арасында танымалмын, олардың саны аса көп емес, бірақ сіз достардың қатарындасыз. Сондықтан да болар, сіз менің посттарымды оқи аласыз.
- Демография, шын мәнінде, сіздің хоббиіңіз бе?
- Шынында солай. Мен кәсіби демограф емеспін. Жалпы, мен – ағылшын тілінің мұғалімімін. Қызмет түрі бойынша мен – аудармашымын, ағылшын тілінің техникалық аудармашысы. Былайша айтқанда, демография менің хоббиім. Мен демографияның өзінен қарағанда, оның жемістеріне көбірек қызығушылық танытамын, осыған акцент білдіріп қояйын. Қазақстанның, сонымен қатар басқа да елдердің статистика агенттіктерінің есептерін зерделеу, талдау жасау қызықтырады.
- Қай елдердің? Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің бе?
- Әрине. Оған қоса, біздің солтүстік көршіміз Ресейдің статистика ведомствосының, оңтүстік көршіміз Өзбекстанның, Қырғызстанның. Қытаймен қиындау. Өйткені, мені Қазақстанмен шекаралас ШҰАА көбірек қызықтырады. Ақпарат өте аз, түсінесіз бе. ШҰАА бойынша ақпаратты басқа көздерден аламын, әрине, жалпыға қолжетімді көздерден. Басқа екі республика бойынша, олардың бірімен шекараласпыз (Түркменстан), енді бірі ортаазиляық республика (Тәжікстан) бұл жерде қиындау. Тәжік статистика ведомствосындағы ақпарат ара-тұра жаңаланады. Түркменстан – жабық мемлекет. Тіпті, бірдеңе жарияланса да, бұл көптеген сұрақтар туғызады. Әзірге осылай. Әзірбайжанның статистикалық мәліметтеріне келер болсақ, өкінішке орай, соңғы екі жылда олар мәліметтерді жиі жаңалап отырады деп айтпас едім. Армения, Украина, кейбір шығыс еуропа мемлекеттері. Мүмкіндігінше, мені қызықтыратынның бәрі.
- Ал халықаралық ұйымдардың ірі сайттары ше? Мысалы, БҰҰ?
- Иә-иә-иә. Білесіз бе, БҰҰ жанында халық саны мәселелерімен айналысатын департамент бар. Меніңше, ол дәп солай аталады – «Халық саны департаменті», ол әр кезеңдегі халық саны бойынша болжамдарын жариялайды. Олардың болжамдары мен есептері, әрине, белгілі бір қызығушылық тудырады.
- Жалпы, демография бойынша барлық цифрлар мен материалдар қолжетімді, бірақ оларды салыстырып, талдап, қандай-да бір қорытынды шығаратындар аз, мәселе осында.
- Арман, шынын айтайық, бұнымен дегенмен, кәсіби демографтар айналысады. Шын мәнінде, мен айналысып жүрген іс жұрттың бәрінің қолынан келеді, тіпті, жоғары сынып оқушылары да айналыса алады. Өйткені, барлық есептер ашық, қолжетімді. Кез-келген адам оларды ашып, салыстыра алады, ол үшін жоғары білім қажет емес. Оның үстіне, навигациясы жағынан болсын, ұсынылған ақпараттың тереңдігі жағынан болсын, ҚР статистика агенттігінің сайты жап-жақсы екендігін айта кету керек. Басқалардың жанында біршама жоғары.
- Не таптыңыз? Қандай қызықты фактілер, цифрлар?
- Бәрі де қызықты: еліміздегі демографияның жалпы жағдайы, ол қалай дамуда, тәуелсіздік алғаннан бастап осы күнге дейін Қазақстанның демографиясы қалай өзгерді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді келешекке көз салып көру. Біздің өңірлердегі демографиялық ахуалға да көз жүгірту қызықты. Айталық, біздің батыс өңірлер бір бағытта, солтүстік, шығыс, орталық өңірлер мүлдем басқа бағытта, ал оңтүстік өңірлер үшінші бағытта дамуда. Яғни бізде демографиялық контраст. Біздегі әр өңір бірегей, екінші өңірге ұқсамайды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, Өзбекстанда және басқа да республикаларда демографияның қалай дамып жатқаны қызықты. Жалпы ақпарат та (халық санының өзгеруі), халық санының табиғи өсуіндегі өзгеріс те қызығушылық туғызады. Халықтың көші-қон картинасының ахуалы да қызықты. Қайталап айтайын, бұның бәрі де біздің стаистика ведомоствосының есептерінде бар. Мен бар болғаны оларды алып, бір-бірімен салыстырамын, ал қорытындысын Facebook-та мені оқитындардың бәрі көре алады.
- Көші-қон туралы атап өттіңіз. Осы жағынан келгенде, қай өңірлер республикадан көшуге бейім, ал қай өңірлер бұл жағынан тұрақты?
- Сіз ішкі және сыртқы көші-қонды айтып тұрсыз ба? Ішкі көші-қонға келер болса, еліміздің оңтүстік өңірлерінен адамдар көптеп көшуде. Бұл – Түркістан облысы, Шымкент. Әсіресе, Жамбыл облысы, Тараз және Алматы облысынан, бірақ, соңғысынан Алматыға көшеді. Оңтүстік өңірлер – біздің екі астанамыздың басты донорлары. Ал, эмиграцияға келер болсақ, көбіне орыс халқы немесе орыстілді халықтар тұратын өңірлер мен облыстардан шетелдерге қоныс аударып жатқаны белгілі, бұның еш құпиясы жоқ. Оларға украиндықтар, немістер және басқа да еуропалық халықтар жатады. Бұл еліміздің солтүстігі, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстары. Статагенттіктің есептеріне қарасақ, соңғы уақытта еліміздің осы өңірлерінен шетелге ең көп көшкен. Ішкі миграция барлық елде де болады. Бұл да сыртқы миграция сияқты қалыпты жай. Қазақстан бұл жағынан алғанда бірегей ел емес. Бұндай үдеріс бүкіл әлемде болады. Ең бастысы, бұл, әсіресе эмиграция қауіпті қарқынға айналмаса болды. Өйткені елден кету – бұл «ақыл-ойдың» кетуі. Мемлекет болашақта осы адамдар мемлекетке пайдасын тигізеді деп оларға, олардың білім алуына қаражат жұмсайды. Бірақ, сонымен қатар бұл әр адамның жеке таңдауы. Әркім шешім қабылдауға құқылы. Егер өзіне қажет деп тапса, ол елден кетеді.
- Жалпы Қазақстан бойынша демография жағдайы қалай? Сіз әр қаланың, әр облыстың өзіндік өсу қарқыны бар дедіңіз.
- Егер сіз жалпы өсу туралы айтып тұрсаңыз, онда иә. Бұның негізгі көрсеткіші – туу. Туу бойынша ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында десем, бұл да құпия емес. Бұл Түркістан облысына да қатысты, Қазақстанның әрбір бесінші азаматы осы жерде дүниеге келеді. Түркістан облысы – еліміздің басты перзентханасы деп айтуға болады. Солтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстанда жағдай нашарлау. Бұл өңірлерде туу көрсеткіші әжептәуір төмен. Салыстьырмалы түрде алғанда Батыс Қазақстанның төрт облысындағы жағдай жаман емес. Соңғы бірнеше жылда Атырау жап-жақсы көрсеткішке ие болып отыр. Одан соң Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Туу көрсеткіші бойынша Жамбыл облысында да жағдай жаман емес, бірақ, көрсеткіштер бойынша облыстан кетуші адамдар пайызы көп. Егер қателеспесем, былтыр Тараз халық санының азаюы бойынша анти-лидер болды ғой деймін. Миграцияға байланысты халық саны 5 000 астам адамға азайған. Тараздың тұрғындары өсмір сүруге Қазақстанның басқа өңірлерін таңдаған.
- Ал Қазақстанды кімдер таңдады? Қайтып оралу және оларды аймақтарда орналастыру жағдайы қалай?
- Ең негізгі бөлікті, әрине, оралмандар құрайды. Оларды оралман дегеннен гөрі репатриант деп айтқан дұрыс, өйткені, бұлар өздерінің тарихи отанына оралған адамдар. Репатрианттар – бұлар біздің отандастарымыз, тағдыр тәлкегімен көршілес: Өзбекстан, Түркменстан, Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық округінде өмір сүріп келген қазақтар. Қазақтар негізінен осы мемлекеттерден Қазақстанға келіп жатыр. Олардың Қазақстандағы орналасу аймақтары да құпия емес. Бұл – Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Алматы облыстары.
- Бұл жағынан алғанда беталыс қандай? Отандастар саны өсуде ме әлде азаюда ма? Меніңше, қазір азайып жатқан сияқты.
- Дұрыс айтасыз. Соңғы жеті жылда иммигранттар саны азайып, ал эмигранттар саны өсіп жатыр. Соңғы бес жылда елімізге көшіп келушілерден гөрі шетелге көшіп кетушілер көп. Былтыр Қазақстаннан 37 700 адам көшіп кеткен, ал көшіп келгені 15 мың адам. Яғни, сальдо шамамен 23 000 адам құраған. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша эмиграция өсуі байқалады, биыл ол көбірек болады деп ойлаймын.
- Қаншаға жетуі мүмкін?
- Жаңа айтып өткенімдей, егер ол былтыр 37000 болса, биыл 50 мың және одан да көп болуы мүмкін. Аз болуы да мүмкін: жыл соңында жағдайдың қандай болатынын білмеймін. Өйткені, эмиграцияның басты бөлігі толығымен жазға, көктемнің соңғы айы мен қыркүйекке келеді. Әзірге есептік мәліметтер жоқ. Адамдардың негізгі легі жылдың жылы мезгілінде көшіп кетеді, дегенмен де, кетушілер саны 45 мыңнан асады деп ойлаймын.
- Статагенттік жыл қорытындысын қашан жариялайды?
- Әртүрлі: айлық мәліметтер бойынша бір мерзім, тоқсандық есептер есептік кезеңнен кейінгі қырқыншы күні жарияланады. Агенттіктің өз күнтізбесі, кестесі бар. Бәрі цифрмен байланысты болғандықтан жіті талдауды, қайта есептеп, қайта тексерулерді талап етеді.
- Мақсат, Орталық Азия мен Еуразия құрлығының жалпы демографиялық сипаттамасындағы Қазақстанның жай-күйі қандай?
- Егер Еуразия құрлығы туралы айтар болсақ, онда Үндістан мен Қытай сияқты державалар бар. Бұл жерде салыстырудың қажеті де жоқ. Егер көршілеріміз, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан туралы айтар болсақ, Қырғызстан өте жақсы өсім көрсетіп отыр. Мен Қырғызстанның соңғы есебін қарағанмын, сонда олардың табиғи өсімі 25% көрсетіп отыр. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Тәжікстан – бұл Орталық Азияның көшбасшысы. Осы жуырда ғана Тәжікстанның 9 миллионыншы тұрғыны тіркелген. Бұл ел қарқынды демографиялық өсім көрсетіп отыр. Демографиялық өсу жағынан алғанда бұл ел екпінді дамуда. БҰҰ есептерінде Тәжікстандағы отбасылардың 55%-ы көпбалалы (6 және одан да көп бала) екендігі көрсетілген. Өзбекстан – серпінді дамып жатқан ел. Бір-екі айдан кейін бұл елдің халқының саны 33 миллионға жетеді. Көпшілік Өзбекстанның халық саны Қазақстаннан үнемі артық болған деп ойлайды. Олай емес. 1976 жылға дейін Өзбекстанның халық саны Қазақстаннан аз болған. 1975-1976 жылдары екі елдің халық саны бірдей межеге жетті де, әрі қарай Өзбекстан басып озды. Қазіргі айырмашылық оразан зор: біздің елде 18,25 миллион адам болса, Өзбекстанда 33 миллион. Түркменстан туралы айта алмаймын, өйткені қолымда толық ақпарат жоқ.
- Біз үшін көршілеріміздегі ахуал өзекті, өйткені NDH порталы «Қиырдағы қазақтар» жобасын жүзеге асыруда. Бұл Қазақстанмен шекаралас өңірлерде тұрып жатқан қазақтардың өмірі туралы деректі фильмдер түсіру. Біздің түсіру тобы Ресейде, Моңғолияда, Өзбекстанда, Тәжікстанда болып, сол елдерде тұрып жатқан қазақтардың күнделікті тіршілігін, салт-дәстүрін, тілі мен мәдениет туралы көріп-білдік.
- Демография – бұл кез-келген елдің тарихында болып жатқан қоғамдық үдерістердің тікелей көрсеткіші.
- Көп рахмет. Сізге әрі қарай да жемісті зерттеулер тілейміз.