Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Тұңғыш Президент тағылымы

3413
Тұңғыш Президент тағылымы - e-history.kz
Құдайға шүкір, қазақтың даласы тойдан босап көрген емес. Арысы Америкаға, берісі батысқа, күллі Орта Азияға сауын айтып талай дүбірлі доданың тұсауын кестік

Үлкен жобаларға бастамашы болдық. Жаһандық татулық пен адами құндылықтың әрдайым қолдаушысы болып, бірлігі кетіп, берекесі қашқан кез келген дүниенің арашасысы, төбел биі бола білді. Төрінен орын беріп татулыққа шақырды. Сондай-ақ, адамзат тарихында алғаш рет ядролық қарудан өз еркімізбен бас тартып әрі әлемді әлемді соған шақырған, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырған да біз екенбіз.

 Мұның барлығы, әрине егемендіктің арқасы. Тәуелсіз қазақ елінің тізгінін Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстаған сарабдал саясат пен салихалылықтың нәтижесі. Бүгінде Қазақ елін күллі әлем таниды. Басында айтып өткеніміздей әлем халқы елімізді татулықтың отаны, 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдерін бір қауызға сыйғыза белген бірліктің символы деп таниды.

Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтеріп 2003, 2006, 2009, 2012 және 2015 жылдары Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төрт бірдей сиезі болып өтті. Оған ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және өзге де дәстүрлі діндердің басшылары мен көрнекті өкілдері қатысып, адамзат тарихында алғаш рет діни диалог өтті. Діни қауымдастықтарды рухани жақындастыруға бағытталған мәнді әңгімелер айтылып, нәтижесінде азаматтарға, халықтар мен үкіметтерге жолданған декларациялар мен үндеулер қабылданды.

1991 жылы 29 тамызда «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойдық. Бұл өте үлкен тәуекел еді. Осындай терең пайымға толы Жарлығы арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық державалар басшыларына тағылым көрсетіп, қарусыз әлемнің көшбасшысы бола алатынын көрсетті.

2010 жылы ТМД елдері арасында алғаш болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынның саммитін өткізіп, Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 елінің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық еттік.

Орталық Азия аймағы мен ТМД елдері арасында да алғаш болып Астана ЕХРО-2017 көрмесі өтті. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы аясында өткізілген бұл көрмеге әлемнің 115 елі мен 22 халықаралық ұйым қатысты. 4 миллионнан астам адам келіп тамашалады. Оның жарты милионы әлемнің 187 мемлекетінен келген шетелдік қонақтар еді.

2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматы қалаларында VII Қысқы Азиада ойындары болып өтті. Бұл қысқы Азиада ойындарында еліміз  барлығы 70 награда алып жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орын жеңіп алды. Оның 32-сі алтын. 21-і күміс және 17-сі қола медаль.  

Оқи отырыңыз: Түрік халықтары бірлігінің тамыршысы

Әрине, мұның барлығы еліміздің беделін көтеріп, абыройын асырды. Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында үлкен бастамалар көтеріп, ғаламдық саясат пен әлемдік дәстүрдің көшіне ілесе алатынын көрсетті.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ үшін жалпы Қазақстан халқы үшін жасаған еңбегі де ұшан теңіз. Енді осы еңбектерінің біразына тоқталып өтсек:

 «Болашақ» бағдарламасы

Бұл бағдарлама арқылы Тұңғыш Президентіміз әлемнің әйгілі университет, академияларынан қазақ жастарының білім алуына жол ашты. «Болашақ» – қазақ жастарына қанат бітіретін бағдарлама «Болашақ» халықаралық стипендиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері аталған стипендия бойынша әлемнің 35 еліндегі 170 үздік жоғары оқу орнын 12 мыңнан астам жас білімін жетілдіріп келді.

Ұлы көш саясаты

Бүгінде еліміз қандас ағайындарды Атажұртқа шақыру туралы тарихи шешім шығарған санаулы үш елдің (Германия, Израиль, Қазақстан) бірі әрі бірегейі болып отыр.

1991 жылдан бері бүгінгі есеп бойынша елімізге 1 млн-ға жуық этникалық қандастарымыз келген.

Тұңғыш Президент сонымен қатар, сырттағы қазақ диаспорасының Қазақ елінде білім алуына жағдай жасады. Соның айғағы, білім алған қаншама жастардың ішінде бірі болып өзім де Қарағанды Мемлекеттік университетін «грант»-пен оқып бітіргенімді мақтан етемін.

«Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру» мәселесі деп аталатын арнайы заң қабылданып, онда былай деп ашық көрсетілген:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың Қазақстан Республикасында білім алуға құқығы бар.

2. Мемлекет шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдеседі.

3. Шет елдегі қазақ диаспорасы үшін білім беру ұйымдарын құру және оған қаржылық-материалдық көмек көрсету халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Астана – Бас қала

 Осыдан 22 жыл бұрын бой көтерген Астана бүгінде әлемнің ең көрікті бас қалаларының біріне айналды. Шетте жүрген әр Астанамамен мақтанады. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті.  Астана күні 6 шілде күні аталып өтіледі. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың көрнекті жерлері

  • Сулы-Жасыл бульвар–Астананың жаңа алаңындағы көше
  • Ақ Орда–Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы
  • Бәйтерек монументі – Астананың символы және басты көрікті жері
  • Тәуелсіздік  сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын
  • Бейбітшілік және келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер
  • Хан Шатыр –  ірі сауда, ойын-сауық орталығы
  • «Шабыт» шығармашылық сарайы – қаланың мәдениет және өнер орталығы
  • «Қазақ елі» монументі – Қазақстан Тәуелсіздігінің символы

Ірі спорттық кешендер

  • «Астана-Арена» стадионы – 30 000 орынға арналған
  • Республикалық велотрек (Қазақстан) – 8 000 орынға арналған
  • Жабық конькиймен сырғанау стадионы – 8 773 орынға арналған
  • «Қазақстан» спорт сарайы – 4 050 орынға арналған, 1 000 тұрып тұруға арналған орын.

Мерғалым ХАНГЕЛДІ 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?