Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түркология оқу залы ашылды

1973
Түркология оқу залы ашылды - e-history.kz
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында танымал түркологтар Немат Келімбетов пен Бейсембай Кенжебаевқа арналған Түркология оқу залының салтанатты ашылуы өтті

Түркология залы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» деген жобаны қолға алу мақсатында ашылды.

Салтанаттың алғашқы сөзін  ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастады:

Бүгінгі өтіп жатқан шараның орны ерекше. Түркологияның арнайы залын ашу – барлығымызға қуаныш. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегінде нақты сөздер бар: «Түрік мемлекетінің алтын ордасы – біз». Бүгінгі шараны ұйымдастырып жатқан ағаларыма үлкен рақмет айтқым келеді. Мереке құтты болсын!

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков:

Бүгінгі залды ашып жатқан ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, құнды кітаптарға жақсы бөлме беріп отырған кітапхана директоры Үмітхан Дәуренбекқызына, барлығына көмектесіп, мұрындық болған Қайрат Келімбетовке шын жүректен алғысымды білдіремін. Барлықтарыңызды құттықтаймын.

деп М. Жолдасбеков сөзінің соңын Немат Келімбетов пен Бейсембай Кенжебаев туралы естеліктерімен бөлісті.

Фальклор танушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев:

– Түркітану – әлемдік деңгейдегі ғылым. Бұл ғылыммен айналысатын адамдар әлемнің түкпір-түкпірінде бар. Атап айтсақ, Америка мен Жапонияда бұл ғылымның қыр-сырымен айналысып жүрген зерттеушілер өте көп. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шығуы іс жүзінде түркі ғылымының алдына қоятын жаңа міндеттері белгіледі деп айтсақ болады. Бұл шара өркениетті тануға, үлкен ғылымның қыр-сырын игеруге көп септігін тигізеді.

Сондай-ақ, шараға қатысушы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов өз атынан 1900 жылы шыққан зоологиялық энциклопедия сыйлады.

Шара барысында қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде басылып шыққан дүниежүзі түркологиясының тарихына арналған «Түркологя. Дүниежүзі түркология тарихы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапты Ш.И.Ибраев пен К.Н.Келімбетовтың редакциялауы арқылы шығарған.

Іс-шара ғылыми-танымал жазушы, аудармашы және түркітанушы Немат Келімбетовке арналған «Қазақстанның қазіргі даму үдерісіндегі түркітану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясымен жалғасты.  

Конференция қатысушылары түркітанудың қазіргі жағдайы мен келешегін, түркі халықтарының мәдени және рухани құндылықтарын дамыту және насихаттау жайында өздерінің баяндамаларын оқып берді. Айталық, Ш. Ыбыраев «Әдебиет тарихы дәуірлеудің теориялық және практикалық аспектілері (Н.Келімбетов зерттеулері негізінде)» деген баяндамамен келсе,  Өзбекстан астанасы Ташкенттен келген ғалым, профессор Н. Рахманов елбасының мақаласының қыр-сырына үңілді. Өзіміздің мықты тілші ғалым, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Шерубай Құрманбайұлы Н. Келімбетовтің өзбек тілінен аударған «Пірімқұл Қадыровтың «Жұлдызды түндер» романының аудармасы туралы» баяндамасын оқыды. Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Аскер Әлішер Науаи шығармашылығын Әзербайжанда оқытылуы» тақырыбында әңгіме қозғады.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?