Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Еуразия тарихшылары бас қосты

1971
Еуразия тарихшылары бас қосты - e-history.kz
27 ақпанда ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тарихшыларының Бірлескен жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті.

Мәжіліске Қазақстан мен Ресейдің белгілі тарихшы ғалымдары қатысты. Оның ішінде: тарих ғылымдарының докторлары  В.В. Трепавлов, Е.И. Пивовар, М.А. Липкин, Д.А. Аманжолова, И.Ф. Попова, Б.Г. Аяған, Г.М. Қарасаев, Ж.К. Таймағамбетов,  М.Х. Абусеитова, Т.С. Садықов және т.б.

Жұмыс барысында 2018-2019 жылдарға арналған Бірлескен жұмыс тобының жоспары үшін басым бағыттарды анықтау, топтың қызметі туралы Ереженің жобасын талқылап, бекіту және т.б. мәселер қарастырылды. Сонымен қатар, екі елдің тарихшылары өте өзекті тарихи мәселелерге арнап әдістемелік семинарлар,  дөңгелек үстелдер, халықаралық  конференциялар өткізуін талап етті.  

Талқылауға арналған ғылыми тақырыптардың І блогы:

1.     Қазақ хандықтарының Ресей империясының құрамына кіру мәселесі.

2.     Қазақ территориясының кейбір жерлері Ресей империясының құрамына кіріп кетуі.

3.     Ресей империясының қазақ жерлерін шоқындыру мәселелері.

4.     1812 ж. Орыс-француз соғысына қазақтардың қатысуы.

5.     1822-1824 жж. Қазақ хандығының жойылу мәселелері.

6.     Қазақтардың Ресей империясындағы сайлау құқықтары.

7.     Қазақстанда зайырлы мектептердің ашылу мәселелері және т.б.

ІІ блок мәселелері:   

1.     Екі ел бірігіп Ресейдегі қазақтардың қалыптасу тарихын жазу.

2.     Екі ел бірігіп Қазақстандағы орыстардың қалыптасу тарихын жазу.

3.     Этнографиялық зерттеулер өткізу. Ресейдегі қазіргі замандағы қазақтардың тұрмысы.

4.     Екі елдің жас ғалымдарының жазғы мектептерін ұйымдастыру.

5.     Қазақстанның жас ғалымдары Ресей ғылыми ұйымдарында тақырып бекітіп, зерттеу жүргізу.

6.     Ресей зерттеушілері Қазақстанның жоғары оқу орындарында тақырып бекітіп, зерттеулер жүргізу.

7.     Көптомдық Қазақстан тарихын жазу үшін Ресей  зерттеушілерін редакциялық құрамына енгізу және де Ресей тарихы жобасына қазақстандық ғалымдарды қосу.

8.     Екі ел бірігіп, SCOPUS базасына енетін журнал жариялау.

 

Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының

директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?