Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Израиль Елшілігі «Алғыс» жобасын қорытындылады

2147
Израиль Елшілігі «Алғыс» жобасын қорытындылады - e-history.kz
1 наурыз – Қазақстанда атап өтілетін Алғыс айту күнінде Израиль Елшілігі екі елдің тату халықтарының ортақ тарихын сақтауды мақсат еткен «Алғыс» жобасын қорытындылады

Жоба өткен ғасырдың 30-40-шы жылдарында Қазақстанға көшірілген еврей халқына көрсеткен қазақтардың көмегі туралы оқиғаларды жинаған еді. NDH интернет-порталы ақпараттық қолдау көрсетіп, жоба барысынан хабар беріп отырған еді.  

Екі айдың ішінде Елшілікке сол кездегі тарихтың бір бөлшегінен хабар беретін, адамдардың қайырымдылығы, адамгершілігі мен өзара көмегі туралы сыр шертетін ондаған хат-хабарламалар келіп түскен. Жеңімпазды анықтаған кезде, жұмыстың жоба идеясына сәйкестігі, дайындалу тәсілі, куәлендіретін құжаттар мен куәліктердің болуы қарастырылды.

Алматы қаласындағы № 69 мектептің 8-сынып оқушысы Рафаэль Акижанов «Алғыс» тарихи жобасының жеңімпазы деп танылды.  Ғылыми жетекшісі Болат Мұңбаевпен бірге олар Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанға көшірілген еврей жазушылары мен ғалымдарына жергілікті тұрғындар мен қазақ интеллигенциясының көмегі туралы маңызды зерттеу жұмысын жазып шыққан.

«Бұл көмекті бағалау қиын. Ол қиын-қыстау кездерде адамдардың бастарында баспаналары да болмай, өте ауыр жағдайды бастан кешірді. Қазақ халқының көмегінің арқасында еврейлер тірі қалып қана қойған жоқ, олар еңбек етіп,Қазақстанның ғылымына өз үлестерін қоса алды» деп атап өтті Қазақстандағы Израиль Елшісі Михаэль Бродский.

Тарихи-мұрағаттық зерттеу жүргізген авторлар Қазақстан аумағына эвакуацияланған еврей халқының өміріне қатысты қызықты фактілер мен тың мәліметтер тапқан, соның арқасында «Алғыс» жобасының қатысушалары алдағы уақытта осы тақырып аясында үлкен ғылыми жұмыс жазуды жоспарлап отыр.

«Осындай жобаны ұйымдастырған Қазақстандағы Израиль Елшілігіне ризашылық білдіреміз, осы жоба аясында біз Қазақстанға көшірілген еврей жазушылары мен ғалымдарының өмірі туралы жаза алдық. Зерттеу жұмысын жүргізген кезде, партия Орталық Комитетінің қызметкерлері де, зиялы қауым өкілдері де, мединституттың қатардағы қызметкерлері де қолдарында бір түйір наны жоқтармен өзінің бір тілім нанын бөліп жеуге дайын болғандығы бізді таңғалдырды» дейді жоба қатысушы Болат Мұңбаев.   

Рафаэль Акижанов пен Болат Мұңбаев Елшілік жүлдесіне – Израильге сапарға ие болды. Сапар барысында олар еврей халқының тарихымен және мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. Ал NDH порталы осы зерттеуден үзінділер жариялайтын болады.   

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?