Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алтайдағы бандылар ісі

12717
Алтайдағы бандылар ісі - e-history.kz

«Мал-мүлкімді талады, кісімді өлтірді, қызымды алып кетті деп бізді бұзық адам көріп, қазақтар жазғырады-ау. Дүниеде не боп жатқанынан хабарсыз, аулынан адым жер шығып көрмеген, аң сықылды жайылған қазақ біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін».

Қайдан оқып едіңіз? Есіңізге түсті ме? Тағы оқыңыз...

«Мал-мүлкімді талады, кісімді өлтірді, қызымды алып кетті деп бізді бұзық адам көріп, қазақтар жазғырады-ау. Дүниеде не боп жатқанынан хабарсыз, аулынан адым жер шығып көрмеген, аң сықылды жайылған қазақ біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін».

Қайдан оқып едіңіз? Есіңізге түсті ме? Тағы оқыңыз...

«Патшамыз соғыс ашқанда, ел-жұрт, отанымызды қорғауға, біз соғысқа бардық. Отанды біз қорғамасақ, орыс күшті жұрт болмаса, осы надан қазақ күн көре алар ма еді? Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың қол астына қарағанына қазақ тәубе қылу керек қой. Анығында қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр? Түндік басы жылына төрт сом алым төлегені болмаса, әскерге ылау, азық бергені болмаса бұларда не шығын бар? Тек қымызын ішіп, қарнын сипап, қатынына қарап, борбайын тыр-тыр қасығанды біледі».

Енді таныған сияқтысыз?! Жалғасын оқимын дейсіз бе? Жақсы онда.

«Әйтсе де біз қазақтан кек алғалы жүргеніміз жоқ. Қазақ жеріне келейік деп келгеніміз жоқ. Ресейде төңкеріс болып, патшаны түсірген соң, өзара екі жарылып, ел билеуге таласқан соң, үкіметті қара жұмысшы мен қара солдатты жақтаған большевиктер алып кеткен соң, біздер, орыстың шын ұлдары құл-құтанға бағынбаймыз деп, соғысып, жеңіліп, қашып келіп отырмыз. Алдымыз қашып, Қытай жеріне өтіп кетті. Біз одан қашқан, бұдан қашқан, жетпіс шақты офицер, білеуіттер Алтайдың бір тығырығына бекініп, қызылдардан жансауғалап жатырмыз». 

О, міне, табуға жақын қалдыңыз. Әлгі... тағы бір ойланыңыз.

«Алдымызда – қылышын сүйреткен қызыл шұнақ қыс. Айналамыздағы қала - қызыл жау. Келешегіміз – аяз, аштық, соғыс, ажал. Бірінен болмаса бірінен өлуіміз хақ. Бүгін болмаса ертең өлуге көзің жетіп отырса, елден-жұрттан, туған-туысқаннан күдерді үзсек, бізді жан екен деп аяйтын адам баласы болмаса, біз қара таласпағанда, біз бой жасамағанда, біз кісі өлтіріп, қыз алып қашпағанда - кім бұларды қылмақ? Біз әзір тіріміз. Тіршілік деген – арпалысып күнелту деген сөз. Ендеше, біз тіршілік қып жүрміз. Бізді қазақ айыптаса, білмегеннен айыптайды».

Міне, таптыңыз. Бұл – жазушы Жүсіпбек Аймауытұлының әйгілі «Ақбілек» романы. Қара мұрт офицердің монологынан үзінділер. 

Алтайда емін-еркін жүрген, сауық-сайран құрған, малын өргізіп қойып мамыражай, барақат жатқан қазаққа тажал боп төнгендердің ойын жазушы керемет ашып берген. Психологиялық шығарманың кейіпкерін қанша жерден типті образ десек те, оның арғы жағында шындық болмысы көрініп тұрады. Өмірлік шындық тұрғысынан қандай, олар кімдер, не қызмет істеді, жауыздыққа қалай жетті деген сауалдарға жауап іздеу үшін әлбетте архив материалдарына сүйену қажет. 

Алтайдағы бандитизм оқиғалары жайлы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының қорында сақталған  материалдар (66-қор, 1-тіз., 51-іс, 191-195-бб.) арқылы танысып, шынайы тарихқа көз жеткізуге әбден болады. Айрықша күштер құрамасы штабының ай сайынғы барлау есептерінде Алтай өлкесінде қандай бандалар тобының болғаны, олардың қалай қимылдап, не жасағандары, тағдырларының соңы қалай аяқталғандары жайлы тың деректер сақталған.

ЧОН штабының Сібір құрама отрядтары байланысты ай сайынғы барлау есебінен (1922 ж.)

Алтай губерниясы.

Алтайдағы бандитизм Сібірдің аумағы бойынша бандитизм жайылмаған басқа аймақтарынан айырмашылығы сонда бұл айқын саяси бояуға ие еді.

     

Сәуірде (1922) жеңілгеннен қашып құтылмақ болып атылған жасауыл Кайгородов «моңғол бароны» Унгерннің тапсырмасын орындап, «жоңғар» генералы Бакичпен «толық байланыста» болды.

Алтайдағы жасақтарды жою кезінде қолға түскен материалдарда «Еркін жеке еңбек туралы», «Құрылтай жиналысы арқылы халық құқығы туралы», «Тиран большевиктік комиссарлар туралы» және т.б. ұрандар жазылған.

Мамыр айынан бастап Колесниковты кейінгі тұлға деп санауға болады, оның бандысы бірнеше рет жұмылдырылғаннан кейін 400 адамға жетті. Солнечная ауылының жергілікті тұрғыны Колесников Кайгородовтың өлтірілген серіктесінің ұлы болатын. Мамырдың 17-інде Колесников өлтірілді. Ал оның бандасы 19 мамырда толық талқандалды. 

Басшы Колесников қаза болғаннан кейін, банда жедел де шұғыл қарқынмен жаңа командирді Солнечная Бункова ауылының жергілікті тұрғынынан таңдайды. Ол 4 OН Бийск полкінің батальон командирімен астыртын байланысып, банданың ендігі бағытын көрсетіп берді. 

Орлов пен Пянковтың бандасы. Осы жылдың ақпан айында жеңіліске ұшыраған 1-орман партизандық полкінің жүздеген бұрынғы командирлері Орлов пен Пьянков Пещая-Белые Ануй өзендерінің арасында әрекет етті. Белый Ануй ауылында олар Мултышкин, Әлімбай, Васильев және 1-партизан полкінің бұрынғы командирі Тырышкиннің шағын бандыларын өз қоластына біріктірді. Бұл біріккен бандада 400-ге дейін қарақшы болды.

Карман Чегураков бандасы.«Демич Чегураков» ордасының жергілікті тұрғыны,  тегі қалмақ Карман Чегураков жасауыл Қайгородовтың қалмақ істері жөніндегі бұрынғы көмекшісі, ретінде белгілі. Оның ағасы Товар Чегураков, ол да атышулы қарақшы, Кайгородовтағы біздің бөлімшелердің қысымымен Хабаров селосынан шығып кеткені үшін өртеп жіберді. Банданың құрамы негізінен қалмақтар. Кайгородовтардың бандысын талқандағаннан кейін Карман Чегураков өз бетінше әрекет етіп, Аргут  өзенінің сағасын жастап жатты. 

Карман Чегураковты подполковник Старков (1920 жылы ол бұрынғы Колчаковский Сатуниннің жазалау отрядында болған) тұтқындады және кйеін Старков банданы басқарды.

Тырышкин мен Мултышкиннің бандасы. Белый Ануй ауылының жергілікті тұрғыны Тырышкин – Кайгородовский тобының 1-орман партизандық полкінің бұрынғы командирі. Банданың құрамыБелый Ануй және Пещана өзендерінің сағасын жайлаған жергілікті тұрғындар. Ақпан айына дейін банданың құрамында 800 адам болған.

Түжелей Алағызовтың тобы. Түжелей – Таулы Алтайдың қалмағы, бастапқыда Кайгородов тобында болған. Банданың құрамы қалмақтар, саны 150 адам. Кайгородовты жеңгеннен кейін ол Қатын өзенінің оң саласы Белкиге, өзен жағасына тығылды.

Угрюмовтың бандасы. Угрюмов алғашында 1-ші орман партизан полкінің командирі болған Тырышкинмен бірге әрекет етті. Соңғысы жеңілгеннен кейін 50-60 адамдық бандысымен Усть-Кан Өскемен аймағына барып, Шарыш өзенінің жоғарғы ағысына тығылып, дербес қимылдады.

Солниковтың бандасы. Солников – Змейногорск ауданының жергілікті тұрғыны. Топтың құрамы жергілікті тұрғындардан құралған. Бастапқыда Солников 20 адамнан тұратын бандамен Змеиногорск уезінің шығыс бөлігінде айуандықпен әрекет етті, содан кейін әр уақытта Кайгородов тобының қарақшыларымен толықтырыл отырды, ол да «Құрылтай жиналысы үшін» деген ұран қойды. Бірақ өзінің бұрынғы мақсаттарын ұмытпай, отбасын, негізінен коммунистер мен совет қызметкерлерін тонауды және өлтіруді жалғастырды. Змеиногорск ауданының түкпір-түкпірінде шағын топтарда әрекет ете отырып, ол біздің бөлімшелермен соқтығысудан шеберлікпен құтыла білді.

Заңғар Кәрімхан 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?