Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойылды

- = -

12 жыл бұрын Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

26540
12 жыл бұрын Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - e-history.kz
Конференцияға отандық оқымыстылармен бірге араб елдерінің ғалымдары қатысты.
2000 жылы 16 қыркүйекте Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға араб елдерінің ғалымдары қатысты. Сонымен қатар қазақ тіліне аударылған «Әз-Захир Бейбарыс өмірбаяны» атты кітаптың тұсаукесері болып, Атырау облыстық қазақ драма театры жазушы Р. Отарбаевтың «Бейбарыс» атты пьесасын сахналады. Шежіре бойынша Бейбарыстың атамекені – Каспий теңізінің маңы, бір деректерде – Еділ-Жайық бойы. Кіші жүздегі Байұлының Беріш руынан деген мәлімет бар.