Бір дәуірді сипаттаған суреттер
06.01.2015 1785
Фотосурет бос ермек емес, фотосурет – бұл ғылым, өнер, фотосурет – бұл уақыт куәгері» (Д.П. Багаевтың күнделігінен).

Осы сөздердің авторы белгілі фотограф, өлкетанушы, Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы, аталмыш музейдің тұңғыш директоры – Дмитрий Поликарпович Багаевтің – өмірілік ұстаныма айналды. 


Ол 1884 жылы Павлодар қаласынан алыс жерде орналасқан Вятка губерниясының Туман ауылында дүниеге келген. 1899 жылы ол ақша табу үшін Павлодар қаласына барады, ал 1905 жылы қаладағы алғашқы фотосалонды ашады. Осы кезде ол Постников отбасының меншігінде болған ағаш үйдің бір бөлмесін жалдап тұрды. Үй Телеграф көшесінде орналасқан. 

1910 жылы шебер бірегей фотопавильонды орнықтырды. Ол қаладағы ең ірі фотопавильон болды. Ішінде табиғи және жасанды жарақтануы қосылған. Фотосуреттердің арқасында Дмитрий Поликарпович күнделікті тұрмыс-тіршілігін кешіп жатады. Дегенмен, ол шынайы өмірдегі көріністерді, қарапайым адамдарды фотосуретке түсіруді көбірек ұнатады. Дмитрий Багаевтің музей-үйі 2001 жылдың 30 қантарында ашылды. Музей ғимараты ХІХ ғ. аяғы – XX ғ. басындағы мещандық тұрмыстың тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылды. 

Асауды үйретіп жатқан салт атты

Егіс даласында

Қызыл киіз үйде

Бұл үйде 1905-1958 жылдарында Дмитрий Поликарпович Багаев қызмет етті, өмір сүрді. Осында ол өзінің алғашқы фотосуреттерді дайындады. 15-жастағы Багаев тау-өндірістік қауымдастықта жұмыс істегенде алғаш рет фотоаппаратты көріп қалды. Фотоаппарат приказчиктің – фотосурет әуесқойының – қолында болды. 

1899 жылында фотоаппарат техниканың нағыз ғажабы болды. Дмитрий одан қатты қызықтырып, приказчиктен фотосуретке қалай тусіру керектігін сұрады. Толық емес он алты жасында алғаш рет фотокамераны ұстаған Дмитрий енді онымен айырылыспай жүрген. Бар бос уақытын фотографиялық істің негіздерін меңгеруге арналған болатын. Оның шығармашылық ізденісі арқасында, ол өзі тұрған жарқын бөлмесінде салонды ұйымдастырып, алғаш келушілерді қабылдады. Қазіргі кезде бұл бөлме музей-үйдің экспозициялық № 1 залына айналды. 

Кейін Багаев 500 рубль төлеп, үйдің бір бөлігін сатып алды. Дмитрий сатып алынған үйдің бөлігіне, оның солтүстік жағынан, фотопавильон орнықтырды. Павильонның құрылысы 1905 жылы Дмитрий Багаев Семей уезінің Генерал-губернаторымен расталған, фотосуреттік жұмыстардың жүргізуіне рұқсат беретін құжатты алған. Музейде Д. П. Багаевтің әр түрлі кезеңдерге қатысты фотосуреттері мен марапаттары жиналған. Олардың арасында 1928 жылғы фотосурет Патенті, Дипломдары мен Марапатау қағаздары – «Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлік айбыны үшін» екі медалі, «Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін», оларды растайтын куәліктер – табылды.


Фотографиялық жұмыстардың өткізуіне рұқсат қағазы Тамбов Қоғамы атынан Мақтау сөзі Ол шығармашылық жұмыстарын елу жылдан астам уақыттың ішінде атқарған. Осы кезде Павлодардық Ертіс маңындағы жерлерде орын алған барлық тарихи оқиғалар оның баға жетпес фотосуреттерінде – төңкеріске, аштыққа, ұжымдастыруға, тың игеру кезеңіне, Ұлы Отан соғысына қатысы бар осы кездегі құжаттарда – өз көрінісін тапқан. 

Төңкеріс ҰОС-ының кезеңі Тың Дмитрий Поликарпович жан-жақты фотосуретші болған. Оның шеберлі қолының астынан табиғат көріністер мен портреттер, кескіндемелер (Усолки, Баянауыл жерлері), бір сюжетке бағынған (халық тұрмысы, этнография тақырыбындағы жұмыстар) фотосуреттер, репортаждар – белгілі бір оқиғаны баяндайтын фотосуреттер – керемет шыққан. Оның фотосуреттері Павлодар, Ертіс маңындағы тарих пен мәдениет ескерткіштерінің әсемділігін ашып, әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кеткен. 

1912 жылы ЯФишердің Теңіз қоғамы Дмитрий Поликарпович фотосуреттерінің көріністері бар ашық хаттарды шығара бастады. Музейде шебердің меншігінде болған заттар – жұмыс үстелі, екі вендік орындық – музейдің қойылымдары ретінде тұр. Дмитрий Поликарпович музейдің директоры жұмыс істегенде осы жазу үстелінің басында отырған еді. Үстелде портативті RHENMETALL BORSIG басу машинкасы тұр. Оны қызы Валентина майданнан әдейі әкелген. 


 Қазіргі кезде бұл бөлме музей-үйдің экспозициялық № 1 залына айналды. Кейін Багаев 500 рубль төлеп, үйдің бір бөлігін сатып алды. Дмитрий сатып алынған үйдің бөлігіне, оның солтүстік жағынан, фотопавильон орнықтырды.

Павильон құрылысы

Осы айнаға қарап қыздар сәнденген Фотосуретшіннің даңқын шығарған фотопортреттер ғана емес. Д. П. Багаев Павлодардың тарихын деректі фотосуреттерінде көрсеткен. Ол өмір бойы ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысып келе жатқан.

Орыс географиялық қоғамындағы Батыс-Сібір бөлімінің корреспонденті болып, облыс бойынша палеонтологиялық пен этнографиялық экспедицияларға қатысқан. Өз бетімен, жаяу немесе ат үстінде ол Павлодардың барлық жеріне барып, аталған өлкенің 50-жастағы өмірін фотосуретке түсіріп үлгерген. Киіз жасау Ұн тартқанда Багаев жас кезінде суретші боламын деп армандаған, сондықтан оның көркемдік талғамы жоғары болған. Мінсіздікке ұмтылған шебер өзінің үйінде фотопавильон орнықтырды, кейін ол Қазақстанда ғана емес, Батыс Сібірде де әйгілі болып кеткен. 


Фотографиялық жұмыстардың өткізуіне рұқсат қағазы

Тамбов Қоғамы атынан Мақтау қағазы

Павильон сәуле техникасының барлық талаптарына сай келіп, төбесі мен қабырғасы әйнектен тұрған, ал бүкіл қабырғаның бойында екі панно орналасқан, «Модерн» стиліндегі жиһаз қызыл ағаштан жасалған. Керемет жабдықталған жұмыс орнының арқасында, фотосуретші жоғары деңгейлі фотосуреттер шығарған. Фотосуреттер музейдің қойылымдары ретінде және павлодардықтардың отбасылық альбомдарында сақталған. 


Революция

ҰОС жылдары

Тың игеру жылдары

Фотопавильонның басты қойылымы – австриялық «FOIGTLENDER & SOHN» фирмасының теңдесі жоқ фотокамерасы, оны Дмитрий Поликарпович 1928 жылы Мәскеу қаласында сатып алды. Келесі жылдардағы фотосуреттер осы камераның көмегімен жарық көрді. 


Баянауылдық бай қазақтың киіз үйінде

Арнайы жабдықталған витриналарда фотосуреттер-миниатюралар (мейлінше әдемі, нәзік істеген суреттер), шыны негативтерді кептіруге арналған, оның қолымен жасалған түпқойма (астына қойылатын сүйемел), фотосуреттің шеттерін кесіп қысқартуға арналған кескіш, Дмитрий Поликарповичтің шыны негативтері, шебердің алғашқы фотоаппараттарының бірі («Фотокор» фотоаппараты) бар.

Жазу үстелі

Жазу машинкасы

Осы айнаға қарап қыздар сәнденген


Сиыршы

Киіз басу

Қол диірменмен ұн тарту

 

Сонымен бірге, музейде фотоаппаратураның топтамасы бар. Мұнда түрлі кезеңдерге қатысы бар фотокамералар сақталып тұр, ең ертесі 1925 жылы шыққан ZEIS-IKON. Витринаның қасында жолға арналған бүктемелі үш аяғы бар фотокамера және 50-ші жылдардағы павильон фотоаппараты орналасқан.

Шыны негативтер 

Дмитрий Поликарпович өмірінің аяғына дейін облыстың басты өлкетанушысы – облыстық тарих-өлкетану музейдің директоры – болған.


Аталмыш музей оның қол тумасы болған. Дмитрий Поликарпович 1958 жылдың 23 шілдесінде қайтыс болды. Ол Пахомов зиратында жерленген. 

Болашақ ұрпақтарға Дмитрий туған өлкесінің фототарихын мұра ретінде қалдырып кеткен. Д. П. Багаевтың жұмыстары Қазақстанда ғана емес, одан тыс аймақтарға да жақсы таныс. 

Уақыт өткен сайын оның фотосурет мұрасының құндылығы мен оған деген қызығушылық арта түсуде.

Алена ДЕМЧЕНКО 

Фотосуреттердің толық альбомы мында

Мақала Павлодар қаласындағы Д. П. Багаев атындағы музей-үймен бірлесе дайындалды.