Зерттеушілердің айтуынша, қазақ ойындарының арғы тегі біздің жыл санауымыздан бұрынғы замандардың өзінде қалыптасып, жүйеге түсе бастаған. Белгілі зерттеуші, этнограф ғалым Зейнолла Сәнік өз зерттеулерінде «Біздің еліміздің ежелгі жазбаларында түскен деректерге қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 400-200 жылдар аралығында хатқа түскен жазбаларға негізделгенде ежелгі үйсін елінде балуан түсіру (Мұны Жаң Чяң, «мүйіздесу» аударған. Сол кезде үйсін балуандары басына мүйіз тағып күресе ме, әлде қазіргі сияқты балуандарды ноқталап «Зеңгі атаның сайысы» деп айрықша баптап әкелетіні сол кезден басталған ба - бұл жағы белгісіз), бәйге салу, арыстан ойыны, тобық ойыны, сырық ойыны және үйсін кыз-жігіттерінің садақ ату мергендігін сынайтын садақ ату ойындары, т.б. ойын түрлерінің болғандығы мәлім», - деп жазатыны бар.
Зерттеушілердің біразы қазақ ойындарын көңіл ашу ойындары, спорттық ойындар және балалар ойыны деп бірнеше түрге бөліп жүргенін айта кету керек. Осылардың ішінде балар ойынынының маңызы өте зор. Жалпы қазақ ұғымындағы ойын мүлдем басқаша ұғымға негізделген. Ойын – тәрбие бастауы, дағдыға, жетістікке бағыттау құралы саналған. Белгілі этнограф Зейнолла Сәніктің жазуынша, қазақ баласын ойын арқылы тәрбиелеген. Керек болса, тіптен бесікте жатқан сәтінен-ақ тәрбиелеуді меңгертуге көңіл бөлген. Нақты айтар болсақ, ойын ұлттық мұра ғана емес, жан-жақты тәрбие құралы.
Қазіргі таңда балалар ойыны деген ұғымға міндеттелмейтін, балаларды қуаныш сезіміне бөлейтін, жеткен ойын нәтижесінен рахат алуға мүмкіндік беретін балалардың қарым-қатынас түрі, әрекеті, ісі деген анықтама берілген. Оны сәл ертерек, түркі әлем айдары барысында «қазақтың ұлттық ойындары», «балалар ойындары», «спортттық ойындар» деген тақырыптарда берген едік. Бүгін біз өткен ғасырдың қырқыншы, елуінші жылдары аралығындағы газет-журналдарға назар аударуды жөн көірпі отырмыз.
«Пионер журналының» осы кезеңдердегі сандарын парақтай отырып, бірнеше балалар ойыны тураы ақпаратқа тап болдық. Бір айта кетерлігі, олардың барлығы да қазіргі таңда ойнала қоймайды.
Мәселен «Пионер журналының» 1947 жылғы №7 санында «Үш ұлт ойыны» деп аталатын қысқа материал жарияланыпты. Авторы ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты Б. Г. Макаренко деген адам көрсетілген.
Енді осы материалға назар аударсақ:
(Ескерту: материалдың жазу тілі сақталады)
Қазақ халқының сүйіп ойнайтын қызықты ұлт ойындары толып жатыр. Ол ойындардың көпшілігі жас балаларды шапшаңдыққа, ептілік пен тапқырлыққа, айлакерлікке баулыйтын, күш-қайраттарып арттырып, шынықтыра түсетін ойындар.
Балалар ойнауға лайықты ойындарының бірі - «қазан доп». Бұл ойынға 5-тен 16 балаға дейін, бұдан да көбірек қатысуға болады. «Казан доп» былай ойналады:
Жерге кеңдігі 3 метрдей дөңгелек (шеңбер) сызылады. Сол деңгелекті дәл ортасынан бір ұра қазу керек, ол «орталық қазан» деп аталады. Шеңбер сызығының үстінен әрбір ойнаушы кішірек шұңқыр қазып алады. Ойынға қатысушылардың қолында ұзындығы бірдей таяқтары болу керек.
Әрқайсысы өздері қазып алған кішкене ұраның тұсында ойын бастаушының қозғалысын, қыймылын аңдып турады. Ал орталық қазанды қоршап тұрғандардың бірі ойын бастайды. Ол, ағаштан жасалған допты (немесе жұмыр тасты) таяғымен қағып орталық қазанға түсіруге тырысады. Өз ұрашықтарының басында тұргандар допты орталыққа жібермеуге әрекеттенеді.
Ойын бастаушы шапшаң қыймылдап, айласын, ептілігін асыра білсе, допты орталық қазанға түсірмеу үшін қақпайлан жүрген бір баланың алдындагы ұрашыққа таяғының ұшын тыға қояды. Ұрашығынан айрылған бала ұтылған болып есеп теледі. Сөйтіп ол ойын бастаушының орнына турады. Сондықтан да ойынға қатысушылар әрі орталық қазанды қорғау керек, әрі өз ұрашығына ойын бастаушының таяғын жолатпай тез қағып жіберіп отыру тиіс. Ал, ойын бастаушы орталық қазанға допты түсірсе, онда ойын бастаушыға басқа адам сайланады.
Қазақтың ұлт ойыны «әуе таяқ» - әсресе жас өспірімдерді мергендікке тәрбиелейтін ойын. Бұл ойынның ойналатын орны- кеңдігі 10×40 метр- дей алаң болу керек. Алаңның шетіне ұзындығы да, көлденені де 2 метрдей екі шаршы сызылады. Бұл шаршылардын аралығы 3 метр болады. Ойнаушылар екі командаға бөлінеді. Әр командада 3-7 адам болсын. Әркім өздеріне күні бұрын ұзындығы 60-80 сантиметр таяқ даярлап алады. Екі команданың адамдары ке-зекпен шаршыға тұрады. Бірінші жақтың ойнаушысы қолындағы таяғы жоғарыдағы таяққа кезеп лақтырып, оған дәл тигізуі шарт. Әуеге лақтырылған таяққа дәл көздеп таяқ тигізген команда жеңген болып табылады. Одан кейін екі команда орындарын ауыстырып ойнайды.
Ал, ойынның ең аяғында таяғын әуедегі таякка көп тигізген команда ұткан болып есептеледі.
Үшінші бір қызық ойын - «доп ұрып түсіру» ойыны. Жерге сызылған дөңгелектің (шеңбердің) дәл ортасына биіктігі бір жарым метр бағана орнатылады. Бағананың басына доп немесе ағаштан жасалган шар не жұмыр тас қойылады. Ойнаушылар екі командаға бөлініп (әр команда 4-6 адам), бір метрлік таякпен допты бағананың қасынан жүгіріп өтіп бара жатып ұрып жерге түсіреді.
Допты көп түсірген жақ жеңеді.
Звено вожатыйы, қазақтың бұл ұлт ойындарын пионерлер лагерінде де, мектеп қорасында да ойнауға болады. Сенің звенонның пионерлері бұл ойындарды қалай ойнағаны туралы редакцияга жазып жібер.
Сондай-ақ аталмыш журналдың 1949 жылғы № 5 (мамыр) санында «жазғы ойындар» айдарымен екі түрлі ойын ережесі берілген:
Қарлығаш
Бул ойынға звено пионерлері тегіс қатысады. Ойынға қатысушылардың колдарында бір-бір таяқ болады. Оған әркім өздерінің белгілерін салады. Бұлардан басқа ұзындығы 80 см қара бояумен боялған бір таяқ болады. Оны «Қарлығаш» деп атайды. Ойынға қатысушының бірі «Қарлығашты» қолына алып, ойын бастаушы болады.
Ойын бастаушы «қарлығаштың» бір жақ ушын жоғары қаратып аспанға лақтырады. Оған тақау тұрған бірінші ойыншы ұшып бара «қарлығашты» көздеп, өзінің таяғын лақтырады. Егер «қарлығашқа» тигізсе, ол 3 ұтыс алады.
Мунан кейін ойын бастаушы «Қарлыгашты» алғашқы жаткан жерінен қайта лақтырады. Келесі ойыншы өз таяғымен оны көздейді. Осы тәртіппен барлық ойыншылар «Қарлығашты» кезекпен атады, тигізгендері 3 ұтыстан алады.
Барлығы «Қарлығашты» бір-бір рет атып болғаннан кейін, ойыншылар алғашқы реттерімен, таяқтарының түскен жерлеріне барып, жерде жатқан «Қарлығашты» көздеп атысады. «Қарлығашқа» тигізген ойыншы 2 ұтыс алады.
Мунан кейін ойынға қатысушылар таяқтарының түскен жерінен «Қарлыгашты» үшінші рет атысады. Тигізгендері 1 ұтыстан алады.
Осымен ойын бітеді. Кімнің ұтысы көп болса, сол ойыншы жеңген болып табылады.
Ойынның тәртібі мынадай:
1. Ойын бастаушы «Қарлығашты» белгілі бір орында тұрып лақтырады.
2. Ойыншылар таяқтарының бір ұшын алдына қаратып лақтырады.
3. Жерге түскен таяқ ойыншының лақтыруға кезегі келгенше, жерден көтерілмейді.
4. ұтысты ең аз алған бала ойын бастаушы болып тағайындалады.
Шенберден шеңберге
Жерге көлденеңі (диаметрі) 6-8 метр етіп шеңбер сызу керек. Ол шеңбердің ішіне көлденеңі 1,5 м тағты бір шеңбер сызылады. Екі шеңбердің орталығы біреу ғана болуы керек.
Ойыншылар екі командаға бөлінеді, әр командада 5-10 нан ойыншы болады. «Қорғанушы» команда eкi шеңбердің сызықтарының аралығында тұрады да, «шабуыл жасаушы» команда үлкен шеңбердің сызығының сыртында тұрады.
«Шабуыл жасаушы» команданың ойыншылары «қорғанушы» команданың ойыншыларын шеңбердің сыртына шығарып әкетуді мақсат етеді. Ал, «қорғанушылар» олардың ойыншыларын шеңбердің ішіне кіргізуге тырысады.
Ойынның тәртібі мынадай:
1. Ойыншылар бір-бірінің қолынан ұстап немесе белдерінен құшақтап тартысады. Аяқтан, мойыннан, киімнен ұстап тартуға рұқсат етілмейді.
2. Бір команданың екі ойыншысы қарсы команданың бір ойыншысына жабылмайды. Өзінің жеңіліп бара жатқан ойыншыларына команда адамдарының көмектесуіне болады.
3. Бір ойыншыны екінші команда өз жеріне тартып алғанымен, ойыншының артында өз жерінде тізбек құрап тартып тұрған ойыншылары болса, ол жеңілген болып есептелмейді.
4. Үлкен шеңбердің ішіне тартып алынған ойыншылар «тұткын» деп аталады, олар кіші шеңбердің ішінде тұрады, ойынға қатынаспайды. Сол сыяқты «шабуыл жасаушы» команданың тартып алған «тұтқындары» да ойынға қатынаспайды, оқшау тұрады.
Кай команда қарсы жақтың ойыншыларын «тұтқынға» көп алса, сол команда жеңген болып есептеледі. Бір ойын біткеннен кейін командалар орындарын бірі-бірімен алмастырып ауыстырады.
З. Байсеитов
Айпақшы, «Пионер» журналының 1949 жылғы № 1 (қаңтар) санында «Қысқы ойындар» айдарымен екі түрлі ойын ережесі берілген екен:
Кысқы ойындар
Көрінбейтін нысана
Ойын басталмас бұрын ойынға катынасушылар ішіне құм немесе топырақ толтырылған кішкене қалталар дайындап алады. Оның сыртына ауысып кетпес үшін әрбір ойыншы өздерінің белгілерін қояды.
Бұдан кейін ойыншылар адам жүрмейтін ынғайлы дуал таңдап алады. Дуалдың арасынан еш нәрсе көрінбеуі керек.
Дуалдык екінші жағына көлденеңі 2 метр шеңбер сызылады, дуалмен шеңбердің орталығының арасы 4-6 метр болуы керек.
Ойыншылар шеңбердің қай тұсқа сызылғанын келіп көргеннен кейін, дуалдың екінші жағына шеңберге карама-қарсы тұсқа келіп орналасады.
Дуалдан 3 метр алыстықта сызық сызылады. Әр ойыншы осы сызықтан мөлшермен кездеп, дуалдың екінші жағындағы шеңберге түсіру үшін қалталарын кезектесіп лақтырысады.
Барлық ойыншы қалталарын лақтырып болғаннан кейін, дуалдын екінші жағына шығып, ойынның қортындысын шығарады. Калталары шеңбердің сызығынан бір метр алыстықта түскенге - 2 одан да алыстап кеткен ойыншыларга - 1 деген бағалар қойылады. Үш рет ойнаганнан кейін ойынның ең ақырғы қортындысы шығады. Бағаны көп алған ойыншы жеңген болып табылады.
«Керінбейтін нысана» ойынын баска түрде де ойнауга болады: Ойыншылар атыс басталатын сызыққа тұрғаннан кейін, ойын бастаушы дуалдың екінші жағына барып, атқыштарға белгісіз жерден, жоғарыдағы көрсетілген көлемде шеңбер сызады. Мұнан кейін ол ойыншыларға шеңбердің көлемін, дуалдан неше метр алыстыкта екенін және қай тұста турғандығын айтады.
«Барлаушының» бұл хабары бойынша, ойыншылар көрінбейтін нысананы атуға кіріседі. Ойынның қортындысы жоғарыдағы көрсетілген тәртіппен шығарылады.
Қарлы нысананы ату
Биіктен ойға қарай ұзындығы 100-200 м. жол белгіленеді. Сол жолдын бойына алыстығы жолдан 3-5м үш түрлі нысана қойылады. Мысалы: 1-нысана қардан жасалған окоп, 2- қардан жасалған адам, 3-қардан жасалған қоян.
Ойынға қатынасушылар 3 ағаш граната немесе қардан жасалған үш допты дайындап, мойындарына асқан сумкаларына салып қояды. Мұнан кейін ойыншылар шаңғымен төбенің басынан бірінен соң бірі белгіленген жолмен төмен қарай сырғанайды. Әр ойыншы шаңғымен келе жатып, қолындағы гранаттарын нысанаға лақтыруы керек. Нысанаға дәл тигізу үшін аздап бөгеліп барып та лақтыруға болады. Кімде-кім нысанаға үш гранатын бірдей тигізсе, сол ойыншы жеңген болып есептеледі.
Бул ойынды жарыс түрінде де өткізуге болады. Онда бірнеше командаға бөліну керек. Бул жағдайда бір немесе екі нысана койып ойнаган жөн. Әр ойыншы нысананы бір-ақ рет атпай, жалпы келісім бойынша 2-3 рет атуға болады.
Ойынның қортындысын басқарушы хабарлайды да, үздік шыққан ойыншыларға «мерген», озып шыққан командаға «мергендер командасы» деген атақтар береді.
Қайыркен
Ұлт ойындары
«Тауқырайдан-тауқырайдан»
Ойнаушылар бірінің қолы бірінің басына жетерліктей қашықтықта дөңгеленіп отырады. Ойын бастаушыдан басқасы жалаңбас. Ойын бастаушы «Тауқырайдан-тауқырайдан» деп, қайталап айта түседі де, өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінің басына кигізе қояды. Көрші де сол сөзді қайталап, оң жақ көршісіне кигізеді. Осылай айналып кете береді.
Бір мезетте ойын бастаушы көзін жұмып аз отырады да, «тақ-тақ» деп өз басын өзі баса қояды.Такия кімнің басында қалса, сол ұпай тартады, яғни ойын бастаушының айтқанын істейді: өлең не тақпақ, болмаса қысқа ертегі айтады.
«Үй артында қолағаш»
Бұл ойынды 10-15 бала, кейде одан да көп болып ойнайды. Ойнау тәртібі: қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап, дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал сияқты бір шүберек затты алады да, дөңгеленіп тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп жүріп былай дейді:
- Үй артында қолағаш, желбау тартам есік аш. Бұл сезді бірнеше рет қайталай береді.
Дөңгелекте тұрған балалар:
- Үй артында қолағаш, жел кірмесін, есік бас! - дейді. Бұл сөз де қайталана береді. Тұрған балалар ұстасқан қолын ажыратпайды. Ол есік ашпағанның белгісі.
Енді:
- «Үй артында қолағаш, желбау тартам есік аш» деп жүгіріп жүрген бала өзі таңдаған бір баланың артынан орамалмен бір соғып қалады да, ора- малды сол балаға тастай сала: Үй артында қолағаш, озам десең, ала қаш» - деп, өзі сол бетімен жүгіре береді.
Осы жайдың боларын біліп, әзір тұрған бала да қолағашты ала сала, әлгі балаға қарай қарама қарсы жүгіреді. Бұл кезде дөңгелекте тұрған балалар:
«Үй артында қолағаш, Колағашты ала қаш, қай бұрын келгеніне есік аш», деп, хормен айтып тұрады.
Екі жүйріктің қай бұрын жеткені әлгі баланың орнына келіп тұра қалады. Енді:
Колағаш, қолағаш,
Жел кірмесін есік бас! - деген сөзді барлық бала хормен тағы да айтады. «Есік» жабылады. Енді әлгі қалып қойған бала манағы сөздермен ойынды қайталап орындайды.
Ойын осылай созыла береді.
Садық Қасиманов.
«Пионер» журналы1959 № 8 саны
Тоғыз құмалақ ойыны
Ел-еркін сөз, терең ойдың көзі. Кай елдін болсын өздерінің тарихына, басынан кешірген өмірлеріне, тұрмыстарына сәйкес әр түрлі асыл қазыналары бар.
Қазақ халқы да, өздерінің басынан кешірген ауыр күндерін, ел камын жеген батырлардың жорықтарын сулу жырлар арқылы кейінгі ұрпақтарына қалдырып отырды. Бұған дәлел «Ер тарғын», «Қобланды батыр», «Алпамыс батыр» тағы басқа жырлар.
Ерте кезде жазу болмағандықтан, еліміздің талай асыл мәдени мұралары, ойлап тапқан неше түрлі қызық және қыйын математикалық есептері, бізге жетпей жоғалып та қалды.
Қазақ халқының ілгергі уақытта ауызша математикамен, әсіресе, алгебрамен шұғылданғанына «Тоғыз құмалак» ойыны дәлел. «Тоғыз құмалак» ойынының фольклорлық маңызы да ете зор. «Тоғыз құмалақ» ойыны - қазақ халқының көшпелі өмірімен, шаруашылығымен, тарихымен байланысты туған ойын. Оған дәлел ойынның аттары. Мысалы: «ТОҒЫЗ құмалак» ойынындағы құмалақтардың жүрістерін «көшу» дейді де, құмалақтардың тұратын шұңқырларын «үй» дейді. Егер ойыншы құмалағы көп үйден жүрсе, онда «бай» көшті дейді. Егер ойынның аяғында ойыншының біреуінің жүрісі болмай қалса, онда оны «атсырады» дейді, былайша айтқанда, кешетін көлігі болмай қалды деген мағнада.
Мінеки бұл жағынан қарағанда, «Тоғыз кумалақ» ойынын халқымыздың тарихи өмірінің, салт-санасының айнасы деп есептеуге болады.
«Тоғыз құмалақ» ойынының қай уақытта және қандай жағдайда шыққаны туралы біздің қолымызда толық мәлімет жоқ, бірақ «Тоғыз құмалақ» ойынын зерттеу арқылы біз төмендегі корытындыға келеміз:
Жаз. Қойлар түскі иірімге жатқан мезгіл. Төбенің басында дем алып отырған қойшыларға ермек керек. Сол кезде олар жерден шұңқыр қазып, қасында жаткан құмалақты қолға алады. Міне осындай жағдайда, толқын арқылы дарияның түбінен меруерттей жарыққа шыққан ғой, дейміз.
Енді сендерді ойынның негізгі ере желерімен таныстырайық.
1. Жүріс.
Тоғыз құмалақ ойынында жүріс жүру үшін ойыншы өзінің бір үйінде жаткан тастардың бәрін алады да, сол тас алынған үйден бастап кашан тастар таусылғанша жағалата бір бірден сала береді. Егер ең акырғы тас карсы ойнап отырған ойыншының үйлерінің біреуіне түссе және ол үйдегі тастардың саны жұп болса, онда жүруші кісі ақырғы тас түскен үйдегі тастардың бәрін алады да, өз қазанына салады (былайша айтканда жеп кояды). Егер ақырғы тас жүрушінің өз үйлерінің біреуіне екінші кісі т.ссе не болмаса қарсы ойнап отырған кісінің үйіне түскенмен ол түскен үйдегі тастың саны (жанағы түскен тасты қоса есептегенде) дақ болса, онда жүруші ештеңе де жей алмайды.
2. Тұздық
Ойын ішінде әрбір ойыншының бір-бір реттен тұздық, жасауға еркі бар. Егер ақырғы тасы қарсы ойнап отырған кісінің бір үйіне түссе және ол үйде екі тас қана жатып, жаңағы таспен үшеу болса, онда жүруші жаңағы үйден тұздық жасайды. Бұдан былай бул тұздыққа түскен тастардың бәрі тұздық жасаушы ойыншының жеген тастары болып есептеледі. Тұздық тек қана «И» үйінен жасалмайды, басқа үйлердің бәрінен жасала береді. Бір ойыншы тұздық жасаған үйге қарсы үйден екінші кісі тұздық ала алмайды.
Мысалы: бір ойыншы «А» үйінен тұздық алса, онда екінші ойыншының А» үйінен тұздық алуға еркі жок. Бір тұздығы бар ойыншының екінші тұздық жасауға да еркі жок.
3. Атсырау
Егер ойынның аяқ кезінде бір ойыншының үйлерінде тастары болып, екінші ойыншының тастары болмаса, онда ол екінші ойыншы атсыраған болып есептеледі.
Былайша айтқанда, оның екі тас қана жатып, жаңағы түскен көшетін көлігі жоқ, жүретін жүрісі жоқ. Бұл жағдайда бірінші ойыншы үйлеріндегі барлық тастарын өз қазанына салады да, ойын- ды бітіреді.
4. Ұтыс.
Ойын аяғында кімде тас көп болса, сол кісі ұткан болып есептеледі.
Техника ғылымдарынын кандидаты Ш. Ыбраев
«Пионер» журналы1949 № 3,4,5 сандары