Қазақ байлары: Жоламан Жандарбекұлы
10.02.2025 610

Семей сонау бағзы заманғы сауда керуені жолдарының тоғысқан, оңтүстік пен солтүстікті, шығыс пен батысты байланыстырып жатқан жолдардың торабы. Түмен хандығы (XV ғ.) кезінен ірі сауда орталығы болған деген деректерде кездеседі. Тек сауда орталығы ғана болып қалмай көптеген елдердің өзара байланыс жасауына да үлкен әсер еткен,бір бірімен қарым-қатынас жасайтын орталық болған. 


Бұл жайында Жанұзақ Қасымбаев  мұрағат құжаттарына сілтеме жасай отырып «История города Семипалатинск (1718-1917 гг.)» кітабында былай жазады: 

«Возникший, как укрепленный пункт, и имевший первоначально в основном военное значение, Семипалатинск по мере своего развития все более приобретал характер торгового центра, сыгравшего важную роль в развитии и укреплении экономических и политических связей между Р оссией и Казахстаном, а также между Россией и так называемыми азиатскими странами и восточными государственными и народами.  Не случайно, по заявлению того времени, крепость Семипалатинская была учреждена "в таком месте, где до сего торговая коммерция от давних лет продолжалась".  С самого основания крепости сюда направлялись караваны из Яркенда, Кашгара, Кульджи, приезжали с товарами и за товарами калмыки, бухарцы, китайцы и даже монголы. Все это с первых же лет существования крепости, обещало огромные выгоды русскому и иному купечеству и доходы казне ввиде пошлинных сборов.

Для контроля производившегося через Семипалатинск торговых операций с азиатским и народами в крепости содержался таможенный смотритель. Но в целом торги  «бывали тогда недостаточными, почему подлинных сумм собиралось мало».1

Ертіс бойындағы сауда кәсібі      

Жалпы Ертіс бойында  XIX ғасырдың соңына қарай 30-ға жуық сауда орындары, жәрмеңкелер болыпты. Семей қаласына жақыны Қарамола (Шар) жәрмеңкесі заманында дүркіреп тұрған сауда алаңы болған.   Біз бұл жерді тек 1885жылы бес дуан елдің билері мен игі жақсылары бас қосып жасаған «Билер Ережесі» қабылданған жер деп қана білеміз және кейбір деректерді саралай келе Қарамола  жәрмеңкесі мен Шар жәрмеңкесі бөлек болғанын білуге болады.  Қарамолада өткен төтенше құрылтай секілді есте қаларлық оқиға болмаған Жетіжар (Бесқарағай), Көкпекті (2 жәрмеңке), Тайыншакөл,Үрлітөбе (2 жәрмеңке), Тұра (Өскемен) т.б.  жәрмеңкелері  бүгінде ұмыт болды, тарихы зерттелмей жатыр. Тіптен Жоламанның қыстауларының бірі болған Ұзынжалда да (Карповка) сауда алаңы болған көрінеді. Бүгінгі күнге дейін жазылған зерттеу мақалалары мен монографиялық еңбектерден біржақты, бір деректерді көшіре жазылған мәліметтерді ғана оқимыз. Соларды оқып отырсаң қазақ даласында орыс басқыншылығына дейін ешқандай тірлік болмаған секілді және сол деректердің өзінде тек орыс патшалығы белгілеп алған Ертіс бойындағы қорғаныс желілерінің ішіндегі, жақын маңдағы деректер ғана көрсетілген. Бұны түсінуге болады, себебі сол кездері қазақ даласындағы сауда-саттық жағдайын қағазға түсіргендер сол желі маңынан ұзап шыға қоймаған. Желілерінен тысқары немесе Жоламан Жандарбекұлы секілді олардың желілерін керек қылмаған, қойған талаптарына бағынбағандарға «залинейный», «заграничный» деп ат қоюмен ғана шектеліп отырған. Тек жол бойы тоқтатып уақыттарын ала берген соң, салық төлеуге біреуі келісіп қалғандары соның қағазымен сол адамның қызметкері ретінде шаруаларын жасап жүре бергенін сол кезден келіп жеткен кейбір деректерден білуге болады. 1901 жылы Н.Коншин құрастырған Семей Облыстық Есеп Комитетінің «Памятная книжка Семипалатинска. Выпуск VI» деген кітапшасының «Материалы для истории Степного края. III. О заграничных обстоятельствах» тарауында Жоламанның Шәуешекке сауда жасап барып қайтқаны жөнінде дерек бар.

Семей көпесі Ш.Ишимовтың сауда өкілі Жоламан Жандарбекұлының Семей Дуаны Басқармасына 1827 жылдың 8 маусымындағы жазбасы.

«Осы жылдың мамыр айында Семейдің 2-гильдиялы көпесі Шәпей Ишимовтың сауда өкілі ретінде орыс елінің әртүрлі тауарымен сауда жасау үшін Семей шекаралық кедені арқылы қытай қаласы Шәуешекке бардым; қазақ даласынан аман-есен өттім, ешкімнен қысым, жәбір көргенім жоқ. Шәуешек қаласына тақағандағы бірінші қытай жасағынан ешқандай кідіріссіз және бөгелместен барлық керуеніммен, арасында тәшкендіктер,татарлар және қазақтар бар 36 жұмыскерлеріммен өтіп, Семейден саудаға алып шыққан 600 жылқы, 400 өгіз, 3 000 қой және орыс тауарларын табысты саудаладық. Шәуешекте болғанымда жергілікті таныстарымнан, жамағаттан, Шәуешекте қоныстанған тәшкендіктерден қытайлармен Қожа арасындағы қақтығыс жөнінде естідім, ол туралы қытайлардың өздерініңде мақтанышпен айтулары бойынша: Шәуешекке хат келіпті, осы жазда Қожамен болған қақтығыста қытайлар Қожаны  жеңіп, оны Қашқардан қуып шығып қалада өздері тұрақтаған екен, бұрын  Қожа басып алған тағы да үш қаланы да қайтарып алып енді оларға қытайлардың өздері иелік етіп отырған секілді, бұдан былай Шәуешекте бұрынғыдай сауда жасауға рұқсат етілген, енді біз арқылы орыс көпестерінде сауда жасауға шақырады, мұнда енді қытай қалаларынан тіптен Бейжіннің өзінен саудагерлер келетін көрінеді; сауда кезінде бізден яғни қазақтардан біздің қолымызда орыс басшыларының жазып берген қағаздары яки рұқсаттары бар ма деп сұрады, өздерінің  Ресеймен сауда байланысын орнатқысы келетіндіктерін жеткізіп, алдағы уақытта орыс үкіметінен олардың кеб-әмбелеріне яғни басқарушы сардарларына жазбаша хабар немесе достық хатын ала келуімізді сұрады. Шәуешекте болғанымызда онда қандайда бір жұқпалы індетпен адамдардың болмаса малдардың ауырғанын естімедік, қытайлар беймарал өмір сүруде. 15 күн бұрын Шәуешектен кері шығып даламен аман-есен осы айдың 7 күні желі бойына жеттім. Бар білгеніммен естігенімді жазып беріп отырмын, соған қолымды қойып беремін» .

Семей өңірінің мұрағаттарын жинастырушы, Семей облысы Есеп Комитетінің жанындағы өлкетанушылар үйірмесі негізінде 1902 жылы Орыс география қоғамы Семей бөлімшесінің құрылуына себепкер болғандардың бірі, этнограф,тарихшы Николай Коншиннің бұл мұрағаттық дерегінен көп мәлімет алуға болады. XIX ғасырдың басында орыстар қытай елімен сауда қарым–қатынасын орната алмай жүргенінде қазақ саудагерлерінің қытай еліне емін–еркін сауда жасап барып жүргенін білеміз. Кірешілер Семеймен Шәуешек арасында 15– 20 күн шамасында жол жүргенінде болжауға болады. Олар жүрген кірешілер жолының сілемдері әлі күнге дейін сақталған. Жол бойындағы бекеттердің кейбіреулерінің тарихы ел ішінде әліде айтылады. Солардың бірі Егінсу бекеті (Үржар ауданы), Қалмақбұлақтың маңына ат шалдырған кірешілер туралы ел естеліктерінде «Семей мен Шәуешек арасында жүктерді қайтара теңдеп, бірер күн дамылдап бел жазар жер Найман қорғаны еді. Екі бағыттың жолаушыларының хабар алмасатыны да осы жер болған» дейді. Найман қорғаны дегендері Найманқаланың іргесі болса керек. Жоламан  Қожа деп отырған Жаһангердің қолжазбасында бұл қамал «Үрімия» деп көрсетілген екен, Шоқанның суретін салып  «Тарбағатай қаласы, Ескі Шәуешек,  Найманқала» дейтіні осы жер. 

Қытай елінің ішіндегі саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлармен таныс Жоламанның Қазақ Елі болашағына алаңдап, орыс басқыншылығына, олардың қазақ даласына өз билігін жүргізіп, қазақтарды бодандықта ұстамақ ниеттеріне қарсы күресі, қазақтардың бір бөлігі отырықшылық салтына көшіп Семейді орыс билігіне бермеу екендігін оның сол кездегі әрекеттерінен көруге болады. 

Жоламанның бұл жазбасынан осы бір сапарында ғана оның  Шәуешекке 600 жылқы, 400 өгіз, 3 000  қой және өзгеде тауарларды апарғанын білдік. Өзгеде тауарлар дегені көпестік құжатын пайдаланған Шәпей Ишимовтың дүниесі болып, апарған малдарының 3\1 Жоламаның өзіне тиесілі болған күннің өзінде оның қаншалықты бай адам болғанын болжауға болады. Және Жоламан орыс билігіне Шәуешек базарына апарған мал санын толық айтқанына да шүбә келтіремін. Жоламан және қазақ саудагерлері жайлы деректерді іздеп талай кітаптарды парақтап шықтым, Рожкова М.К. «Экономические связи России со Средней Азией 40–60 годы  XIX в» (Москва,1963);  Боголепов М. «Торговля  Сибири. Сибирь, ее совреенное состояние и ее нужды»  (СПБ,1908); «Исследование Ирбитской ярмарки на основании переписи в феврале 1880 года» А.Лобов, Е.И.Гасабов. Пермь,1882; Т.К.Щеглова «Ярмарки Западной Сибири и Степных областей во второй половине XIX  века»  (Барнаул,2002); «Ирбитсая ярмарка. Справочная книжка на 1897 г.Екатеринбург, 1897» бұлардың көбісінің деректерін бір-бірімен салыстырғанда көп алшақтықтарды бірден байқайсыздар, оның басты себебі қазақ даласына орыс патшалығының басқыншылығы басталған XVIII ғасырдан XX ғасырға дейін әкімшілік құрылым аумағының тұрақсыз болып, жиі ауысып отырғандығынан, яғни Семей өңірінің кей деректері өзге губерния, округтарына жазылуы  және орыс жылнамашылары қазақтардың кәсіпкерлік деңгейін төмендете көрсетуге тырысқандықтарынан немесе қазақтардың тұрмыс–салтынан мүлде хабарсыз күйде жазғандықтарынан деп білемін.  XX ғасырдың басында қазақ даласының шаруашылығын зерттеген Щербина экспедициясы мүшелері Әлихан Бөкейхан мен В.Кузнецовтың жазбаларын салыстыра оқысаңыз бұлай айтуымның себебін түсінесіздер. Мысалы, бір әулеттің отбасылы балалары бөлек отау болғанымен еншісін алып жеке шаруасын жүргізбеген, кейбір адамдардың бәйбіше мен тоқал ауылдарының бөлек қоныстанған жағдайларының  В.Кузнецов жазбаларында кездесетін түсініксіз тұстарын аса мұқияттылықпен оқу керек.

Ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон 1858 жылы Лондонда басылып шыққан «Шығыс және Батыс Сібір зерттеулері» еңбегінде қазақтардың тұрмыс–салты, әдет–ғұрпы және кәсіпкерліктері, Шыңғыстаудың күміс кені, Зайсандағы балықшылық жөнінде жазғаны белгілі. 1848 жылдың маусым айында Аягөз маңында болған кезіндегі бір оқиғаны:  «Семейде мал өткізушімен әңгімелестім. Ол сатуға 300 жылқы, 7 000 бұқа, 20 000 қой әкеліпті. Олардың бағасы 100 000 сомнан асады» деп жазады. Бұл тек бір ғана адамның бір жолғы базарға әкелген малы. Осындай жағдайды Мәшһүр Жүсіптің «Нүсіпхан» дастанынанда оқуға болады:

«...Ие боп әр шаһарда жақсы атаққа,

Байлықпен он төрт дүкен салған екен.

Әр жерге сауда жасап барған екен,

Сұлуға көздің қырын салған екен.

Өзінде аға да жоқ, іні де жоқ,

Үміт қып төрт қатынды алған екен.

Өлем деп кім айта алар бірден ойлап,

Барыпты Қызылжарға малын айдап.

Айдаған бес жүз қой мен үш жүз атты

Сатыпты Болатнайда бәрін жайлап.

Қызылжар аймағында Болатнай базар,

Нүсіпхан жәрмеңкеге берген ажар.

Жомарттық әр жағдайда жасаған соң,

Мырзаға жамиғаттар салған назар.

Саудасы Болатнайда сәтті болды,

Тоғанақ сексен түйе жүгі толды.

Алдағы болар істі кім болжайды,

Сапары алғашында болған онды.

Болатнайдан шығып келді Қызылжарға,

Артқызып товарларын сексен нарға.

Қасына Қызылжардың Бескөл түнеп,

Жасады тағы сауда хан базарда.

Нүсіпхан көп нәрсе алды сол базардан,

Қайтатын уақыт болды– ау Қызылжардан!...»

Тарихты зерттеу барысында біз жыр–дастандар мен ақын–жыраулардың жыр–термелерінде баяндалатын оқиғаларға тек әдеби шығарма ретінде қарамауымыз керек. Тарихын тасқа қашаған ата–бабамыз тарихты ауыз әдебиетімен де қалдырғанын ескерген жөн. Сонымен қатар ел ішінде айтылатын оқиғаларға да мән беріп, елеусіз қалдырмауымыз керек. Аягөз өңіріндегі Мамырсу маңында өмір сүрген әкелі–балалы Сорокиндер жайлы көп ел біле бермейді. 1819–1882 жылдар аралығында ғұмыр кешкен Петр Сорокин қазақ арасына сіңісіп, осы өңірдің тумасындай болып кетеді. Туғанынан Омбы қазақтарымен араласып өскен  оған қазақтың тіліде, салт–дәстүрі де жат емес еді. Қазақтар Петінке атап кеткен ол әкесімен (1790–1885 ж.ж.) Қытай,Мұңғұл елдерінің үлкен жәрмеңкелерімен қатар Керегежар, Омбы,Түмен қалаларына, Байкөл маңындағы Үркітке дейін сауда керуендерін жүргізіп отырған алпауыт көпестердің бірі болғаны, Сорокиндердің Семейде тері заводын салғаны бүгінде тек көнекөздердің аузында ғана айтылады.

Өткен ғасырлардағы қазақ байларына тек малын саудалап, шеттен әкелген тауарына үстеме баға қосып сатып, баюдың жолына түскен жандар ретінде қарауымыз үлкен қателік. Семей өңірінде алғашқылардың бірі болып I–гильдиялы көпес дәрежесін алған Бұршақ Еспаевтың генерал–губернатор Колпаковскийге Зайсан дуанын құрудың экономикалық жағынан тиімді екендігін дәлелдеп беруінің арқасында 1869 жылы Зайсан дуаны құрылады. Бұл Зайсан өңірінің жабық әскери–шекаралық аумақ болып қалуынан сақтайды және қазіргі тілмен айтқанда еркін экономикалық аймақ болуына септігін тигізеді. Қазақ байлары тек мал шаруашылығымен ғана айналыспай егіншілік кәсібін жүргізгендеріне 1831 жылы Тана  мырза Тілемісұлы  Семейде 10 000 пұт астық сатқан деген дерек дәлел болса керекті. Орыс басқыншылары қазақ даласына аяқ басып, өз заңдарын орнатып алғанға дейін қазақтар ел ішінде де, сырт елге де малын шығарып  емін–еркін саудасын жасап жүрген еді,ал орыстың кеден тәртібі көп іске кедергі болды. 

Бұл жайлы зерттеуші журналист Мұратбек Кенемолдин «Тінібай қажы» мақаласында: «қазақ даласындағы Тінібай тәрізді ірі бай-көпестер мұндай үлкен шетелдік сауда рыноктарына, тек патшалық Ресейдің сыртқы сауда департаменті бекіткен 16 тармақтан тұратын сауда ережесінің бірінші тармағындағы: «к производству торга с Кульджею и Чугучаком допускаются российские купцы 1-й, 2-й и 3-й гильдии. На купцов 3 гильдии сне право распространяется в виде особой, временной меры на пять лет...» деген арнайы рұқсаты бойынша барып қана сауда жасай алған. Мәселен, сол уақытта Семейде жалпы саны жүзге жуық Орта Азиялық сарт пен татар саудагерлеріне қоса, қазақтың Д. Әбласов, Қартабай Іргебаев, Бажал Донгұлбаев, Х. Шреков, Амалдық Өтенов, Д. Байзақов, Жоламан Жандарбеков, Ногайбай Қожанов, сондай-ақ орыс көпестері Кузнецов пен Мясниковтың Бөкен, Алан атты қызметшілері Қытаймен арада сауда-саттық жұмыстарымен айналысқан»2  деп жазады.

Мұрағат құжаттарынан сол заманда саудамен айналысқан қазақтар жайлы бізге жеткен аз ғана деректердің өзінен көп мағлұмат алуға болады. Мысалы, «Годовая ведомость. О пришедших и отшедших Караванах. Семипалатинской Пограничной Таможний. За 1825 год.» деген құжаттың бір бетінде былай көрсетіліпті:     

 

                         О  пришедших    Караванах

Кара

вана

Когда

прибыль

 

Имя караванного начальника

Откуда

прибыль

Наскольких 

верблюдах

или подво

дях

 

14

15

16

 

 

17

18

19

20

21

 

22

23

24

25

26

Январь

16

19

 

 

22

 

24

 

26

30

Февраль

3

 

Кыпчак Кушаев

Буздак Алтаев

Иностранный ташкенец Садыкбай Бездельбаев

Заграничные киргизы:

Бауырсак Бурамбаев

Базарбай Жегалин

Юламан Яндырбеков

Калибек Кучкунжинов

Жанайдар Яндырбеков

Иностранные ташкенцы:

Ахимбет Шкурбеков

Ахимбет Шкурбеков

Алим Салимов

Абдрагим Мамадалинов

Заграничный киргизец 

Испек Исетов 

 

и

и

 

к 

и

р

г

и

з

с

к

о

й

с

т

е

п

е

й

 

 

На 3х подводях

На одной

На одной

 

 

на 2х

на одной

на одной

на одной

на одной

 

на 5ти

на Одной

на одной

на одной

на одной

«Годовая ведомость. О пришедших и отшедших караванах. Семипалатинской  таможни. За 1830 года»4 деген құжаттан Тоқтабай Хайдаров, Алтаяқ Байкутин, Юлдубай Нралин, Жандос Едігеров, Қалибек Аленов, Тлеулес Кайбигенов, Садырбай Қойбағаров, Спан Кушкунчин, Жайдар Яндырбеков, Чайтас Кутубаев, Майтюбек Байтиясов, Илюка Тюльбаев, Ярлыган Найманбаев, Бектас Тышканбаев, Жедабай Сидамкулов деген кірешілердің сауда керуендері қазақ даласы мен қытайдың Құлжа,Шәуешек қалалары аралығында жүргені жазылған.

Әуел баста кірешілердің сауда сапарларын тіркеп қана отырған орыс шекара–кеденшілері кейіннен олардың тауарларының бағасында жазып отырыпты. «Годовая ведомость. Семиполатинской таможни. За 1835 год. О Российских купцах и Азиятах торг производивших привозными и отвозными товарами»5 деген құжатта саудагерлердің тауарларының құныда көрсетілген.  

Ураз Мухамет Ниязов–312; Ибрагим Бюдельев–1620; Ажимамет Нурмамбетов–1110; Касым Муллажанов–5400; Леванжан Умиров–1060; Оразымбай Карыбаев–14106; Тюнебай Акимбаев–325; Рычабай Надыров–154,50; Джюламан Яндырбеков–850; Тинебай Кеукенов–838; Кунан Сакпулатов–280; Найманбай Иречеминов–135; Ният Маметов–102; Чарчата Карамурзин –96; Тегезбай Конуапаев–132 рубльдің тауарын ары–бері алып өткен екен. Кеден бекетінде көрсеткендері бойынша 1831 жылы 1194859,8 рубльге тауар әкеліп, 522178,5 рубльдің тауарын сырт елге шығарыпты. Бұдан бөлек ұсақ саудагерлер 18189,90 рубльдің тауарын әкеліп, 8342,50 рубльдің тауарын сыртқа шығарған екен. Бұл құжатта әкелінген тауардың жалпы құны –1213048,98 рубль; көрсетілген тауар–530550,55 рубль деп жазылыпты.

Сол кезеңдегі нарықтық бағамен салыстырғанда бұл қомақты сома.  Және тағы  бір ескеретін жәйт бұл кірешілердің өз тауарларын толық көрсетпегеніндегі сома. 1825 жылғы шекаралық кедендегілердің тіркеуінде бір ғана арбамен шекарадан өткенінің жазылуы да көп ойға жетелейді. Болжаммен айтсамда жемқорлық деген жегі құрттың қазақ даласына орыс басқыншыларымен ере келгені анық. Сөзге тоқтап, бір ауыз сөзбен талай істің шешімін тауып, уәдесін анттай таныған қазақ ішінің бүліне бастауы да осы кезең еді. Сырт көз сыншы дегендей мұны дер кезінде байқаған орыс патшасы үкіметінің шенділері қазақ халқының салт–дәстүрін, әдет–ғұрпын, тұрмыс тіршілігін зерттеуге кіріседі. Қазақ халқының  этнографиясын зерттеуші  А.К.Гейнстің  « Дневник 1865 года. Путешествие по Киргизским степям»  жазбасы сондай зерттеулердің бірі,  бұл жазба арқылы сол кезеңнің тауар бағасында салыстырмалы түрде білуге болады.

«11 августа.  Чувствую, что я приобретаю беспрерывно новые сведения о кайсаках и стране. Но эти сведения приходят так неуловимо, слагаются из таких дифференциальных величин, что я никак не могу уловить их. Чингис Валиханов обрисовал мне очерк промышленности здешнего округа.

Вот в кратких словах то, что я от него услышал о промышленности киргизов.

Рубахи, чапаны (халаты), тулупы, ергаки на шубы, малахаи (меховые шапки), шалбары, бешметы, камзолы, тюбетейки, вышивка кошем — все это составляет предмет домашних забот, не покупается, а шьется женщинами. Изредка только тюбетейки,преимущественно щегольские, покупаются у ташкентцев.

Женщины, кроме того, шьют на продажу: тайтеры — шубы из годовалых жеребят.Они продаются крестьянам на ярмарках в окрестных селениях и городах на линиях. Шьется в тех аулах, где большое количество лошадей. Женщины же шьют на продажу крестьянам армяки из невысоких сортов армячины. Последние, будучи сделаны из чистой верблюжьей шерсти, дороже. Большею частью верблюжью шерсть перемешивают с бараньей.

Армяки носят все небогатые киргизы: джатаки, работники. Армячина для такого обширного потребления получается в Кокчетавском округе, где мало верблюдов, от Баганалинских волостей Атбасарского округа.

Седлы. Каждый прибор изготовляется каждым кайсаком для самого себя. Арчаки в Кокчетавском округе приготовляют не только для себя, но и на продажу, променивая баганалинцам на армячину или продавая за полтора ягненка (за 1 руб.).

Кошмы делаются всяким для себя. Имеющие большие стада баранов приготовляют на продажу. Из шерсти 25 баранов делаются большие кошмы. Аршин кошмы стоит до 1рубля серебром.

Кереге (остов юрты) и деревянные части кибитки делаются в большом количестве на продажу в Кокчетавском округе, Андагул-Ораз-Баимбетовская волость особенно этим занимается. В Баимбетовской волости до 1000 кибиток, и почти все занимаются выделкою кереге на продажу. Продают они в Кокчетавском округе и баганалинцам, при кочевках на Иртыше. Деревянная часть кибитки стоит от 10 до 35 рублей серебром.

Арбы (двухколесные телеги) делаются также в значительном количестве в Кокчетавском округе. Особенно много занимается постройками и продажею арб Ондай-Рысаевская волость. Арба, смотря по достоинству, стоит от 1-2 рублей.

Чашки, ковши, блюда для мяса и кебеже изготовляются так же, как все деревянные изделия, в большем количестве в Кокчетавском округе. Специально выделкою этих поделок занимается Иманалы-Киреевская волость. Она продает свои произведения не только во всем Кокчетавском округе, но отпускает баганалинцам, акмолинцам и атбасарцам. Эти вещи возятся и в другие округа и продаются на месте приезжающим за ними жителям безлесных стран. Тегене — миска для кумыса, некрашеная, из лучшего корня (то, что у нас называется карельской березой) стоит полтора рубля; простого дерева— 10, 25 копеек и более.

Ковши деревянные (ожау) из корня стоят 3 руб., простой же — от 30 копеек и выше. Ковши из рога каменного барана (самый рог привозится из Улутау) — 3 руб. Блюда для мяса (табак) — род деревянного подноса — от 15 коп. и далее, из корня —  1/2 рубля.

Кебеже — ящик для хранения копченого мяса средней величины стоит от  1/2 до 2 руб. 

Кровати кайсаками выделываются также на продажу в Кокчетавском округе. Простая стоит 3 руб.; украшенные резьбою, костью, красками и зеркальцами — до 20 рублей».

Орыс басқыншылары қазақ халқын өркениеттен жұрдай жабайы халық ретінде көрсету  қазақ жерін өз иеліктеріне алудың оңай жолы деп білді. Қазақтарды сауда жасай алмайтын, мал қиынан өзге ештеңе көрмеген халық ретінде үнемі көрсетіп  отырған. «Киргизская степная газета» шығарылымының 1898 жылғы 31 мамыр күнгі санында мына мақаланың жариялануы да соның бір дәлелі:     «Обман казахов купцами.

Обманывать, обвешивать и обмеривать простодушных киргизов было

общим правилом. Киргизы хорошо помнят и рассказывают, как один из них (торговец-татарин ) торговал серенками (спичками), которые он выдавал за “священный огонь”. Киргизы верили и покупали “священный огонь”, давая за коробку спичек по барану и даже более; другой, из будущих богачей, продавал киргизам... леденцы, выдавая их за отвердевшую слюну Магомета».

Бұл мақала қазақтарды масқаралай отырып ұлт атауын бұрмалағандарымен қоймай қазақ даласында мұсылман дінін насихаттау үшін  өздері қоныстарын аудартқан татар ұлтымен араздық туғызу мақсатында жазылғаны анық. Біреудің қолымен от көсеу деп осыны айтса керек. Қазақ даласын жаулап алу кезінде көп қарсыласуды көрмеген орыс патшалығы өз заңдарында қазақтарға өктемдік танытуды ашық білдіре бастайды.

«Дополнения к царскому Указу об административном

управлении в Казахстане

21 марта 1891 г. 

    Статья 62. Уездные начальники определяются и увольняются генерал-губернаторами по представлениям   губернаторов. 

Помощники уездных начальников, участковые приставы определяются 

и увольняются военными губернаторами. Дополнить примечанием: означенные должности замещаются по возможности лицами, знающими туземное наречие.

    Статья 64. Уездные начальники и участковые приставы имеют право подвергать туземцев за маловажные поступки и ослушание законным распоряжениям властей, первые — арестом не свыше семи дней или денежному взысканию не свыше 15 руб., а вторые — аресту не свыше трех дней или взысканию не свыше пяти рублей.

Статья 106. Cледует дополнить, что должностные лица туземной администрации награждаются почетными халатами и денежными выдачами по усмотрению генерал-губернатора за знание русского языка, так как для сближения туземцев с Россиею в видах правительственных необходимо всеми средствами поощрять распространение государственного языка среди туземного населения». 

Орыс басқыншыларының қазақ даласына достық пиғылмен келмегенін Жоламан Жандарбекұлы секілді көзі қарақты көкірегі ояу қазақтар ерте бастан аңғарып қарсыласу әрекеттерін жасайды. Шамамен 1799 жылдары дүниеге келген Жоламан өмірінің соңына дейін күресіп өткен. Оған дәлел сол заманның бүгінге жеткен азғантай ғана мұрағаттық құжаттарымен, ел аузында айтылып жүрген оқиғалар. Жоламан өмірінің арпалыспен өткеніне мұрағат құжаттарын оқи отырып көз жеткізуге болады. Ел мойнына бодандық қамыты киіліп, ел еңсесі езіліп бара жатқанын аңғарған Жоламан күрес жолына түседі. Оның Ертіс бойына ел қондырып, қазақтардың біраз тобын отырықшылыққа бейімдеуі замана ағымынан қалмай, өзге елдердей өркениетке бет бұру керектігін қалың жұртқа ұғындыру емей немене.

Ұлттың сүт бетіне шығарларын айлакерлік тәсілмен алдап ұстағысы келген орыс шенеуніктерінің әрекеті Жоламан алдында тас талқан болғанын мұрағат құжаттарынан көрініс береді. «Общее управление сибирскими киргизами» деген мекеменің (Омбы қ.) 1847 жылдың 9 шілдесінде «пограничное управление сибирскими киргизами» деген мекемеге (Семей қ.) жазған хаттарында Жоламан Жандарбекұлының «Вертевский аралын» (бұл арал емес Ертіс өзенімен Құртоған өзенінің сағасы болса керек) Сібір желілік әскерінің қажеттілігіне беруді талап ету керектігін, Жоламан Жандарбекұлына оның 1839 жылы «халатпен» (шапан болса керек) марапатталғанын ескерту керектігін айтып жазған хат ҚР Орталық Мемлекеттік Мұрағатында 374 қор, 1 тізімдеме, 51 істе сақталған. Осы шабындық жер мәселесі төңірегіндегі сөздің  бір хатпен шешілмей тағы да бірнеше хаттың жазылуы Жоламан Жандарбекұлының қайсарлығын білдіреді. Осындай қайсарлықтың арқасында «қазақтарға 10 шақырымға дейін жақындауға болмайды» деген Ертіс бойының сол жағалауында жоғарыдағы хат жазылған жылдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын Алаш қаласының негізі болған қазақтар қонысы құрылған еді.

Пайдаланған әдебиеттер: 

1).  Жанұзақ Қасымбаев «История города Семипалатинск (1718-1917 гг.)» 

    Алматы, 1998.  57-58 бб.

2).  Мұратбек Кенемолдин «Семей–Алаштың жүрегі» Семей , ZHARDEM. 2024  19 б.

3).  ҚР ОМА, 478 қор. 2 тізімдеме. 465 іс.

4).  ҚР ОМА, 478 қор. 2 тізімдеме. 124 іс.

5).  ҚР ОМА, 478 қор. 2 тізімдеме. 129 іс.

 

                     Серікбек Болатбекұлы, өлкетанушы