Ақпан революциясынан кейін қазақтарда жергілікті халықтың дәстүрлі тұрмысына, қазақ тілі мен мәдениетін сақтауға және таратуға, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрып жатқан өзге ұлттардың мәдени ерекшеліктерін құрметтеп, олардың құқықтарын сақтауға негізделген әділетті сот тәжірибесін іске асыратын заңға арқа сүйеген ішкі әкімшілік жүйені құруға мүмкіндік беретін өз автономиясын құру үміті пайда болды.
Әлихан Бөкейхан мен оның үзеңгілестерінің басты мақсаты – автономиялық республиканың нақты қағидаттарын сақтай отырып, Алаш ұлттық автономиясын құру болды. Алайда ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі саяси режим мен түрлі саяси партиялар алаштықтар мен оларды қолдайтын жергілікті тұрғындардың едәуір бөлігінің мүддесін бөліспеді. 1916 жылғы 25 маусымда 19-43 жас аралығындағы бұратана ұлттардың барлық ер-азаматтары армия мен тыл жұмыстарының қажеттіліктері үшін қорғаныс құрылыстарын жасау бойынша жұмыстарға тарту туралы жергілікті халыққа қатысты әділетсіз жарлық жарыққа шықты. Патша жарлығы қазақтар арасында ұлт-азаттық көтерілістердің басталуына себепші болды.
Билікке қарсы шығудың одан да көп адам өліміне алып келетінін түсінген Әлихан Бөкейхан халықты үкімет шешіміне қарсы келмеуге шақырып үндеу тастады. Адамдарды тыл жұмыстарына жіберу, олардың отбасыларын жазалаушылар құтқарып қалуы мүмкін еді. Көтеріліске шыққандар ұлттық мемлекеттіліктің әкімшілік жүйесін- қарулы күштерін, биліктің хандық жүйесін,салық салу, әскери уақыт үшін қажетті тәртіптерді және т.б. қалпына келтірді. Алайда, қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық ахуалы нашарлай түсті. Жазалаушылар бағынғысы келмегендердің шаруашылығын тонады.
Қазақтардың бір бөлігі Қытай мен Моңғолия асып кетті. 150 мыңға жуық халық тыл жұмыстарына күштеп әкетілді. Патша билігінің беделі түсе бастады. Ақпан революциясы туралы хабарды қазақ халқы қуана қарсы алды. Самодержавиенің орнына келген Уақытша билік өз ұрандарымен қазақ демократиялық интеллигенциясына сенім ұялатты. Отар халықтар өз мемлекеттік айқындалуларының уақыты келді деп сенді. Қазақстанда Уақытша үкіметтің жергілікті органдары пайда бола бастады. Әлихан Бөкейхан Торғай облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары болды. Бірақ, Уақытша үкімет бұрынғы режимнің барлық сұрақтарын бірден шеше алмады, көбіне ол самодержавие саясатын жалғастырды. Ол ұлттық мәселе мен аграрлық сұрақтарды шешуден қашқақтады. Осылайша, қазақ халқын қатты толғандырған ұлттық автономия мәселесі жауапсыз қалды.
Ақпан революциясы самодержавиені құлатып, помещиктердің жағдайларын біршама төмендеткенімен, Қазақстанның Ресей империясы құрамында болған кезде жоғалтқан жерлерін қайтара алмады. Революция өлкедегі әлеуметтік-саяси шиеленісті ішінара шешкенімен, қарапайым халық пен орталық биліктің бұдан әрі қарайғы конфронтациясы мәселесін шеше алмады. Уақытша үкімет іс-қимылының орыс монархиясымен «сабақтастығын» басқару аппаратынан көруге болады.
Жергілікті жерлердегі билік облыстық комиссарлардың қолдарында шоғырланды – олардың функциялары революцияға дейінгі губернаторлардың функцияларына ұқсас болды, ал ояз бастықтарының басқарушылығы ояздық комиссарлардың іс-қимылдарына қатты ұқсады. Уақытша үкіметтің батылсыздығы қоғамда жаңа толқулар туғызды. Адамдар түбегейлі өзгерістерді күтті. Большевиктердің ізбасарлары көбейіп, олар күш ала бастады. қазақстанда Жұмысшы және солдат депутаттарының советтері құрыла бастады. Оларды ұйымдастыруда Жұмысшы және солдат депутаттарының советтерімен бірігіп кеткен социал-демократтар мен эсерлер партиялары үлкен рөл атқарды.
Ескі күнтізбе бойынша 1917 жылғы 25 қазанда, ал жаңаша 7 қарашада, Қазан революциясы болды, соның нәтижесінде Уақытша үкіметтің қызметі тоқтатылды. Советтердің «Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы», «Патша билігінің езгісінде болған халықтар бостандығы туралы» деген сияқты ұрандар қазақтың кейбір қоғам қайраткерлерінің сүйіспеншілігін тудырып, олар халықты большевиктер қатарына шығарды. Бірақ, Советтер өздерін ұлттық автономияларды құрушы ретінде айқындаған жоқ.
Әлемдік пролетариат идеологиясы, бүкіл жұмысшы табының салтанаты, коллективизм қазақ мемлекеттілігін құру идеясына қайшы келетін. Бұл ретте Керенский үкіметінің құлауы әлі де болса большевиктердің салтанатын білдірмейтін, олардың жеңісі бұрынғы империяның барлық халқының жеңісі емес еді. Жергілікті жерлерде ескі тәртіптің жергілікті органдары, ұлттық-демократиялық ұйымдар сақталды, түрлі өңірлерде казак әскерлерінің басшылығы болды – олар қазан төңкерісін Ресейдегі заңды билікті озбырлықпен басып алу деп сынады.
Олардың бәрін совет үкіметін және ол жариялаған бағдарламалық идеяларды мойындамау біріктірді. Большевиктер мен «Алаш» партиясы мүшелерінің идеологиялық және саяси позицияларының ымырасыздығы екеуінің арасындағы текетіреске әкелді. Қазақ халқының бір бөлігі социал-демократиялық партияның бағдарламасын ұнатып қарады. Большевиктер партиясының қарулы текетіресінің басты күштері казактардың жоғары билігі, кадет, эсер, ұлттық социалистер мен меньшевиктердің жергілікті ұйымдары болды.
Әлихан Бөкейхан қазақ жігіттерін милиция қатарына шақыруды бастады. Ол Қазақстанның түрлі облыстарындағы ұрыс барысы туралы жаңалықтарды жіті бақылап отырды. Алаштықтар совет үкіметіне қарсы ұйымдармен байланыс орната бастады. Бөкейхан Орынбор казачествосының атаманы Дутовпен және Башқұрт әскери кеңесінің төрағасы Ахмед-Зәки Уәлидимен байланыс орнатуға тапсырма береді. Қазақстанның түрлі қалаларындағы Алаш комитеттері өздеріне қазақ халқының өкілдері миссиясын алуы және «Сібір уақытша үкіметінің жергілікті өкілдерімен» байланыс орнатып жұмыс істеулері керек болды».
1918 жылдың 6 (19) маусымы Мәскеуде эсерлер көтеріліс жасады. Осы күні кешкі 6-лар шамасында Алашорданың әскери құрамалары Семейге кіріп, Никольский шіркеуінің алдынан салтанатты шерумен өтті. Парадты Алаш Орда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан қабылдады. Алаш әскери бөлімшесінің командирі подполковник Тоқтамысов үкіметті «Алла жар!» сөзімен қарсы алды. «Алла жар!» – деп жауап қайырды отряд, содан соң жауынгерлер алаңнан шерумен өтіп, майданға аттанды.
Азамат соғысы кезінде күш басымдығын анықтау үшін ақтар да, қызылдар да Алаш Орда үкіметімен – қазақ халқының ресми билік органымен санасуға мәжбүр болды. Ал Алаш Орда үкіметі Ақтар қозғалысының, алдағы уақытта Советтердің де жаңа өңірлік үкіметтерімен байланысу мүмкіндіктерін жоққа шығармады. Сцилла мен Харибда (Советтер және Ақтар қозғалысы) арасында қалған Алаш Орда үкіметі, большевиктерді жеңу болашақ Құрылтай жиналысының Қазақстанның да, Түркістан өлкесінің де мемлекеттік-территориялық автономиясынмойындауға мүмкіндік береді деген үмітпен, Ақтар мен көтерілістік қозғалыс жағына шығады. Қазақ демократиялық интеллигенциясы мен бірдержавиелік Ресей жақтастарының ортақ жауы бір болып тұрған кезде, олардың қызметтестігі мүмкін болып тұрды. Ақтар қозғалысы орыс емес халықтардың ұлттық қайта түлеуі туралы ойды жоққа шығарды.
Әлихан Бөкейхан большевиктер мен олардың қарсыластарының арасында жүрді, өйткені, бір жағдайлар туындап жатса, мысалы, қарсыластардың бірі билікті жаулап алу қаупі төніп жатса, олар Алаш автономиясын мойындауға мәжбүр болады деп үміт артты. Бірақ, тарих көрсеткендей, большевиктер де, олардың қарсыластары да, түрлі сылтауларды басшылыққа ала отырып, Бөкейханның және өз мемлекеттілігін алуды армандайтын өзге де қазақтармен ұлттық автономия идеясын бөлісе алмады. Олар ірі ұлттық топтың көмегімен күш теңдігін өздерінің жағына қарай басу үшін қазақ саяси тобымен жалбақтады, бірақ бұның бәрі уақытша ғана шара болды. Жеңіске жеткеннен кейін олар ұлттық автономия құру құқығын талап еткен қазақ жұртшылығымен санаспаушы еді.
1918 жылғы наурызда Сталин мен Алаш партиясының белсенді мүшесі Халел Ғаббасұлы арасында әңгіме болып, онда совет үкіметінің атынан Сталин қазақ автономиясын шын мәнінде мойындайды: «Бізге берілген Бүкілқазақ съезінің шешімі жоғарыда көрсетілген ережелермен толық сәйкес келеді». Бірақ, әңгіме ауызшадан әрі қарай өрбімеді.
Азаматтық соғыс Қазақстан мен Түркістанның өзін-өзі билеу мемлекеттілігі мәселесін шеше алмады, ол әр елді мекенде, қалада, деревня мен ауылда зорлық-зомбылық, кісі өлімін, аштық пен қырылып-жойылуды тудырды. Террор, жаппай кісі өлтіру, атулар, тонау, аштық, көтеріліс, эпидемия күнделікті өмір элементтеріне айналып кетеді.
Алаш Орда үкіметі 1917 жылғы желтоқсаннан 1919 жылғы желтоқсанға дейін екі жыл өмір сүрді, ал, заң жүзінде 1918 жылғы 22 қазандағы (4 қараша) Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің Жарлығы бойынша жұмысы тоқтатылды. Бірқатар себептер Алаш жоспарын іске асыруға мүмкіндік бермеді.
Ақыр соңында жеңіске жетіп, тарих барысын өзгерткен совет билігі Алаш партиясының көшбасшысы және қазақ ұлттық автономиясын құру идеясы үшін жанталасқан Әлихан Бөкейхан үшін қайғылы болды, ол туған тілін, ұлттық мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін оқып-үйренуде көптеген халықтардың құқығының басып жанышталуына себепші болды.