Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Атлан Мандоки: Қазақ қызға үйленем...

2157
Атлан Мандоки: Қазақ қызға үйленем... - e-history.kz
NDH порталы алыс-жақын шетелдегі қазақтардың өмірін үнемі назарда ұстайды, сондай-ақ «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмін түсіргені белгілі. Атлан Мандоки өз өмір жолы жайлы сыр шертеді

Менің әкем – мажарлық қыпшақ, анам – қазақ.

Венгрияда туып-өскенмен ержете келе Қазақстанға деген қызығушылығым арта түсті, мені қазақ халқының ешбір халыққа ұқсамайтын ұлттық құндылықтары таң қалдырады, өзіне тән қасиеті пен күні бүгінге дейін сақталған ерекше рухани байлықтары. Осы аталғанның барлығы мені бей-жай қалдырмады.

Сол мақсатта алдымен анамның тілі – қазақ тілін үйрендім. Тілді үйрену қиынға соққан жоқ, ана тілі адам бойына ананың сүтімен даритын қасиет екенін ұқтым.

Атлан Мандокидың әкесі Іштуан (өзі қазақша атын осылай жазатын) Мандоки Қоңыр және оның немере ағасы Лашын (Ласло) Вад Баяндүр.

Жақында Астанаға келіп қазақ тілінен деңгейімді анықтау мақсатында арнайы емтихан тапсырдым, нәтиже жақсы. Әрине, әрі қарай үйреніп жетілдіремін. Бұдан да күшті мақала жазамын.

Болашаққа арман-мақсат көп, соның бірі – Қазақстанға келіп қазақ қызына үйленіп осында тұру. Анам бұл ойымды құптап отыр. Қазақстанға келіп, елдің дамуына өз үлесімді қосу – алға қойылған басты мақсаттарымның бірі.

Белгілі қыпшақтанушы ғалым Қоңыр Иштван Мандоки қазақ қызы Оңайша Мақсұмқызымен шаңырақ көтерген болатын. Атлан – Қоңырдан қалған тұяқ. Қазір жасы 26-да.  Мажар Парламентінде қызмет істейтін ол Қазақстанға жиі келіп тұрады.  

 

Атлан МАНДОКИ

Мажарстан, Будапешттен.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?