Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мұстафин айтқан екен...

2517
Мұстафин айтқан екен... - e-history.kz

Сурет: adebiportal.kz

Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, жазушы Ғабиден Мұстафинның тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз

Мұстафин Ғабиден – көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегінде 1902 жылы туып, Алматы қаласында 1985 жылы дүние салған. Жас кезінде Спасск зауытының табельшісінен орысша оқып сауат ашып, сондағы орыс-қазақ  мектебінің төртінші сыныбына қабылданады.

Ғабиденнің қаламгерлік талпынысы 1925 жылы Қызылорда қаласына келуінен басталады. Мұнда ол Сәбит Мұқанов бастаған қаламгерлермен етене араласып, жазу өнеріні қыр-сырына көз қанықтырады. Газет-журналдарға мақалалар жазып, қаламын ұштай түседі. Сөйтіп тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» деген атпен 1929 жылы жеке кітап болып шығады.

Оның шығармаларында туған халқының аласапыран замандағы қайғы-қасіретке толы тағдыры сипатталады. Ғабиден Мұстафиннің кітаптарында жеке тұлғаның өмір соқпақтарын сипаттайтын суреттер, тұлғаның психологиялық портретіне суретшінің жүргізген бақылаулары терең беріледі, дегенмен де автордың шығармаларынан сол кездегі идеология әсерін де сезесің.

Ғабиден Мұстафиннің елеулі шығармалары: «Шығанақ», «Миллионер», «Дауылдан кейін», «Көз көргендер» деп аталатын роман-повестері. Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атақ-лауазымдарына ие болған қаламгер.

***

Ғабит Мүсіреповтың екінші үйленген жас әйелі қыз тауып, шілдеханасына Ғабиден келеді.

Отырыста Ғабит:

– Әй, Ғабиден, мен әлі жас иіс сүйіп отырмын, сен болсаң таяққа сүйеніп қалыпсың ғой! – деп әзілдейді. Сонда Ғабиден:

– Әй, Ғабит сенің мына жас әйеліңнің етегін жел үрлесе екі қабат болайын деп тұрған жоқ па. Несіне мақтанасың, шынымен мақтанғың келсе менің мына бәйбішемді екіқабат етіп берші! – деп жетпіске келіп қалған кемпірін көрсетіпті.

***

Бір жиында Ғабит Мүсірепов Ғабиден Мұстафинге сөз береді:

– Бар білімі үш кластық, қазақ совет жазушысы Ғабиден Мұстафинге сөз беріледі! – депті.

Сонда Ғабиден мінбеге шығып:

– Әй, Ғабит-ай, сен мені мақтап, көпшік қоя сөйлеуді қоймай қойдың-ау! Менің бітіргенім екі-ақ класс қой, үш класс бітіргенде сенің сорыңды қайнататын едім ғой! – деген екен.

***

Бір жиында Ғабит Мүсірепов: «Бір жерге телефон шалушы едім» деп шығып бара жатады. Сонда Ғабиден отырып:

– Қатты-ақ телефон шаларсың, онанда қуығымның майы қашып, мынау ұзақ жиынға шыдай алмай барамын десеңші, – деген екен.

Ғабең мырс етіп күліп, шыға беріпті.

***

Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафин әзілдері жараса ойнап өткен адамдар. Бірде Ғабит өзінің Ғабиден бастаған достарын қонаққа шақырады.

Ғабиден әдеттегідей құрдасына ілік артпақшы болып, қайысып тұрған дастарханнан жоқ тамақты іздейді ғой. Ол кез Ғабиттің Раямен отасқан шағы болса керек. Рая ойында ештеңе жоқ:

– Аға не іздедіңіз? – дейді.

– Лимонад.

– Лимонад ойда болмап еді! – деп, Рая сасып қалады.

Сонда Ғабиден:

– Бұл иттің үйінде лимонад та болмайды! – деген екен.

***

«Қазақ әдебиеті» әзіл анкета таратып, онда «Құмар машығыңыз қандай?» деген сұрақ жазылса керек.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?