Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

БОСТАНДЫҚ ҮШІН КҮРЕС

3708
БОСТАНДЫҚ ҮШІН КҮРЕС - e-history.kz
ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары қазақтар аса ауыр кезеңді басынан кешірді – олардың жеріне түрлі мемлекеттер көз алартып отырған

Бірақ қазақ даласына қатысты ең басқыншылық саясатты патшалық Ресей, Хиуа мен Қоқан хандықтары жүргізді. Бірақ бұл мемлекеттер дамуындағы деңгейлерге, көздеген мақсаттарының түрлілігіне, ұлттық-этникалық және мәдени ерекшеліктерінің түрлілігіне қарамастан, басқыншылардың агрессиясы тегеурінді әрі жан-жақты болды – Қазақ хандығы әлсірей бастады, оның үстіне ішкі алауыздық, орыс үкіметі ақсүйектерді біртіндеп өз жағына шығару мақсатында оларды ерекше артықшылықтармен, қосымша регалиялармен сатып ала бастағаннан туындаған әлеуметтік-экономикалық бөліністермен талан-таражға түсіп жатқан хандық бұқараға жауынгерлік рух беретін халықтан шыққан көшбасшысыз жауларына шындап төтеп бере алмас еді.

Бұл жағдайды рухы мықты, қарапайым халықтың өмірі мен тұрмысынан хабары бар, сонымен қатар әскери және саяси іспен таныс білгір адам ғана шеше алар еді. Қасым төренің бірінші әйелінен туған Кенесары Қасымұлы тап осындай адам еді. Негізі Қасым сұлтан жартылай жоңғар тегінен еді – ол жоңғар қонтайшысы Қалдан-Цэрэннің туған қызынан туған. 

Кенесарының бойында жауынгердің әрі әділдік үшін күресушінің қаны бар-тын. Үш жүздің басын қосқан Қазақ хандығы Кенесарыдан ортақ мақсатқа жете алатын тәуелсіздік үшін күрескер бейнесін көріп, оны қолдап, бас қосып, бірікті. Ресей империясы көрші жерлерді үнемі өз назарында ұстап отырды, бірақ бұл жер, ХІХ ғасырдың 1-ші ширегінде, Хиуа-Бұхара-Қоқан шебі үшін ағылшын-орыс тартысы кезінде, ерекше мәнге ие болды. Өзінің географиялық орналасуы бойынша да қазақ жерлері ірі империялар үшін «май шелпектей» еді.

Қазақстан Орталық Азияға апаратын есік болатын Ресей ықпалы бірнеше кезеңмен таратылды: Гарнизондар ұсынылуымен бекітілген линияларды тұрғызу және бекіністердің жанынан казактар қоныстарын жасау. Округтарды және округтік приказдарды құру. Территориалдық-әкімшілік бөлінісі – дистанциялар жүйесін енгізу, бұл кезде сұлтандар өз дистанцияларына иелік етіп, оларға өз кезегінде ауылдар бағынды. Басқарудың осындай жүйесі салдарынан жергілікті халықтың құқықтарына қысым жасала басталды. 

Экономикалық енгізу. Қазақ жерлерін ресейдің қажеттіліктері үшін қолдану, табиғат ресурстарына, балық аулауға, ағаш дайындауға салық пен монополия енгізу. Ортаазиялық хандықтар да өздерінің жыртқыштық саясаттарын жүргізді. Кенесарыға бейілділік танытқан Доспол биге Сырдария қазақтары хиуалықтарға шағымданады «Қазір өзбектердің ауыртпалықтары орыстардан асып түсті». Кенесары көтерілісі 10 жылға созылды. Ұзаққа созылған бұл соғыста жеңілістермен қатар, көптеген жеңістер де болды.

Ең бастысы – қозғалыс көшбасшысы қазақтардың басын қайтадан біріктіріп, жаңа жетістіктерге рухтандыра алды. Ақтау бекеінісін жаулап алуы – осындай жетістіктердің бірі. Ресей империясы оны өзінің әскери бірліктерін орналастыру үшін пайдаланып отырған еді. Бірақ бекініс кеңейе берді.

Осыдан 180 жыл бұрын, 1837 жылдың 10 қарашасында Қырғыз даласының ішкі округтарында салуға жоспарланған шіркеулерге дін басын тағайындау туралы Сібір Жеке корпусының командиріне ресейлік жарлыққа қол қойылған. Яғни, бекініс кеңейіп, бөтен елдің билігі өзінің әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымын ұлғайта берді. Ғалымдар 1838 жылы Кенесары бекіністі шабуылдап, кейін бекініс тізе бүкті деп болжайды. Бұл жерде көтерілісшілер ұзақ дамылдай алмайды, өйткені ресейлік қосымша күш көмекке келіп жетеді. 1858 жылдар шамасында бекініс өмір сүруін толығымен тоқтатты – Кенесары Қасымов өлтірілді, бұл уақытқа қарай үш жүздің Ресейге қосылуы толығымен аяқталып қалған.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?