Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» көрмесі ашылды

1413
«Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» көрмесі ашылды - e-history.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Президенттік орталығының көркемсурет галереясында «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» атты көрмесінің ашылуы өтті.

Іс-шара Президенттік орталықтың «Қазақстан жолы» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігімен әріптестік байланыс пен музейаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірлесіп ұйымдастырылып отыр.  

Көрменің мақсаты  –  еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі «Ботай қонысы» археологиялық ескерткіші мен қазақстандық және шетелдік суретшілердің шығармашылығын насихаттау.

Ұлы Даланың әлемге жылқы шаруашылығы мен ат спорты мәдениетін сыйлағаны баршаға аян. Алғаш рет адамның жылқыны қолға үйретуі дәл Қазақстан аумағында болды, бұған елдің солтүстігіндегі «Ботай» қонысының қазбалары дәлел бола алады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Виктор Федорович Зайберт (1947-2022 жж.) бастаған зерттеулер жаңа археологиялық мәдениеттің – Ботайдың ашылуына әкелді. Бұл мәдениеттің тасымалдаушылары әртүрлі шаруашылық жүргізді, олар аң, балық аулаумен айналысты. Елді мекенде табылған жүздеген мың жылқы сүйегі шаруашылықтың негізі жылқы шаруашылығы деп санауға негіз береді. Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында осы фактіні растайтын Ботай қонысының кең археологиялық коллекциялары сақталған. 

«Президенттік орталық тұрақты негізде бірнеше мәдени-білім беру жобаларын іске асыруда, олардың бірі еліміздің тарихи мұрасын насихаттауға бағытталған «Қазақстан жолы» болып табылады. «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» көрмесі биылғы жылы аталған жоба аясындағы алғашқы іс-шара болғанына өте қуаныштымыз», – деді өз сөзінде көрмені ашқан ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметованың айтуынша, Ботай мәдениеті мыңдаған жылдар бойы даму векторларын анықтаған дала өркениетінің матрицасы болады және біздің міндетіміз – осы ұлттық киелі орын туралы мүмкіндігінше көбірек айту.

Өз кезегінде, Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің директоры Гүлнар Мұқышева қатысушыларға алғысын білдіріп, әлемнің әр түкпірінен келген суретшілердің көзімен Ботай қонысын көруге мүмкіндік беретін бүгінгі көрменің ерекше атмосферасы арқылы олардың ой өрісінің кеңейетініне сенім білдірді.

«Ботай қонысын» танымал ету мақсатында 2019 және 2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында Халықаралық суретшілер симпозиумдары өткізілген. Оларға Канада, Германия, Франция, Бенин, Румыния, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан суретшілері қатысып, өз туындыларын облыстық бейнелеу өнері музейінің қорына тапсырды. Әр түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған картиналар суретшілердің авторлық көзқарасында Ботай мәдениетінің рухын бейнелейді. 

Енді бұл туындылары – 48 шығармашылық және пленэрлік жұмыс елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» көрмесінде ұсынылып отыр. Экспозиция археологиялық артефактілермен, «Ботай» қонысы туралы фото және видео материалдар, шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен толықтырылған. Сондай-ақ ежелгі өндіріс орындарын қайта құрумен интерактивті аймақ ұсынылған.

Көрме 2024 жылдың 11 наурызына дейін жұмыс істейді.

Анықтама: Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 1980 жылы ашқан ескерткіш біздің эрамызға дейінгі IV-III мыңжылдыққа, энеолит дәуіріне жатады. Айыртау ауданында, Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан. 

Елді мекеннің ауданы 15 гектардан асады, Иман-Бұрлық өзенінің оң жағалауының көлбеу алаңында орналасқан (Есіл өзенінің саласы). Елді мекенде оның өмір сүру кезеңінде кем дегенде 250 тұрғын үй салынды, олардың ауданы 20-70 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің құрылымы жартылай жер, пішіні көпбұрышты, дөңгелек немесе шаршы.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?