Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Дала өлкесінің түпкірлеріндегі орыс қоныстары

1578
Дала өлкесінің түпкірлеріндегі орыс қоныстары - e-history.kz

Әлихан Бөкейханның «Дала өлкесінің түпкірлеріндегі орыс қоныстары» очеркі сол кездегі өзекті болған қазақ даласына халықтардың қоныс аударуы тақырыбына арналды. Бөкейхан өз еңбегінде қоныс аударушыларға бөлінген жерлердегі түсімділіктің жылдан жылға бұлжытпай төмендеу себептері туралы ой толғайды және шұғыл-континенттік климат болып табылатын Дала өлкесі аймағындағы аграрлық сектордың шектен тыс кеңейту идеясын және тұзы аз топырақты осының себебі деген қорытындыға келеді. Qazaqstan Tarihy порталы осы жұмысты оқып, оқырмандарды очерктің негізгі тұстарымен таныстырмақшы

Сөз болатын қоныс аудару учаскелері Нұра өзені бойында, Қарқаралы уезінің шекарасынан Преображенский кентіне дейін (сол кездегі Ақмоладан оңтүстік-батысқа қарай 30 верст), 300 верст бойы және Есіл өзені бойында (Атбасар уезінің шекарасына дейін шамамен 180 верст) орналасқан. Нұра мен Есіл өзендерінің осы 500 верстік ағысында 3295 қазақ үй-отбасының немесе Щербина экспедициясы зерттеген халықтың 17,9 % - ы орналасқан Ақмола уезінің солтүстік бөлігі тұрғындарының мекен-жайлары, шабындықтары, егістік жерлері және жайылымдары болды. Нұра және Есіл өзендерінің аталған ауданы шегінде 1892-1907 жылдар аралығындағы 15 жылдық кезеңде құрылған Ақмола уезінің 146 қоныс аудару учаскелерінің 46-сы, 1/3-і орналасқан.

Ертістен кейін суы мол деген мағынаны білдіретін Нұра өзені және өз атауын XVII ғасырда осы жерде халқымен бірге көшіп жүрген қазақ даласының ханы Есім ханның есімімен аталған Есіл сол кездегі Қырғыз өлкесінің қақ ортасындағы ең үлкен тұщы сулы өзендер болатын. Кезінде Есім ханның көшпелі қазақтарын қызықтырған осы жердің шүйгін шөпті жерін, кейіннен қазақтар қыстық жайылым қылып алады. нұра мен Есіл өзендерінің алқаптарында 100 қазақ отбасының қыстауы болған. Егіншілік үшін қазақ даласы бере алатын ең құнарлы топырақ та осы Нұра мен Есіл бойында болатын. Алғаш келген қоныстанушылардың да осы өзендерді таңдауы да осымен түсіндіріледі. Нұра өзенінің бүкіл ағысы мен Есіл өзенінің жоғарғы ағысында қазақтарға тиесілі арық егістіктерінің іздері кездескен, егіншіліктің осы түрін кезінде Кенесары ханның көтерілісіне қатысып, кейіннен туған жеріне оралғандар Түркістаннан әкелген. әсіресе Кенесары хан көтерілісінен кейін, олармен Дала өлкесінің көптеген қазақ рулары XIX ғасырдың бірінші жартысында Түркістанда болып, отанына оралды. Нұра өзенінің жоғарғы ағысында көне арық жүйесін де кездестіруге болады. ХХ ғасырдың басында Сібір баспасөзі былай деп жазған:

«Нет сомнения в том, что реки Нура и Ишим не впервые наблюдают, как человек занимается у берегов их земледелием, не создавшим здесь ни оседлой культуры, ни упрочившим свое развитие, а превратившимся в киргизское, якобы, земледелие. Обычно принято неуспехи киргизского земледелья в Киргизской степи объяснять классической ленью киргиз. Этот способ объяснять то, что мы не знаем, так же хорош в этом случае, как и тогда, когда паразиты говорят, что русский мужик периодически голодает оттого, что он лентяй»

«Сибирские вопросы» (№33-34, 1908 жыл)

Civil-war-021.jpg 

Ертіс өзенінің бойында Зайсаннан Омбыға дейін миллиондаған пұт шөпті қазақ жұмысшылары жинап алып, осында ауыл шаруашылығы жұмысшыларын жеткізіп отырған. Томск губерниясының Құлынды даласының қазақтары, Тобыл губерниясының Түқала уезінің жалға алушылары, Белағаш даласының жалға алушылары Қырғыз өлкесінің шығыс бөлігінен жүздеген мың пұт астық өндіріп, орыс және татар жалға алушыларына ауыл шаруашылығы жұмысшыларын жеткізетін. Алайда, қырғыз даласындағы сол қазақ жерді тек қана бүлдіретін. Бұл жерде ол ана жер, мына жерге егіп, 2-ден 5-ке дейін астық алатын да, осы жерге 5, 8, 12, 20 жылдан кейін оралу үшін жаңа жерге көшіп жүре беретін, өйткені оның бақылауынша ескі егістік аз уақыт ішінде демалып үлгермейтін.  

«Но «такое земледелие возмутительно!» кричит «культурный» человек от г. Крюкова, воспользовавшегося из всей американской дивной, богатой культуры недостойным человека обращением американцев с индейцами. Не торопитесь, гг. мухи, сидящие на рогах, или, лучше сказать, на шее тех, кто пашет землю! Как бы вы ни кичились культурой с чужого плеча и собственным варварством, вы не увеличите ни единой слезой недостаток влаги в Киргизском крае, где скотский помет от недостатка ее консервируется и лежит годами, не изменяя даже своей формы, где, вследствие недостатка атмосферных осадков, процесс выветривания материнской породы и разложение растительных остатков идет адски медленно»

«Сибирские вопросы» (№33-34, 1908 жыл)

Щербина экспедициясы жұмысының қорытындысы бойынша ІІІ томның 10-шы бетінде жазылған: «Мұнда жауын-шашынның аз жауып, қатты буланатындықтан, шаймалану процестері өте баяу жүреді». Осы жердегі климаттың құрғақтығынан, жауын-шашынның аз түсуінен егіншаруашылығын жүргізуге жарамды топырақ құнарсыз болды. Новочеркасск кентіндегі жер үлестері сияқты алғашқы уақытта мол астық берген, бірінші астық пен топырақтың алдамшы көрінісіне қарап қонысаударушылар мақтаған ең жақсы топырақ әдетте, бағаналы сортаңдарда орналасты. Александров кентінде (Ақмола уезі) қазыналық десятинадан 150 пұт бидай алынды. 1907 жылы алқаптары қайтадан ауыстырылған Максимовское және Семеновское ауылдарында алғашқы 10 жылда астық жақсы шықты. Бұл кенттердің барлығы Дала өңіріндегі ең жақсы топырақта, өздері содан су ішетін Есіл өзенінің аңғары бойында орналасты.

1907 жылдың жазында қоныс аудару басқармасының агрономы Лебедев Ивановский кентіне келеді. Ол: «Ивановский кенті қоныстанғаннан кейін көп ұзамай бұл жер қоныс аудару мәдениеті үшін жарамсыз екені белгілі болды, учаскені кесу, ауыстыру, қайта жобалау туралы өтініштер мен сұраныстар келіп түсе бастады»,-деп жазған. Агрономдар екі рет іссапарға жіберіліп, солар жинақтаған мәліметтер негізінде учаскені қайта жобалау туралы шешім қабылданған. Топырақтың құнарсыздығына байланысты (оның құрамында қарашірік бар-жоғы 2%, ал фосфор қышқылы-0,038%) жыл сайын тың топырақты жыртып, 2-3 астық жинағаннан кейін жұмсақ жерді демалуға қалдыруға тура келді. Қатарынан 4 рет егілген учаскелерде арамшөп қаптап, астық өсірмейді. термен толып, нанды суға батырды. Жаңа жерлерге еш қиындықсыз астық егу мүмкіндігі Ивановский кентінің шаруаларын күйреуден құтқарды. Жалпы алғанда, өнімділік өте төмен болды – десятинасынан 25-30 пұт қана. Ең жақсы деген 1903 жылы 60 пұт астық алынған.  

«Лебедевтің айтуынша, шаруалар, егер олар өз жерлерін пайдаланғысы келсе, қырғыз шаруашылығына көшуі керек... Ивановский учаскесін қалдыру үшін олар қырғыз егістіктерін немесе 10 шақырым жерде орналасқан Жаманкөл көлінің жанындағы шабындықтарды кесіп тастағысы келеді немесе 14 қыстау мен қырғыз Тоқпайдың диірменін бұзғысы келеді, бұл учаскені 30-40 жан үлесіне көбейтеді».

«Сибирские вопросы» (№33-34, 1908 жыл) 

Ивановский кенті құрылған 310-шы топ жерінде 101 шаруашылық бар, оның ішінде 13-і немесе 1/10-ы отырықшы. 96-97%-ы астық егеді (119 десятина немесе 1 шаруашылыққа 1,25 десятина). 310-шы топқа кіретін Тоқпайдың мекені 1850 жылы салынған. 1898 жылғы санақ бойынша оның ауылының 8 шаруашылығының 3-еуі отырықшы (немесе ауылдың 2/5 бөлігі), 7 шаруашылық егін егеді (12 десятина немесе бір шаруашылыққа 1,73 десятина). Шабындық жер үй басылық болған. Олардың ең алыстағысы - 2 верст жерде, 8 шаруа қожалығы шөп орып, 1700 шөмеле шөп жинаған. Бұдан басқа екі шаруашылық 80 шөмеле сатып алған немесе 1 шаруашылық 222,5 шөмеле, яғни 1000 пұттан астам пайдаланған.

Бұл мәліметтер Тоқпай ауылының өз тобынан мал өсіру мен егіншілік шаруашылығын қарқындату бағытында ерекшеленіп тұрғандығын, ол астықты көбірек себетіндігін, демек, осы ауылдың қазақтарын отырықшылыққа итермелегендігін анық көрсетеді.

«Не это ли «американское» обращение с киргизами. Не предупредили ли идеологию гг. Крюковых-Марковых потомки Кукольника?

Киргизская степь подобна фее ее сказки. В ней говорится:

«У порога отверстия, откуда тонкой лентой крутится синий дым подземелья, сидит женщина; она безобразна, как баба-яга, может быть, это она сама, нелюдима и зла, как ядовитая змея; кажется, жертва любви людской, она и была лицемерка-змея. Впрочем, кто ее знает, кто она?» - интригуя слушателей, вставляет ертекышы (сказочник).

«То было вечерней порой, - добавлял он же, приступая к продолжению сказки. Звезды мигали последним слабым блеском, - еще были видны полярная звезда и зарница; утренней зарей озарился восток; девственные лучи солнца, как в эту пору джигит деву, целуют облака, лижут вершины гор...

«Ни отверстия, ни дыма не было; на этом месте стояла акорда (белая ханская юрта) и у порога ее ханша дивной красоты. - Вставив, что не ему, старому, описать ее, продолжал ертекышы: - ханша была стройна и гибка, как молодая ветка лозы, глаза у нее черны, как спелые смородины, черные, как чернила брови, были подобны крыльям ласточки, зубы - что жемчуг и белы, как снег. Поцелуй ханши жгуч, как яд змеи, сладок, как девственная любовь.

«Ночью была буря: шел источник жизни - дождь; дул ветер любви, он снес, сравнял все скверны ада, змеи; остановился у той женщины джигит; испив от избытка его сил, она обратилась в ханшу.

«Все на свете обманчиво, - поучает сказка: - Никто никогда не узнает в этой царице любви ни бесплодную старуху, ни ядовитую змею».

«Сибирские вопросы» (№33-34, 1908 жыл)

5 жылдан кейін өз жер телімін жарамсыз етіп қалдырған Атбасар уезінің Раздольный кентінің қоныс аударушылары басқа жер учаскесіне көшуге «рұқсат» алды. 1907 жылдың жазында Лебедев Раздольный кентінде болып қайтқан. Ол көктемде шаруалардың жақсы шабындық жер көріп, сол учаскені ұнатқандары туралы жазады. Сол жерге күзде көшуге шешім қабылданады. Ер адамдардың барлығы дерлік шабындыққа кетеді де, жақсы шабындықтың орнына күйдірілген сортаң жерді көргенде қатты қайғырады. 1899 жылдың шілдесінде шаруалардан сайланған 14 адам Ивановский кентінің жер телімдерін қарап шығады. Ивановтықтар: «Сол жылы шөп шынында да бітік шықты, Ақмолада ұн 35 тиын болды, ойланатын ештеңесі де жоқ еді»,- деген. Екі жылдан кейін, 1901 жылы, құрғақшылық болады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?