Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Күрес өнерінің қаршығасы

3792
Күрес өнерінің қаршығасы - e-history.kz
Бүгін біз еркін күрес түрінен әлем кубогының қола жүлдегері және әлем біріншілігінің кіші қола медаль иегері, Моңғол елінің төрт дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген спорт қайраткері Бақыт Одынайұлы туралы сөз етпекпіз.

1980 жылы өткен Мәскеу олимпиадасында екі бірдей қазақ азаматы жеңіс тұғырынан көрініп, чемпион атанғаны белгілі. Олар грек-рим күресінің палуандары Шәміл Серіков пен «шынашақтай чемпион» атанған Жақсылық Үшкемпіров еді.

Сонымен қатар, бүкіл әлем көз тіккен бұл байрақты спорт бәсінде тағы екі қазақ баласы қатысып бірі чемпион, бірі олимпиада жүлдегері атанғанын айта кету керек. Мәскеу олимпиадасында 14 рет ұлттық, 5 бүкілодақтық және 2 әлемдік деңгейде рекорд орнатқан орасан күш иесі Сұлтан Рахманов есімді оғлан (Өзбекстан атынан қатысқан) алтынан алқа тағынса, Моңғол елінің туын алып шыққан тағы бір қазақ балуаны Бақыт Одынайұлы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанады. 

Қарсыластарының барлығын шаң қаптырып финалға дейін жеткен Бақыт ағамыз шешуші шайқаста Осетиндік алып Сослан Андиевтен ғана ұтылып қалады. Бақыт Одынайұлының ол кездегі салмағы 100 келіден жоғары болыпты. Балуанның айтуынша, бұл салмақта әлемнің 33 елінің 151 палуаны бақ сынасқан.

Бүгін сол еркін күрес түрінен әлем кубогының қола жүлдегері және әлем біріншілігінің кіші қола медаль иегері, Моңғол елінің төрт дүркін чем­пионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген спорт қайраткері Бақыт Одынайұлы туралы сөз етпекпіз.

Бақыт Одынайұлы 1954 жылы Моңғо­лияның Қобда бетінде яғни Бай-Өлке аймағына қарасты Сеңгіл деген көрікті мекенде дүниеге келген. 1971 жылы сол жердегі орта мектепте ел қатарлы білім алып шығады. Ұзамай ел астанасы Ұланбатырға аттанады. Құрылыс техникумына оқуға түседі. Сол жерде жүріп волейболға қатысады. Бұл салада жүріп өзінің алғашқы медаліне қол жеткізеді. 1973 жылы жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионатта Бақыт қола медаль иегері атанады.

Бірақ Бақыт Одынайұлы волейболды өмірлік мұрат етпеген. Тағдырдың жетегімен күреске ауысады. 1974 жылы еркін күрес үйірмесіне жазылып, кәсіби түрде күреспен айналыса бастайды. Сол жылдың қараша айында Ұланбатыр қаласында өткен еркін күрес бойынша жас­тар чемпиона­тын­да жеңімпаз атанып, алтын медаль алады. Арада жыл салып, яғни 1975 жылы рес­­публикалық деңгейде өткен байрақты бәсте қарсыластарының барлығын шаң қаптырып тағы да жеңіс тұғырынан көрінеді.

1424778636_l.jpg

Бұл алтын медаль Бақыт Одынайұлына бақ болып қонады. Атақ-даңқ, абырой алып келеді. Үлкен жарыстарға жол ашады. 1976 жылы республика деңгейіндегі тағы бір жарыста топ жарып жеңіс тұғырынан көрінеді. Бұл жолы балуан бұл жарысқа Бай-өлке атынан қатысады.

82 келі салмақ бойынша жарысқа қатысып жатқан Бақыт ақтық сайыстардың бірінде Батшулун атты моңғолдың мінезі шақар балуанына тап келеді. Белдесу өте ауыр өтеді. Қарсыласы небір әдістер қолданып Бақыттың есін алуға тырысады. Ебін тауып қысып, бұрап, қылқындырып жібермекші болады. Бірақ туған ауылының атынан бақ сынап отырған Бақыт қандай жағдай болса да берілмеу керек деген ойда болады. Ақыры аяқтан шалып, көтеріп әкеліп Батшулунды кілемге атып ұрады. Батшулун сол бойы орнынан тұра алмай қалады. Ақыры болмаған соң дәрігерлер келіп зембілмен алып кетеді. Бақыттың өзі жарақат алып қалады. Бірақ соған қарамастан екі рет күресіп жеңіс тұғырына көтеріледі. Осылайша спорттық долындағы үшінші алтынға қол жеткізеді.

Ұзамай Одынайұлы Корея, АҚШ,  Қытай, Венгрия, Болгария, Ауғанстан, Румыния, Арабия, Польша, Ресей секілді елдерде өткен додаларда топ жарады. Халықаралық жарыстардан 80-ге жуық  медаль алып қайтады.

Ақыры қарсылас шақ келтірмей жүріп 1980 жылғы  Мәскеу олимпиа­да­сына жолдама алады. Басында айтып өткеніміздей Бақыт қарсыластарының барлығын шаң қаптырып финалға дейін жеткен Бақыт ағамыз шешуші шайқаста Осетиндік алып Сослан Андиевтен ғана ұтылып қалады. Бақыт Одынайұлының ол кездегі салмағы 100 килодан жоғары болыпты. Балуанның айтуынша, бұл салмақта әлемнің 33 елінің 151 палуаны бақ сынасқан.

Бақыт балуанның жолын кескен осетиндік алып Сослан Андиев екі дүркін Олимпияда, әлем чемпионатының 5 рет жеңімпазы болған саңлақ болған. Мәскеу Олимпиадасында алғашқы бестіктен көрінген Бақыт Одынайұлының есімі еркін күрес тарихында аса ауыр салмақта белдескен тұңғыш қазақ ретінде тарихқа жазылды. 

unnamed.jpg

Даңқты балуан 1981 жылы Әлем кубогының қола жүлдегері атанады. Осылайша, еркін күрестен  Әлем кубогы мен Әлем біріншілігінен медаль алған Моңғолиядағы алғашқы қазақ балуаны болып шыға келеді. Әрі Америкаға құрлығындағы әлем кубогының қола медаль алған тұңғыш қазақ болып саналады.

Моңғол халқы төбелеріне көтеріп, Мемлекеттік награда – «Алтын Жұлдыз» орденімен марапаттайды. Сонымен қатар «Ұлт батыры» деп дәріптеген екен. Бір өкініштісі, бұл атақты сол кездегі билік басындағылар құжат бойынша рәсімдеп бере алмаған. Немесе бергілері келмеген.

Бұқаралық ақпарат құралдарының біріне берген сұқбатында Бақыт ағамыз бұл сәтті былай еске алған екен: «1981 жылы Әлем кубогы жолын­дағы күрес АҚШ-тың Толеда қаласында наурыз айының 28-29 күндері өтті.  Бұған әр құрлықтағы үздік командалар шақырылды. Азия құрлығы атынан моңғол балуандары бардық. Ол заманда жарыстың өзіндік ерекшелігі бар еді. Бүгінгідей командалар бетпе-бет күресіп, есеп айырыспайтын. Әрбір салмақтағы балуандардың жекелей көрсеткіші бойынша команданың ұпайы түгенделетін. Содан опыр-топыр күрес басталды. Бір заманда аңдасақ, біздің команда мен тағы бір  команданың ұпайы теңесіпті. Елдің бәрі күресіп біткен. Күреспеген 100 килодан жоғары салмақта жалғыз мен қалыппын. Кім жеңеді, соның командасы Әлем кубогының қола жүлдегері атанбақ. Бұған дейін Моңғолия балуандарына мұндай мүмкіндік бұйырмаған. Командаластарым көздері жаудырап маған қарайды. Олардың жанарынан: «Бақыт, бізді жерге қаратпа!» деген жанайқайды оқыдым. Осылай бір сұрапыл шайқас басталды. Ақырында мен жеңдім. Қорытынды есеп бойынша Кеңес одағы балуандары бірінші орын, америкалықтар екінші орын, біздің команда үшінші орынға иелік етті. Осылай Әлем кубогының жекелей салмақта да қола медалін алған жайым бар».

Осыдан кейін Бақыт Одынайұлы аса ауыр яғни 120 келіден жоғары салмаққа ауысады. 1986 жылғы қазан айының 19-22 аралығында өткен Венгрияның астанасы Будапешт қаласындағы әлем біріншілігіне қатысады. Бұл жарыста Бақыт ағамыз кіші қола медаль еншілейді. Сонымен қатар, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атаққа қол жеткізеді.

Кейіпкеріміз ел ішіндегі небір алыптар ғана белдесетін талай шайқастың ортасында жүреді. Қарсыластарының көбін алып та, шалып та жыға білетін қара күш иесі мемлекеттік «Лашын» атағына қол жеткізеді. Бақыт ағамыз бұл төрт мәрте абыроймен қорғай білді. Яғни, 1974-1975, 1979-1980 жылдары аралығында төрт мәрте моңғол ұлттық күресінен чемпион атанады. 10 рет күміс, төрт рет қола алған. Кейін моңғолдың ұлттық күресінен мемлекеттік «Қаршыға» дәрежелі балуан атанды. Бұл атақты Бақытқа Моңғол елінің перзиденті өз қолымен табыстаған.

article_42633.jpg

Бақыт Одынайұлы қазіргі уақытта Бай-Өлке аймағында тұрып жатыр. Бапкер. Шәкірттер тәрбиелеп жатыр. Моңғол еліне еңбегі сіңген спортшы. Қазақстанның құрметті спорт қайраткері. 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына арнайы ұйымдастырылған жарыста 2-орынды еншілеген. Сол жолы оған «Қазақстанның спорт шебері» деген атақ берілді.

Шетел қазақтары арасынан шыққан даңқты балуан – Бақыт Одынайұлы дайындаған шәкірттер халықаралық додаларда топ жарып жүр.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?