Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Wiedergeburt» немістер қоғамына 25 жыл

3632
«Wiedergeburt» немістер қоғамына 25 жыл - e-history.kz
Астана қаласы мен Ақмола облысының «Wiedergeburt» немістер қоғамына 25 жыл. 1989 жылдың желтоқсанында Целиноград қаласында оның алғашқы жиналысы өтті.

Қоғамның атауы орыс тіліне аударғанда «Өркендеу» деп аталады. Қайғылы 1939–1941 жылдарында немістерді паналатқан қонақжай қазақ халқы өз салт-дәстүрлерін, өз тарихын, бабалар мен тілді құрметтейді. Осылай, неміс халқы да, Қазақстанда өз отанын тауып алып, өздерінің тамырларымен байланысты үзбей отырып, өз дәстүрлері мен тілін ұмытпауға тырысады. Осы үшін біздің елімізде, ал мұнда 180 мыңнан астам неміс тұрып жатыр, барлық жағдайлар жасалған.

Германия да өз кезегінде қазақстандық немістерге үлкен қолдау көрсетті. Олар өз тарихи отанының әртүрлі тегін білім беретін және мәдени бағдарламаларымен пайдалануға мүмкіндікке ие болып отыр, неміс тіліндегі кітаптар, журналдар мен газеттермен қамтамасыз етілген, өз ана тілін үйренуге мүмкіндікке-де ие болып отыр.

«Wiedergeburt» мәдени орталығы этникалық немістер үшін ғана емес жұмыс істейді. Қазақтар, орыстар, украиндықтар, поляктар да мұнда келеді. Қоғамның өзі Астана қаласындағы № 46 немісмектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан. Мектеп бітірушілер мұнда жұмыс істейді: тіл курстарын, балалар үшін әртүрлі үйірмелерді жүргізеді, сахналық шеберлікті оқытады деген жайт таңқарарлық құбылыс емес.

Осылай, Анастасия Трофимова мен Ирина Рубан, неміс мектебін бітіріп, жоғары білім алып, «Өркендеу» немістер қоғамына жұмысқа тұрды. Мектепте оқығанда және студенттік жылдарда Анастасия қоғам жанында жұыс істейтін жастар клубын басқарды. Қазіргі кезде оның белсенді қатысушы болып, балаларға елтану пәнінен сабақ береді: Германияның тарихы мен мәдениетімен танысады. Ирина сахналық шеберлікті оқытады, ырғақ сабағын беріп, мұнда, яғни неміс мәдени орталығында, мерекелерді ұйымдастырады.

696e3819f280c78d0f50fa0762ba8660.jpg

Солдан оңға қарай неміс жастары клубының мүшелері А. Трофимова, Е. Гайсина, Д. Ахильбекова, И. Рубан

«Диамант» атты жастардың неміс клубы 1996 жылдан бері пайда болды. Неміс мәдениетіне қызығып қарайтындар және «Өзіңнен баста, және әлем жақынырақ болады!» деген ұран жақын болатындар үшін клуб есігі ашық. Әлеуметтік театр, экотурлар, вокалдық студия, би студиясы да клуб қызметтеріне кіреді.

7283987d09df5927bcec5bfc51dec115.jpg

— 2009 жылдан бері театрмен айналысып келе жатырмыз, әлеуметтік тұрғыдан маңызды болып көрінетін және жастарымызды маза бермейтін әртүрлі тақырыптарға спектакльдерді қойып жатырмыз: өзара қарым-қатынастары мен, аға буынмен қарым-қатынастары, алкоголь, ЖИТС, есірткілер, — деп әңгімелейді Анастасия Трофимова.

Тарихи тақырыптарға арналған қойылымдар да бар, соның ішінде, Қазақстан аумағында немістердің пайда болуы туралы. Осындай спектакльдер шынайы оқиғаларға негізделеді. Жас актерлерді немістердің Қазақстанға жер аударуы ғана емес қызықтырады, Екатерина II Жарлығы бойынша олардың ең алдымен ресейлік губернияларға, ал кейін Қазақстанға жер аударуы. Және-де қосып айтарым, жастар клубының мүшелерінен тұратын әлеуметтік театр гастрольге үнемі барады. Балалар өз қойылымдарымен Көкштауға, Қарағандыға, Алматыға, Павлодарға барып келген. Айтпақшы, «С надеждой в сердце» және «Кто следующий» атты спектакльдерің бейне нұсқалары интернеттен көруге болады.

8651eacccf6c6137e5ba3109b8005d42.jpg

3fec51117beb68f7fc15e54ddddc1481.jpg

«С надеждой в сердце» спектакльдің репетициясы

Клуб экотуристикалық лагерьлерді қыста да, жазда да ұйымдастырады. Жазда бұл Солтүстік Қазақстанның Шалқар көліндегі 10 күндік демалыс, ал қыста — Бурабай курорты болады. Соңғы кезде экотурлар Жоңғар Алатауы тауларында талдықорғандық неміс қоғамымен бірге ұйымдастырылады. Жастар клубы қатысушыларының сөзіне қарағанда, осындай сапарларда олар экологияны зерттеп, сынаулар мен талдаулар жүргізеді, және, әрине, экотуристикалық лагерь орналасқан жерін қоқоныстардан тазалайды.

«Диамант» жастар клубының қатысушыларына 14 жасынан бастап, неміс мәдениеті мен шығармашылығына қызығушылығын білдіргендер қабылданады.
Балаларға арналған неміс қоғамының жексенбілік мектебіндегі сабақтар қалалық Мектеп оқушылары сарайымен бірге жүргізіледі. Балалар неміс пен қазақ тілдері, қолданбалы өнер, елтануды үйренеді, театрлық және вокалдық мектептерде оқиды, Қазақстанның мемлекеттік мерекелерін, дәстүрлі неміс пен орыс мерекелерін-де тойлайды.

Жексенбілік мектептің Масленица мерекесін тойлауғанына қатысуға мүмкіндігіміз болды. Мұнда да, Германяда да қысты шығарып салады, ал көктемді қарсы алады. Немістерде Фастнах (Масленица) бір аптаға бұрын келеді. Бірақ негізінде ол карнавалдық шеру түрінде өтеді, мұнда ойындар, билер, сахналатын көріністер-де болады. Екі халықтың дәстүрлеріне бірдей көңіл бөлу үшін мұнда құймақтар да пісіріледі.

faa9be0cc1e18c644bea909483867e66.jpg



d5bc711efc5f1eed9ea2249617239ae1.jpg

Барлық қалалық мерекелерде «Запоздалые цветы» неміс вокалдық хоры өз әндерін орындайды. Ол неміс орталығы пайда болған уақыттан кейін арада аз ғана уақыт өткенде ашылды. Мұнда, мысалы Елена Яковлевна Унрау, 15 жыл бойы ән салып жатыр.


— Осы серіктесушілікке мен 2008 жылдан бері қатысамын, — деп айтады Анатолий Дмитриевич Житник.

Ералы Мүсіповтың ұлты қазақ болғанымен, хорға үш жыл бұрын келді. Осы кезден бері неміс әжелері мен аталарымен бірге ән айтып жатыр. Барлығы, Ералының даусы болмаса, хор осылай ән айтпаушы еді дейді. Онда өте әдемі әрі мықты дауыс.

b9cbeff49ccb5ded4dc39c3fdffceeed.jpg

Хорды концерттік бағдарламасымен әскери бөлімдер мен қарттар үйіне жиі шақырады. Хор репертуары әртүрлі болады. Мұнда неміс, қазақ, орыс халықтарының әндері орындалады.
Александра Александровна Короткова хорда ән салып, сонымен бірге, неміс тілін-де үйреніп жатыр.
— Тілді мұнда, курстарда, үйреніп жатырмыз, осыған ықыласымыз бар, қоғам кітаптармен қамтамасыз етеді.


0732abfb158d3b07f42ed65818eb7f4a.jpg


Әжелер мен аталардың сөздеріне қарағанда, олар өз отбасыларында неміс дәстүрлері мен салттарын сақтауға тырысады. Мысалы, діни мейрамдарды атап өтеді: Пасха, Рождество, Троица және басқалар. Олар штрудель, кухен, креппель сияқты бәліштерді пісіріп, үй кеспесімен тауықтан дәстүрлі сорпаны әзірлейді.
Днепропетровск, Запорожье, Донецк, Саратов, Поволжье — хор қатысушылар өздерінің туған жерлерін атап шықты. Белгілі қайғылы оқиғалардың салдарынан олар Балқаш, Қорғалжын, Ерейментау аудандарына, Павловка, Рождественка ауылдары мен, Ақмолинск қаласын көшіп келген.

— Мен Украинада дүниеге келдім, — деп айтады Елена Яковлевна Унрау. — Соғыс басталғанда, бізді Германияға алып кетті, ал одан кейін — Оралға. Тұрмысқа шыққанда Қазақстанға келдім, күйеуім келіп, мені алып кетті. Оның отбасы да жер аударылып жіберілген.

— Мен Қазақстанға дүниеге келдім. Егер қазақтар болмаса, онда біздер, немістер, тірі болып қалмас еді,- Элла Рейнгольдовна Гобона сырласып жатыр. Қазақтар үйінде тұрғанбыз, анам күні-түні жұмыста болды. Олар бізге көмектесіп, тамақ берді. Мұндағы әр адамның өз тарихы бар, бірақ олардың барлығы бірдей аяқталады — Қазақстан шынымен-де неміс халқының туған үйіне айналып кеткен.


Людмила ВЫХОДЧЕНКО


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?