Абай Тасболатов т.ғ.д., профессор, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Қазақ әскери ғылымдар академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті. | Жыл сайын Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған Басты құжат болып есептеледі. Жолдаудың он бойында елімізде атқарылып жатқан оң өзгерістер айтылып, алда атқарылатын жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы ел тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтарлықтай арттыруға арналған маңызды құжат болып табылады. Елбасымыздың ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалы жақсаруына қатысты айтқан, ақпараттары мені қатты қуантты. Әлемде орын алған қаржы дағдарысының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі өз тарапынан жұмыс белсендігін арттырып, 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарап, қайта өзгерістер енгізілді. Әлемге экспортталатын шикізат ресурстарының бағасының төмен түсуі құлдырауына байланысты бюджеттің кіріс бөлігіне түсетін қаржының төмендеуіне алып келді. Осыған орай, елімізде ұзақ мерзімді экономикалық саясатты қайта бағдарлау жүргізілуде. Еліміздің шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды бір арнаға тоғыстырып, ұлттық қорға жинақтағанымыз баршамызға аян. Осы ұлттық қордағы қаражат елдің экономикасы мен халықтың әл-қуатын арттыруға ғана жұмсалуы керектігі Елбасымыз тарапынан дұрыс айтылды. Ол қаржылай еліміздің экономикасын әрі қарай жетілдірумен қоса, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Сонымен қоса, Жолдауда берілген бесінші тапсырма бойынша EXPO-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет деп айтқан тың ойлары маған қатты ұнады. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті — 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсыруы үлкен халықаралық шараның өз-деңгейінде өткізуге соны серпін береді. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көліктік инфрақұрлымы демекші Астана қаласындағы көлік қозғалысына тоқталғым келеді. Астана — Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы ретінде Еліміздің көк туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы болып табылады. Алдағы жылдарға көз жүгіртсек елімізде EXPO-2017-ні өткізетін бас қала ретінде қарқынды жұмыстарды бастап көптеген жұмыстар жүргізілуде. Елорда тұрғыны ретінде сенбі және жексенбі күндері жұмыстан қалт етіп қол босағанда қала ішілік автобустарға мініп қажетті жерге бару мен үшін үйреншікті дағдыға айналған. Осындай кезеңдерде халық қалаулысы ретінде маған автобуста жолаушы болған қарапайым халық өкілдерінің қала бойынша кейбір маршруттарда орын алып отырған келеңсіз жағдайлары: ол таңертеңгі және кешкі уақыттарда жүру маршрутының жиілігі сақталмайтынын, маршруттың жүру уақыты 10–15 мин уақыттың орнына 40–60 минут күту жағдайлары кездесетінін, кешкі автобустардың ескергені сонша жаңалауды қажет ететін маршруттар бар екенін, сағат 22.00 ден кейін автобус қатынастарының қатынауы қиындайтынын айтып шағымданған болатын. EXPO-2017-ні өткізетін бас қалада еліміздің имиджін түсіретін осындай жағдайлар орын алмаса екен деген ниетпен мен өз тарапымнан қала әкімінің орынбасарына сауал жолдап мәселенің мән-жайын білдім. Тиісті жауабында алдым. Ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде интернет арқылы онлайн тіркеліп автобустарды бақылауға көшкен Жолаушылар тасымалы қызмет сапасын жоғарылату мақсатында 358 бірлік жаңа IVECO маркалы автобустарды сатып алу жоспарлап, қазір олардың 15 автобусы халыққа қызмет көрсетуде. 2015 жылдың маусым айына дейін автобустар толық сатып алатынын хабарлады. Сервис-деңгейі мен қызмет көрсетудегі мәдениетті жақсарту, сондай-ақ, жүргізушілердің біліктілігін арттыру мақсатында Орталық ашылып, онда 674 жүргізуші, 420 кондуктор қайта дайындаудан өтіп, біліктіліктерін жетілдірілген. Бұл да болса Елорда халқымен қалаға келген жолаушыларға сапалы қызмет көрсету жөніндегі Елбасы тапсырмасын орындаудың жарқын көрінісі деп білемін. Осы бір салада халыққа қызмет көрсетуде жұмыс атқарып жүрген азаматтардың көзге көрінбес еңбектерін бағалап, жалақысын көтеру Елбасымыздың жолдауынан орын алып, 2015 жылдың маусым айынан жүзеге асатыны баршаны қуантады. Сонымен қоса, еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жариялау, дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу, «Мәңгілік ел» жобасы бүгінгі күннің басты қағидасына арналған құжат ретінде Елбасымыз жолдауда еліміздің барлық азаматтары мен мемлекеттік органдарының басты назарында болып көңіл аударатын мәселелерге тоқталды. Елімізде 136 ұлттың өкілі бір арна Ассамблеяға топтасып, Ұлтаралық келісім, этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Жалпы, алға қойылған талаптар өте ауқымды. Алдағы жылы еліміздің басты құжаты Ата заңымыз Конститутция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейлі салтанатын атап өтумен қатар, аталарымыз алып берген Ұлы Жеңісіміздің 70 жылдық тойын тойлаймыз. Ұлы Жеңіс—үлкен батырлық, отансүйгіштік, бейбіт өмір және бірліктің жарқын мерекесі. Тарих қойнауына еніп бара жатқан әлемді оқ пен отқа ораған сұрапыл соғыс барша адамзат жүрегіне жазылмас жара салды. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болды, біз бұл Жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста Ұлы жеңіске жол ашты. Жауынгер-майдангерлер өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер таныта білді. Бұл шайқаста ажалдан тайсалмай жауға ұмтылған ерлер есімі тарих беттерінде мәңгіге жазылып қалды. Аса қиындықпен келген Жеңіс күні осы күнге жетпей қыршынынан қиылған сан мыңдаған боздақтардың аманаты болған мерекені әскери азамат ретінде еліміз болып жоғары-деңгейде атап өтуге ат салысуымыз қажет деп ойлаймын. Ұлытау — ежелгі заманның көне сырларын ішіне бүккен шежірелі өлкеде берген Елбасымыздың сұхбатын оқи отырып: Қазақ елі… «Мәңгілік Ел» болу идеясы… Тәуелсіздікті сақтап қалудың қиындығы… Бұл — әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындықты жүрегінен, ақтарыла айтқан тұшымды ойлары барша азаматтың бойына отаншылдық сезімді ұялатары анық. Көкірегіңді қуаныш кернеп, Елбасының төңірегіне ұйыса түсу қажеттілігін ұғына түскендейсің. «Қазақстан — 2050» Стратегиясының түпқазығы болып саналатын «Мәңгілік ел» идеологиясы. Елбасы биылғы Жолдауында осыған бірнеше рет тоқталып, оның маңызын жан- жақты айтып берді.Бұл өте орынды ұсыныс деп санаймын. Сонымен қоса, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселесіне тоқталған Елбасы «Арендалық баспана құрылысы тұрғысындағы қадамдарды қайта қарастыру керек. Бізде қолжетімді баспана бойынша көптеген әдістер бар. Елімізде Тұрғын үй құрылыс жинақ, ипотека, арендалық бағыттар қамтылған. Енді бізге басқа қырынан қарау керек. Мемлекет әлеуметтік арендалық баспананы салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады. Қазіргі кезде қолданыстағы жүйе қомақты қаржыны талап етеді. Бастапқы жарнаны төлеткізеді, содан кейін банктер кабальды (кіріптарлық) пайыздарды бекітеді, яғни оның деңгейі 20 пайызға жетеді. Адамдар оны төлеуге қауқарсыз және проблемалар туындайды. Бұл бағдарламалар қалады, олар дәулетті адамдар үшін қалыпты. Ал жаңа бағыттағы бағдарламаны жас отбасылар үшін және баспанаға зәру азаматтарға жасап жатырмыз», — деуі баспанасыз жүрген барша қазақстандықтың мұңына айналған мәселенің біртіндеп шешіліп жатқанының айғағы болды. Елбасымыздың сөзіне қарағанда, жаңа бағдарлама бойынша баспана еш делдалдарсыз, барынша төмен пайызбен халыққа беріледі. Несиелік қызмет ету 1–2 пайыз көлемінде болуы мүмкін. Осы бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алу құны төмендетіліп, бастапқы жарнаға тыйым салынуы тұрғын үй ала алмай жүргендердің қуанышына айналды. ады. Осы орайда Елбасы арендалық баспана құрылысына 2015–2016 жылдары қосымша 180 млрд. теңге бөлінетіндігін жеткізді. Демек, депутат ретінде алдағы жылдарда қолға алуды жоспарлап отырған іс-шаралардың ішінде әскери қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің мүдделері мен қатар, осы сала зейнеткерлерінің әлеуметтік жағынан қорғалуына барынша назар аудармақпын деп ойлаймын. Бұған қоса Елбасымыздың 2013 жылы Жолдауында айтып кеткен халқымыздың денсаулығын сақтау, спорт ойындарына үлкен мән беріп, жаппай спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына өзгерістер енгізіп, бірқатар шараларды жүзеге асыру қажеттігі көрінуде. «Жаны саудың, тәні сау» деген халық даналығы осындайда айтылған болса керек. Бұл ретте Қазақстан Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың спортқа қатысты айтқан нақыл сөздерімен аяқтағым келіп отыр… «Спорт-адам тәнін ғана емес жанын да шынықтырады. Мен жас кезімде спорттың классикалық күрес түрімен шұғылдандым, ол есейіп елге қызмет атқарған кезеңдерде көп көмегін тигізді. Күрес адамның ерік жігерін нығайтып, алға қойған мақсатқа жетелейді. Өмір тұнып тұрған күрес. Сондықтан мен барлық қазақстандық жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын. Қазақстандық өскелең ұрпақ физикалық тұрғыдан күшті, танымдық жағынан бай болу керек. Бұл әрбір азаматқа үлгі-өнеге болуы тиіс деп ойлаймын. Міне, осындай іс-шараларды жүзеге асырған жағдайда ғана жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті дарыта аламыз. Бүгінгі күннің басты талабы да міне — осы! |
ҚР Президент Жолдауы. А. Тасболатов — сараптамалық пікір
13.11.2014
1697
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел халқына кезекті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға шақырды.