Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кафедралар қатары толыға түсуде

1754
Кафедралар қатары толыға түсуде - e-history.kz
Мемлекеттік жоғары оқу орындарында бұрындары жабылып қалған Қазақстан тарихы кафедраларын қалпына келтіру

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында бұрындары жабылып қалған Қазақстан тарихы кафедраларын қалпына келтіру, сол сияқты дербес Қазақстан тарихы кафедраларын құру мақсатында мониторинг жүргізілді. Мониторинг Қазақстан тарихы кафедраларының 19 мемлекеттік ЖОО-ларда, оның ішінде 6 ұлттық және 13 мемлекеттік ЖОО-ларда қайта қалпына келтіру және жаңадан құру қажет болатынын көрсетті.

Үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларында 19 ЖОО осы тапсырманы орындап шықты. Олардың қатарында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уни­верситеті, Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер­ситеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория сияқты 6 ұлттық ЖОО мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қаласындағы Мемлекеттік медициналық университет, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Рудный ин­дустриялық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мем­лекеттік техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграр­лық-техникалық университеті, Қарағанды мем­лекеттік медицина университеті, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті сияқты 13 мемлекеттік ЖОО бар.

Жаңа кафедралардың кадрлық әлеуеті 128 профессорлық-оқытушылық құрам­нан, оның ішінде 9 ғылым докторынан, 73 ғылым кандидаттарынан тұрады. Ғы­лыми дәрежелілік 64 пайызды құрайды.

Жаңа кафедралардың мақсаттары мен міндеттері:

1. ЖОО курсын тарих және тарихи білім­дерді, оқиғалар хроникаларын жүйелі зерделеуге бағыттау;

2. Тарихтың теориясы мен методологиясы, тарихи танымның қазіргі заманғы құрылымы, тарихи мектептер мен бағыттар проблемалары бойынша жалпы және арнайы курстар дайындау;

3. Қазақстандық жастардың бойында тарихи сананы, қазақстандық патриотизмді, салт-дәстүрлерге, мемлекеттік рәміздерге, өз өлкесінің тарихына құрметпен қарауды қалыптастыру;

4. Тарихи білімдерді насихаттау, жанды, тартымды тілмен жазылған іргелі оқулық­тар­ды даярлау жолымен оларды кеңінен тарату.

Бүгінде ЖОО-ларда Қазақстан тарихы бойынша жаңа оқу бағдарламаларын талдау және әзірлеу жөнінен, сол сияқты білім беру үдерісінде озық технологияларды пайдалану бойынша жұмыс топтары құрылды.

Бүтіндей алғанда, бүгінгі күні 59 ЖОО-да, оның ішінде 9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 1 халықаралық, 9 акционерленген, сол сияқты 9 жеке меншік ЖОО-ларда Қазақстан тарихы кафедралары бар.

Мереке ТАҢАТАРОВ

Түпнұсқа: Егемен Қазақстан 
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?