Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы ауыр атлетиканың тарихы

3160
Қазақстандағы ауыр атлетиканың тарихы - e-history.kz
8 қарашада Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2014 басталады.

КСРО ыдырағаннан кейінгі республикалардың ішінде Қазақстан Республикасының Алматы қаласы әлемдегі ауыр атлетикадан әлем чемпионатының астанасына айналып кетті. Осы кезге дейін Мәскеу қаласы ғана әлемдегі ең мықты штангашыларды қабылдады (1975, 1980,1983 жж.). Ауыр атлетикадан алғашқы турнирі 1891 жылы Лондон қаласында өткен, мұнда алты елден келген үміткерлер бір салмақ категориясында медальдер үшін таласқан.

Осы жылы Алматы қаласындағы әлем чемпионатына Қазақстан, Белорус, Қытай, Колумбия, Эквадор, Мысыр, Германия, Жапон, Польша, Ресей, АҚШ мен басқа елдердің штангашылары қатысады.

Қазақстан намысын қорғайтындар: Маргарита Елисеева (48 кг дейін), Зульфия Чиншанло (53 кг дейін), Сәуле Сәдуәқасова (58 кг дейін), Майя Манеза (63 кг дейін), Карина Горичева (63 кг дейін), Жазира Жаппаркүл (69 кг дейін), Гүлназ Науырызова (69 кг дейін), Анна Нұрмұхамбетова (75 кг дейін), Арли Чонтей (56 кг дейін), Альберт Линдер (69 кг дейін), Кирилл Павлов (77 кг дейін), Медет Жүндібаев (77 кг дейін), Владимир Седов (94 кг дейін), Рустем Сыбай (94 кг дейін), Илья Ильин (+105 кг), Жасұлан Қыдырбаев (+105 кг), Ибрагим Берсанов (+105 кг), Селімхан Әбубақаров (+105 кг).

84bf325da18620f783ea897957fa183b.jpg

Илья Ильин

2012 жылы Қазақстандағы ауыр атлетика үшін ең табысты жылдардың бірі болып саналады. Зулифия Чиншанло (53 кг дейін), Майя Манеза (63 кг дейін) Светлана Подобедова (75 кг дейін), Илья Ильин (94 кг дейін) Олимпиада чемпиондары атанды.


613ba5d37dd4b8746f06be26c79320e5.jpeg

Светлана Подобедова

fe74af68cd975d842d1c2eb5bb7a91e5.jpg

Майя Манеза

Қазақстанда ауыр атлетиканың ресми дамуы 1935 жылдан бастау алады. Араға екі жыл салып республикада ауыр атлетика бойынша алғашқы біріншілік өткізілді. Ал 1954 жылы қазақстандық ауыр атлеттердің әлемдік және бүкілодақтық рекордтар орнатуға бағытталған жетістіктері тізбектелді.

Мысалы, 1958 және 1960 жылдары С.Ульянов әлемдік рекорд орнатып, СССР чемпионы атағын жеңіп алды. Оның ізін әлемдік және бүкілодақтық рекордшылар А.Колодков, П. Ким, В. Дрекслер, А. Храпатый және С.Филимонов жалғастырды.

Алайда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты мен Олимпиадалардың алғашқы жүлдегері болып Қазақстан тумасы Юрий Зайцев саналады. 1974 жылы өзінің мансабындағы алғашқы жеңісіне Маниладағы әлем чемпионатында қол жеткізді. 110 келіде өнер көрсеткен ауыр атлет қоладан алқа тағынды.

97372960ad88c481d467e21c8cda53b0.jpg

Виктор Мазин

Зайцевтің жеңісінен кейін бұл салмақ дәрежесі дәстүрлі түрде «қазақстандық» деп саналды. Араға екі жыл салып Монреалдағы Олимпиадада ол өзінің жеңісін қайталап, «алтын» қанжығалады. Ал 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында атақты жерлесінің ізін 26 жасар Виктор Мазин қайталап, Олимпиада ойындары мен әлемнің чемпионы атанды.

Төрт жылдан кейін Еуропа чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Анатолий Храпатый қола медальға қол жеткізді. Осы жеңісінен кейін 80-ші жылдардың соңына дейін 90 келі санатта әлем бойынша Анатолийге тең келер ешкім болмады. 1995 жылы ол Седертельеде (Швеция), 1986 жылы Софияда, 1987 жылы Остравада (Чехия), 1989 жылы Афинада, ал 1990 жылы Будапештте өткен чемпионаттарда әлем чемпионы атанды.

d9ea066d6b1983b1256c5e421e65042d.jpg

Анатолий Храпатый

1988 жылы әлем чемпионаттарынан ауыр атлетика алынып тасталды. Ол кезде Храпатый Сеулдегі (Оңтүстік Корея) Олимпиададан қанжығасы майланып, үздік нәтижеге қол жеткізген болатын. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз Қазақстан үшін ауыр атлетикадан спортшы алғашқы алтынына қол жеткізді.

Қазақстандық басқа спортшы, С.Филимонов Афины Олимпиадасының «күмісін» олжалады. Ал араға бір жыл салып қызылордалық 17-жасар Илья Ильин Дохада (Катар) өткен әлем чемпионатында 85 келі салмақ дәрежесінде сенсациялық жеңіске жетті. Бір жылдан кейін 94 келі санатқа ауысып, Илья әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, ал 2008 жылы Пекинде (Қытай) өткен Олимпиадасында жеңіске жетті.

Мұнымен қазақстандықтардың тосынсыйы бітпеді. 2009 жылы ауыр атлетикадан Гойанг-Ситидегі (Оңтүстік Корея) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы осы спорт түрінен төрт алтын қанжығалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Олардың арасында «алтын» алқаның иегерлері 16-жасар Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова бар еді. Зульфия әлемнің ең жас чемпионы атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Ауыр атлетикадан осындай жетістіктерге жетуді жалғастыру үшін болашақ чемпиондарды даярлайтын орындар ауадай қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның 13 облысы мен Қазақстан Республикасының екі қаласында осы спорттың түрі дамып келеді. Республика бойынша 43 бөлімшеде жаттығатын 2200-ден астам атлеттер бар. Ауыр атлетика Қазақстандағы ең танымал спорт. Республикалардағы қажырлы еңбектердің арқасында жас спортшыларымыз Қазақстанның намысын әлі талай қорғайтын болады деген сенімдеміз.

Мақала ҚР Ауыр атлетика Федерациясының ресми сайтындағы мәліметтер негізінде дайындалды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?