Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Бейімбет Майлин туралы деректі фильм түсіріледі

3302
Бейімбет Майлин туралы деректі фильм түсіріледі - e-history.kz
Бейімбет Майлин туралы деректі фильм түсіріледі, – деп жазады "Маяк". Бұған биыл Алматыда ашылған Майлин атындағы қоғамдық қор қолдау көрсететін болады.

Бейімбет Майлин  қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Деректі фильмнің түсірілімі 7 қарашада Алматыда басталады. Сол үшін Қостанай облысының Таран ауданынан оңтүстік астанаға делегация аттанды. Оның құрамында Майлиннің ұрпақтары –Тобыл елді мекенінде тұратын Мейрам мен Қуаныш Бақбергеновтер, кітапханалар жүйесінің директоры Гауһар Асанова, Тілдерді дамыту орталығының жетекшісі Ақтолқын Қафизова және аудандық мәдениет бөлімінің жетекшісі Светлана Құлжановалар бар.

Айта кетейік, бес жылдан соң жазушының мерейтойы республика деңгейінде тойланады, соған қарамастан, тарандықтар биылғы мерейтой – 120 жылдықты атаусыз қалдырмауды ұйғарған. Жылдың басында ауданда Майлиннің құрметіне арналған мәдени және спорттық шаралар өтті. Жазушы дүниеге келген бұрынғы Жалшы ауылында мешіт жөнделіп, жаңадан пайдалануға берілді.

Негізгі ірі мәдени шаралар жазда аталып өтті. Оған бүкіл облыстан және еліміздің басқа да өңірлерінен қонақтар мен Майлин ұрпақтары келді.

Бейімбет Майлин 1894 жылы 15 қарашада қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келген. Ол жан-жақты жазушы болған – "Раушан  - коммунист", "Шұғаның белгісі", "Шаншар молда", "Талтаңбайдың тәртібі", "Неке қияр", "Майдан", "Жалбыр" сияқты көптеген шығармалар мен пьесалардың авторы. Танымал шығармасы - оның алғашқы повесі - "Шұғаның белгісі". Жазушы 1937 жылы жазықсыз жабылған жаланың салдарынан, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды

www.baq.kz 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?