Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Оралда 50-ден астам көше атауы өзгерді

1841
Оралда 50-ден астам көше атауы өзгерді - e-history.kz
Орал көшелерінің картасында жаңа атаулар пайда болды. Оралда бұрын тек нөмірлермен ғана белгіленіп келген 53 көшеге қазақ елінің айтулы тұлғаларының есімдері берілді.

Оралдың картасында жаңа атаулар пайда болды. Оралда бұрын тек нөмірлермен ғана белгіленіп келген 53 көшеге қазақ елінің айтулы тұлғаларының есімдері берілді.

Есімдердің арасында батырлар, ғалымдар, саясатшылар – тарихтағы ең белгілі тұлғалар мен қоғам қайраткері – бар. Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Наурызбай батырдың есімдері де Орал картасында өз орындарын тапты.

Жомарт Ерназаров, БҚО тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы:

– Облыстық ономастика комиссиясының материалдары бойынша 550 ұсыныс қабылданды, олардың ішінде Орал қаласына қарасты 8 облыстық аудан мен кенттер бойынша ұсыныстар түсті. Сол ұсыныстардың бәрі мақұлданып қазіргі таңда өз шешімін табуда.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?