Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әлемдік діндер арасында өзара түсіністік орнатқан сөздер

2326
Әлемдік діндер арасында өзара түсіністік орнатқан сөздер - e-history.kz
Әлемдік қауымдастық Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің бірегейлігін мойындайды

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі

Цзямуян Лосанцзюмэй Туданьцюэцзиним – Бүкілқытай буддистер қауымдастығы төрағасының орынбасары: «Бүгінгі әлем түрлі-түсті, және біз діндер мен өркениеттердің әр түрлілігі және өзара айырмашылықтарын құрметтеуіміз керек, кемсітушілік орнына төзімділікке, бытырау орнына бірлесуге ұмтылуымыз қажет». 



Йона Мецгер – Израильдің бас раввині: «Қастық, жек көрушілік, террор – діни адамдар үшін тыйым салынған құбылыстар. Араға от салу қауіпті шегіне келген кезде, оны өшіру біздің қолымызда, өйткені Құдай адамдарды бір-бірінің көзін құрту үшін жаратпаған». 



Николас Бэйнс – Кройдон (Лондон) епископы: «Саясаткерлер қақтығыстарды өте жиі діни себептермен байланыстырады, бірақ негізі бұл – жеңіл түсінік. Осы съезд нәтижесі қақтығыссыз әлем құруға мүмкіндік береді, әрі бейбіт өмір сүру қағидатын әзірлеу үшін үлкен күшке ие болып отыр». 



Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының II съезі

Сергей Орджоникидзе – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары: «БҰҰ Қазақстанның дінаралық диалогты нығайтуға негізделген күш-жігерін жан-жақты қолдайды. Бүгінгі съезд түрлі ұлттар мен халықтар арасында өзара түсіністік тапшылығының орнын толтыруға бағытталған. Съездің Қазақстанда өту фактісі де көп нәрсені аңғартады. Өйткені, Қазақстан Президенті мен халқы қазіргі заман жағдайында бейбітшілік пен келісімнің аса қажет екенін жете зерделеп, жақсы түсінеді».

Абдалла бен Абделя Мухсина Ат-Түрки – Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы: «Терроризм – бұл қылмыстың басқа түрлерімен тығыз байланысқан халықаралық құбылыс. Терроризмді белгілі бір халықтармен не діндермен байланыстыруға болмайды». 



Варфоломей – Константинополь Православ шіркеуінің Патриархы: «Біз бірлесіп қызмет етіп, шиеленістерді шешу жолдарын табуымыз керек. Барлығымыз дау-дамайларға қарсымыз. Пайда болған барлық мәселелерді бейбіт жолмен ғана шешуді үйренуіміз қажет».


Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі

Сергей Орджоникидзе – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары: «Бастаманың мақсаты – адамдар, сондай-ақ діндер және түпкі нәтижесінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту. Мен әлемдік діндер көшбасшыларының қалай тіл табысып жатқанын көріп жүрмін. Бұл өте маңызды, өйткені дін ұстаушылар өз басшыларының айтқандарына құлақ асады». 

Кьелл Бондевик – Норвегияның бұрынғы Премьер-министрі, Бейбітшілік және адам құқығы орталығының басшысы: «Орталық дінаралық және мәдениетаралық үнқатысуға мүдделі. Астаналық съездің мақсаты сияқты ол да қақтығыстарды болдырмау және әртүрлі діндерді жақындастыруды мақсат етеді».

Жан-Луи Торан – Дінаралық үнқатысу жөніндегі Папа кеңесінің Президенті: «Қазақстан – әртүрлі ұлттардың, мәдениеттер мен діндердің өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан үйлесімді ел. Қазақстан мәдениеттердің, дәстүрлер мен діндердің өзара байытылуына қызмет ете алатынын айқын көрсетіп отыр». 


Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі 

Жан Кретьен – Канаданың бұрынғы Премьер-Министрі: «Мұндай диалогтың маңызы зор, ол өзара ынтымақтастықа бағытталуы тиіс. Бұл азаматтардың бостандығын қамтамасыз ету үшін қажет. Барлық көзқарастар бауырмашылдыққа әкелуі керек. Қоғамның дамуына үлес қосу маңызды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты өзге елдерге үлгі болып отыр».

Шломо Амар – Израильдің бас раввині: «Өзара келісім мен диалог орнату арқылы ғана түрлі ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір сүре алады. Қазақстан Президенті мен халқы бұл тұрғыда жетістікке жетіп, биік белестерді бағындырды. Елдеріңіздің қарыштап дамуының бірден-бір тірегі – конфессияаралық келісім мен толеранттылық. Бұл бүкіл әлем үшін үздік үлгі. Дінаралық айырмашылықтан өзара түсіністіктің маңызы жоғары. Бұл мультимәдениеттегі кедергілерден шалынбай өтуге септігін тигізеді. Астанадағы форум бізге осындай мол мүмкіндіктер сыйлап отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттар, діндер мен мәдениеттерді диалог арқылы біріктірген «Жаңа БҰҰ-ның» негізін қалады». 

Пан Ги Мун – БҰҰ бас хатшысы: «Әлем және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші съезіне қатысу мәртебесіне ие болғаныма қуаныштымын. Менің ойымша, Қазақстан бұл диалог алаңын әлем халықтарының өзара бірлігін нығайту үшін жасап отыр. Біз алмағайып заманда өмір сүріп жатырмыз – кедейшілік, ауру-сырқау, ашаршылық және басқа да әлемдік проблемалар халықаралық көмекті күтуде. Дін өкілдері ретінде, бұл мәселелерді «жүректен жүрекке» принципі бойынша шешуге болады. Біз – қай дінге жататынымызға қарамастан, өзара бірігіп, бейбіт өмірге жол бастайтын үлкен күшпіз».

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?