Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қарақоба қорымында жерленген кімдер?

2315
Қарақоба қорымында жерленген кімдер? - e-history.kz
Биыл үшін жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі түркілерге тиесілі Қарақоба қорымын белгілі археолог Зейнолла Самашев зерттеп келеді.

Ғалымдар қорымның нақты уақыты біздің заманымыздың VII–IX ғғ., дәлірек айтсақ б.з VIII ғасыры деп отыр. Үш жыл ішінде археологтар бес қорғанға қазба жұмыстарын жүргізді, олардың жалпы саны жүз шақты болып отыр. Олардың барлығы ежелгі түркілердің өмір сүрген уақытына тиесілі.

— Зейнолла Самашұлы, өзіңіз ашқан археологиялық жаңалық жайлы айта отырсаңыз.

— Біріншіден бұл жерлеу қорымдарының архитектуралық орналасуының өзі бір қызық. Бізге бірінші рет, жерлеу рәсімінің кей ерекшеліктері мен орналасу конструкциясының құрылымын анықтауға мүмкіндік туды. Жиі байқағанымыз қорымды жанамалай соққан жертөле және негізгі кіреберістегі жылқыға арналған жерлеу орындары болды. Жанама қорғанға қазба жұмыстарын жүргізгенімізде жерленген адамдарға тап болдық, олардың бастары шығысқа қаратылып жерленген. Ең қызықтысы олардың барлығы керекті құралдармен жерленген. Олардың барлығы әскери адамдар болған. Сол себептен бе екен, олардың қасына: қылыш, найза, сауыт, дулыға секілді ер қаруы бес қару түгел қойылған. Менің ең бір таңқалдырғаны олардың қасына тағы да музыкалық аспаптар да бірге жерленген.

69be210064dd6062bd534884255bfff6.jpg

ad24ccad3ca09744d60302a7a9721071.jpg

Әрине, барлықтарыңызға белгілі музыкалық аспаптар ежелгі түркілерге қатысты қорымдардың біразынан табылған болатын. Мысалға, Моңғолиядағы Алтай жерін, қазіргі Украина жеріндегі қыпшақ қорымдарын алсақ та болады. Бірақ біздің қазба жұмысында бір қорымнан бірдестен үш аспап табылды. Біреуі қобызға, екіншісі домбыраны еске түсірсе, үшінші аспап әмбебап болған секілді. Ол бір сәтте: шекті және жабысыңқы болған. Олар, ағаштан сақталғандықтан, біз тапқандағы жағдайы көңіл көншітерліктей болмады.

413366bfde6f85fe34e65bcd6b5a1cb4.jpg

Суретте музыкалық аспаптардың бізге жеткен қалдығыf7448b3e58781e36d02a10806e44bdfb.jpg

Қарақоба қорымынан табылған музыкалық аспаптың мойын тұсының бас жағы431e5cf22429e9e62bcb2191c922e379.jpg

Моңғолиядағы Алтайдан табылған музыкалық аспап

Қорымда жерленген сарбаздарды қаруларымен қоса, музыкалық аспаптарымен-де жерлеген. Бұл сирек кездесетін жайт. Енді бұлар кімдер болған деген сұраққа бас қатырып отырмыз? Әскерилер мен? Музыканттар ма? Біздің үшінші болжамымыз бойынша бәлкім олар шаман болған шығар. Логикаға салып қарағанда жерленгендердің барлығы ер адам болғандықтан, олар мүмкін әскери дарынымен қоса музыкаға қабілетті ер жігіттер болуы да бек мүмкін ғой. Бірақ біздің болжам бұлар жай ғана жауынгер-музыкант емес культқа қызмет етуші шаман болды дегенге келіп саяды.

Барлық қатар жерленген адамдардың барлығы бірдестен шаман болып кетпеуі-де мүмкін. Бұлай айтуымызға себеп, табылған бассүйектердің барлығына мінсіз түрде операция жасалған. Қызықтысы, операция дөңгелене келіп 3,5–4,5 см дейін аралықты қамтыған.

Болжамымыз бойынша бұл адамдар операциядан соң біраз уақыт өмір сүрген. Бұл олардың ерекше қабілетке ие жандар деген қорытынды шығаруға итермеледі. Олар тылсым күшке ие болған секілді. Құдіретті күштердің қарым-қатынастары шынайы болуы үшін олардың бассүйектерін әдейі ашқан секілді.

Қазіргі кезде біз қалдықтарды зерттеп жатқан, нейрохирургтардың зерттеу нәтижесін күтудеміз. Төрт бас сүйекті Астанадағы нейрохирургия орталығына беріп, Герасимовтың лабараториясында кей бас сүйектерді қайта қалпына келтіру ісімен айналыспақпыз. Бұл ұзақ болатын күрделі жұмыс, бірақ ақырына жетсек біз сол кезеңдегі музыка, дін мен қоса медициналық деңгейдің қаншалықты дамығанын біле аламыз. Бас сүйекке ота жасау ол заманды айтпағанда қазірдің өзінде өте қиын шаруа екені бесенеден белгілі.

Біз осылай бес қорғанды зерттедік. Әрбірінде адам мен жылқы бірге жерленген. Жылқының әбзелдері түгел бірге жерленген. Адамның ас ауқаты қасына бірге қойылған Бұл міндетті рәсімнің бірі болған. Тағам түріне міндетті түрде жылқының жаясы, қабырға, жауырын кірген. Бұл ел ішіндегі абыройлы танымал тұлғалардың мәзірі. Қарапайым ел адамдары тек жылқының жаясымен ғана шектелген.

— Бұл адамдар неден қайтыс болған?

—Олардың қайтыс болу хақында әртүрлі жорамалдар бар. Олар аурудан немесе соғыста алған жарақаттан қайтыс болуы мүмкін. Жерленгендердің көбісі еңбек пен соғысқа жарамды жастар. Ең қызықты жайт музыкалық аспаптар мен жерленген марқұмдардың көзі тірісінде бас сүйектеріне жасалған оталар болуда. Сосын қорым конструкциясы мен рәсімдер жалғастығы да аз қызығушылық тудырып отырған жоқ. Қорымда бірінші кіреберіс жерді қазып, жанынан қосымша тағы да қазып, ол жерге адамды бар қажеттіліктерімен жерлеген. Ал, кейін бетін, ағаш, таспен бастырған. Жанындағы шұқырға жылқыны жерлеген. Моланы төртбұрыш түрінде қоршап, кейін ол пирамида секілді қалаған.


5cb6a7be5698db22351e2fa59c93ffb1.jpg


Жерлеу схемасы

Қорымдар іздестіру барысындағы барлау нәтижесінде табылды. Олар шымға айналып әбден бекіп кеткен. Бастапқыда біз біреуін ғана таптық кейін бірнешеу болды, ақырында олардың саны жүзге жетіп жығылды.

Жалпылама алып қарасақ, бұл жер өмір сүруге өте қолайлы болған. Шатқал маңында адамдар ғұмыр кешіп, үйлер соққан. Қасында сарқырап тау өзені, ағып жатыр. Қысы жұмсақ, жазы жайлы болған. Бұл жер тұйықталып басқа жақпен байланысқа түспей қалған. Теңіз-деңгейінен биіктігі — 1750 метр. Жорамал бойынша бұл жерде ежелгі түркілердің ерекше тайпасы өмір сүрген.

Басты суретте — Қарақоба қорымдарының орналасқан жері белгіленген.

Людмила Выходченко

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?