1967 жылы 7 қарашада қалалық мәдениет Үйінің ғимаратында Байқоңыр ғарыш алаңының әскери құрылысшыларының әскери және еңбек даңқы туралы экспозиция ашылды, нәтижесінде ол тарих полигонының мұражайына дейін кеңейтілді. Ал осының барлығы мұндай қала әлі болмаған, адам ғарышқа ұшпаған кезде 50-ші жж. ортасында басталды.
«... Әлемнің жиегінен, яғни осы құрметке ие болған Отанымыздың қасиетті жерінен ғарыш кемелері әлі бірнеше рет белгісіз алыстарға кететін болады. Олардың әрбір ұшуы мен қайтып келуі халқымыздың, бүкіл адамзаттың ұлы мейрамы, Сана мен Алға басудың жеңісі болады», — деп жазды ғарыштық-зымыран жүйесінің бас конструкторы С. П. Королев. ХХ ғасырдың 50-ші жылдардың ортасына қарай әрекеттің шектеулі радиусына ие болған КСРО-да Р-1, Р-2, Р-5, Р-5М орта қашықтық зымыраны болған. Қазіргі «Капустин Яр» зымыран полигоны жаңа зымырандарды сынау үшін 8-10 мың және одан да көп қашықтыққа ұшуға мүмкіндік берген жоқ. 8000 км құрлықаралық қашықтығы бар және салмағы 5,5 тоннаға дейін жететін термоядролық басты бөлігі бар көп сатылы баллистикалық зымыранды ұшыру үшін жаңа сынақ полигоны қажет болды. Р-7 жаңа ғарыш зымыранның басты құрастырушысы Сергей Павлович Королев болып анықталды, ал оны құрастыру және сынақтан өткізу орны ретінде Қазақстан белгіленді.
Дәл осы Королев артиллерияның Бас маршалы Митрофан Иванович Неделиннің қолдауымен елдің жоғары партиялық және әскери басшылықты орасан зор техникалық жобаны жүзеге асыру қажеттігі туралы сендірді. Құрылыс орны кездейсоқ таңдалып алынған жоқ: зымыранды ұшыруға қолайлы болған шөлейт жерлердегі халықтың аз болуы, Орта Азиядағы ірі Сырдария өзенінің болуы, дамыған көлік қатынасының жүйесі, ал ең бастысы экваторға жақын болуы, бұл Жердің қосымша айналу шапшаңдығын жіберуге мүмкіндік берді.
1955 жылы көктемде қазақ даласында Төретам кенті маңында генерал-майор Г. М. Шубников жетекшілігімен полигонның тұңғыш объектілерінің құрылысы басталды. Жаңа полигонды құру үшін әскери құрылысшылардың күші жұмылдырылды, олардың көбі Ұлы Отан Соғысы майданынан өткен еді.Жердің жаңа ғарыштық айлығының құрылысы ауыр болды. Адамдар қатты континенттік климатқа, тұрмыстың жағдайсыздығына, қысқа мерзімге тап болды. Бірақ мұндай объектілерді құруда тәжерибе болмағандықтан, ғарыш алаңын орнатуда көптеген қиындықтар туды.
«...Ғарыш айлағы сияқты бірегей кешеннің осындай ауыр жобалау және құру тәжірибесі әлемнің ешбір елінде болған жоқ. Құрылымның нақтылығы мен төзімділігіне қойылған талаптар өте жоғары болды. Күнделікті өнерпаздық, шығармашылық, инженерлік батылдықсыз, қатерге жүру шеберліксіз жетістікке жету мүмкін емес болды. Менің ойымша, құрылыстың жетекші құрамын майдангерлер — соғыстың ауыр сынақтарынан өткен, оның кернеуінде шыныққан адамдар, ешқандай қиындықтардан қорықпаған адамдар құрғаны кездейсоқ емес», — деп еске алады ғарыш алаңын ұйымдастырушы және құрылысқа қатысушылардың бірі М. Г. Григоренко.
Барлық қиындықтарға қарамастан, сол жылдың жазында Кеңес Әскерінің Бас штабы КСРО ҚМ № 5 Ғылыми-зерттеу сынақ полигонының ұйымдық-штаттық құрылымы немесе басқа сөзбен айтқанда Байқоңыр ғарыш алаңы бекітілді.
Байқоңыр ғарыш айлағы бүгін1955 жылдың соңында полигонда 1900 әскери қызметтегі адамдар және 664 жұмысшы мен қызметкер жұмыс істеді. Сол уақытта ғарыш алаңының сынаушыларына арналған тұрғын поселкесінің құрылысы басталды. ол әртүрлі уақытта әртүрлі атауға ие болды: «Ташкент-90», «Заря» поселкесі, «Звездоград» поселкесі, Ленинск қаласы және 1995 жылдың желтоқсан айында ғана ол Байқоңыр қаласына айналды.
Кеттік!
1957 жылы 15 мамырда С. П. Королев жасаған Р-7жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранды полигонның бастапқы алаңынан ұшырғанда, Байқоңыр ғарыш алаңы туралы бүкіл әлем естіп білді. Сол уақыттан бастап, Жюль Верннің қиялды романдары іске асты — адам ғарышты өзіне бағындырды. Ғаламшарымыздан тыс жасалған әрбір әрекеттер қазақ жерінде орналасқан ғарыш алаңынан жасалды.
Сол жылдың 4 қазанында № 15 ҒЗСП бастапқы алаңынан Р-7 зымыранымен жер маңындағы орбитаға әлемдегі Жердің тұңғыш жасанды серігі шығарылды. Осылай ғарыш кезеңі басталды.
1:1 масштабындағы 1-ші ЖЖС (Жердің жасанды серігі) макеті
Көп кешікпей АҚШ пен КСРО арасында Айға ұшу жарысы басталды, ол Байқоңырда аяқталды. 1958 жылы 2 қаңтарда тарихта «Восток» Королева тасығыш-зымыраны Айдан 5 мың қашықтықта өтті және осы аспандағы дененің жасанды серігін ұшырды.
Бірнеше жылдан кейін қазақстандық жер Белка және Стрелка — тұңғыш тірі «сынақшыларды» ғарышқа жіберді. Ал 1961 жылы 12 сәуірде сағат 9:07 минутта «Кеттік!» деген атақты сөзді айтып, Юрий Гагарин алғашқы болып, ғарышқа ұшты.
Ғарышкерлік тарих туралы және № 5 полигон туралы көп жазуға болады. Ұшудың 108 минуты «белгісіз әлемге жолды» ашып, Гагариннің өмірін ғана емес, бүкіл адамзаттың өмірін түгелімен өзгерткенін адамзат әлі соңына дейін түсінген жоқ. Жердің тұңғыш ғарышкерлік портының мұражайында ғарышта болған бүкіл ғарыш аппараттары мен тасығыш-зымырандар өзінің панасын тапты.1:50 масташтабтағы «Одақ» немесе «Гагаринский старт» ТЗ бастапқы кешенінің макеті (1957 ж. бастап одан 500-дей ұшырыстар өткізілді)1:50 масштабтағы «Энергия-Буран» КМҒЖ (көп мәртелік көлік кемесінің жүйесі) макеті
1:50 масштабындағы ХҒС макеті
Ғарышкерлердің ғарыш киімі құтқарушы деп аталады.
«Сокол-К» құтқарушы скафандры «Одақ» көлік-басқарушы кемесіне арналған. Ол герметикалық кабинада ұшқан кезде ғарышкер үшін қалыпты гигиеналық жағдайларды жасауға арналған. Кеме кабинасының герметезациясын жойған жағдайда ол сол киімді киген сынаушының өмірін сақтап қалады. Кеменің амортизациялық қалыбы ескеріліп, скафандрды әрбір ғарышкер үшін арнайы жасалынады. Оны ұшудың ең қауіпті жерлерде — шығару, түйісу, жіберу уақытында киеді.
Мұражайда ғарышкерлердің тамақтануы туралы нақты білуге болады. Ғарышкерлерге арналған арнайы тағамдар сынаушыларға бірінші, екінші тағам және десерт ретінде де беріледі.
Экскурсия жетекшілері айтқандай, Юрий Гагарин ғарышқа ұшыру сәтіне әрқашан келіп отырған. Алғашқы ғарышкерлер 1959 жылы Сырдария жағалауында құрылған қонақ үй кешенінде тоқталып отырған. Сол жерде Гагариннің күркесі бар, онда 1961 жылы 10 сәуірде ғарышқа алғашқы болып Гагарин ұшып баратыны жарияланды.
Гагарин басты құрылымдаушы С. П. Королевпен бірге
Юрий Гагарин қаланың орталық алаңында (ол кезде Ленинс селосы) сөз сөйлеуде, 1962 жыл, тамыз айы
Бүгінгі күні ХҒС экипаждары қалыптасқан дәстүр бойынша Байқоңыр ғарыш алаңының тарихы мұражайына барып отырады.
Негізгі және қосарланушы экипаждар ғарыш алаңына екі аптадан бұрын келеді. Олар «Космонавт» қонақ үйінде тұрады, онда демалыс және спортпен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Ұшу алдында олар дәстүрлі түрде «Белое солнце пустыни» фильмін қарайды, ағаштардың көшеттерін отырғызады және қонақ үй нөмірінің есіктерінде өздерінің қолжазбаларын қалдырады.
Жердің тұңғыш жасанды ғарыш портының тарихы мұражайы Қызылорда облысы Байқоңыр қ. қалалық мәдениет Үйінде орналасқан. Мұражайға бару мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат: 8 (33622) 50620
Людмила Выходченко