12 желтоқсанда Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарынының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Біз қазақ ежелден азаттық аңсаған» бейнепанорамалық көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады, деп хабарлады astana.kz «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, «Нағыз желтоқсан» қоғамдық қорының өкілдері Ақмол ауылының №5 орта мектеп оқушыларымен кездеседі. Кездесу барысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қайғылы сәттері және сол күндері қаза тапқан қатысушылар туралы айтылады.
Іс-шара соңында «1986 жыл: Алаш перзенттері» деректі фильмі көрсетіледі.
Көрмені қалалық Мәдениет, Ішкі саясат басқармалары және «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қоры ұйымдастырады.
«Біз қазақ ежелден азаттық аңсаған» көрмесі 12-20 желтоқсан аралығында өтеді.