Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бабаларды ұлықтау рәсімі

2508
Бабаларды ұлықтау рәсімі - e-history.kz
Алғаш таныстығымызда мен өз бабам туралы Зиябек Ермұханұлына айтқан болатынмын. Содан екейін, екеуіміз бірге жұмыс істеп, мақалалар жаза бастадық

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы​, профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновтың архив деректеріне негізделген «Сұлтанмәмет сұлтан: мемлекет қайраткері, дипломат және батыр» монографиясы мен «Орта жүздің сұлтандары мен батырлары» атты мұрағат материалдарды жинағының тұсаукесері өтті

Сұлтанмәмет сұлтан – 1710-1799 жылдар аралығында өмір сүрген тарихи тұлға. Абылай ханның немере ағасы. Қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнатуда сүбелі үлес қосқан. Сонымен қатар сұлтан Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Балқашта болған Шаңды жорыққа Ертіс өңірінен 50 мың қол жинап, шайқасқа аттандырған. 1771 жылғы шешуші шайқаста Сұлтанбет сұлтан Өріс, Иман және Қараш есімді ұлдарымен бірге жоңғарларды ойсырата жеңеді. Ұлдарының барлығы Ертіс өңірінде болыстарды басқарған.

Кітап авторы профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновтың айтуы бойынша бүгінгі шарада екі кітаптың тұсауы кесіледі. Автор Омбы және Орынбор облыстарындағы тарихи мұрағаттарының құпия материалдары, Абылай ханды тұтқындау әрекеттері, «Шаңды жорық» кезіндегі Орта жүздің 50 000 әскерінің жиылуы, қазақ әулетінің патшалық үйлерінің құрылысы және т.б. ақпараттар кітапта болатыны жайлы айта кетті.

«Осындай мұрағат материалдардың болғаны дұрыс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы тұлғаларды» зерттеу мәселесінде айта кеткен болатын. Осы орайда, бүгінгі болып жатқан іс-шара Елбасы сөзінің дұрыс бағытта келе жатқандығы. Шараға көптеген ұлт зиялылары, қоғам қайраткерлері, тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар қызығушылық танытып, келіп отыр. Жапония мен Украин мемлекетінің профессорлары да бүгінгі тұсаукесердің құтты қонағы. Бүгінгі тұсаукесері болатын екі кітапқа келетін болсақ, екеуі де орыс тілінде. Бірақ жақын арада қазақ тіліне аудару жоспарда бар» – деді кітап авторы, профессор Зиябек Ермұханұлы

Тұсаукесердің құрметті қонағы болып Сұлтанмәмет сұлтанның 7-нші ұрпағы, педагогика ғылымдарының докторы Мейрам Исин келді.

«Бүгінгі ауқымды шарада Зиябек Ермұханұлының екі кітабы жарық көріп отыр. Мен өзім Сұлтанмәмет сұлтанның тікелей ұрпағы боламын. Сұлтанмәмет сұлтанның екінші баласы Иман сұлтаннан тараймыз. Алғаш таныстығымызда мен өз бабам туралы Зиябек Ермұханұлына айтқан болатынмын. Содан екейін, екеуіміз бірге жұмыс істеп, мақалалар жаза бастадық. Екеуіміз Омбы архивіне де бардық. Архивтік құжаттарды бірге жинадық. Сол себепті Зиябек Ермұханұлы мені кітаптың жауапты хатшысы ретінде жазып қойды. Жақсы дүние шықты деп ойлаймын», – дейді Мейрам Исин

Тұсаукесер елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын қолдау аясында Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Еуразия Ұлттық университетінің студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?