Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Шығыс Қазақстан облысының құрылуы

Қазақ СРО Министрлер кеңесінің өкімімен Сәкен Сейфуллиннің мұражайы ашылды

- = -

Тарихшы-шығыстанушы Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтің туған күні

26336
Рамазан Бимашұлы Сүлейменов - тарихшы, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы (1973), профессор (1981), ҚазССР ҒА академигі (1989), Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады (1956). Аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер, Қазақстанның мәдениет тарихы (1959-1992) және шығыстану бөлімінің меңгерушісі (1979-1985), Тарих, археология және этнография институты директорының орынбасары (1983-1984), директоры (1985-1988), Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы (1986-1992), Ұйғыртану институты жанындағы Шығыстану орталығының бірінші басшысы (1992). Қазақстанның мәдениет тарихы саласында жаңа перспективалы ғылыми бағыт пен ғылыми мектептің негізін қалады. Мәдени құрылым, отандастық интеллигенцияны қалыптастыру және дамыту проблемаларын әзірлеуге, қазақ халқы мәдени мұрасының жасанды түрде үзілген сабақтастығын қалыптастыруға, негізсіз репрессияға ұшыраған жазушылардың, мемлекеттік қайраткерлер мен ғылым және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық мұрасының ғылыми ақталуына зор үлес қосқан. «Шоқан Уәлиханов – ХІХ ғ. Орталық Азияның көшпенді халықтарының зерттеушісі» шығармашылық жұмысы, Абылай хан, Т. Жүргенов, С. Асфендияров, Г. Тоғжанов, Т. Рысқұлов, Қ. Қ. Жұбанов туралы жазған кітаптары мен мақалалары көпшіліктің көңілінен шыққан. Қазақстанның Шығыстағы шекаралас мемлекеттерімен саяси және мәдени байланыстары тарихына, Қазақстан және Орталық Азия халықтарының философиялық және мәдени мұрасының тарихына арналған 30 астам жұмыстарында шығыстану тақырыбы бейнеленген. 238 ғылыми жұмыстың авторы, оның 30 астамы - монографиялар. Негізгі ғылыми жұмыстары: · Артта қалған халықтардың мәдени прогрессінің социалистік жолы. Алма-Ата, 1967 (серіктес автор). · Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы. Алма-Ата, 1985 (серіктес автор). · XVIII ғ. Қазақстан тарихынан Алма-Ата, 1988 (серіктес автор). · Санжар Жафарұлы Асфендияров. Алма-Ата, 1989.