Қазақстандағы украиндар: қоныс аудару тарихы
03.02.2015 3777
Қазақстандағы украин диаспорасы қашан пайда болды, олар елімізге қашан қоныс аударды деген сауалдарға, «Українські новини» Республикалық газетінің бас редакторы Тарас Чернега жауап берді.

Аталған газетте редактор қызметін атқарып жүргенімде, қазіргі Украина жеріне жататын кейбір аудандардан қоныс аударушылардың Қазақстанға келуіне байланысты көптеген материалдармен танысып, зерттеп шықтым. Дегенмен, ол материалдар және бұрын да оқып танысқан зерттеулер, украиндықтардың Қазақстанға қоныс аударуы жайлы толық және жүйелі сипаттама бере алмады. 

Ерекше айта кету керек, бұл мәселе Шығыс украин диаспорасы бойынша зерттеулердің ортақ мәселесі болып табылады. Шығыс украин диаспорасы орналасу аумағы жөнінен украиндардың байырғы жерлерінен бастап шығысқа қарай созылып жатыр. Украиндардың шығысқа қоныс аударуы тарихы аз зерттелген, ал Батыс украин диаспорасының тарихы бойынша іргелі еңбек өте көп, бұл туралы көптеген зерттеушілер жазған [1; 2;3]. 

Дегенмен, соңғы бір жарым-екі онжылдықтың көлемінде украиндардың материктік Украинадан шығысқа қарай қоныс аудару тарихына айрықша назар аударылады, осыны екі объективті себеппен түсіндіре кетсек болады. Біріншіден,Украина тәуелсіздігін алған соң, оның мемлекет ретінде қалыптасу тарихын зерттеудің қажеттілігі пайда болды, ал екіншіден, посткеңестік елдерді егемендендіру және осы мемлекеттерді демократияландыру үдерістері мұнда тұрып жатқан украиндардың ұлттық сана-сезімін оятуға түрткі болып, украин этномәдени бірлестіктерінің құрылып, украин халқының өз тарихына деген қызығушылығын арттыруына жол берді. 

Қазақстанға келген украин қоныстанушылары жайлы өте аз зерттелген, ал зерттелген мәліметтер өте қызықты. ХV-ХVІ ғасырларда, жер игерушілер Орал бойы мен Сібір, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Қиыр Шығыс аумағын игере бастағанда, Украинадан шыққан алғашқы тұлғалар қазіргі Қазақстан аумағында көшіп-қонған. 

Сонымен бірге, ХVІІ ғ. -ХVІІІ ғ.басында Ресей империясының ықпалы күшейіп, Орал, Тобыл, Іле, Есіл, Ертіс өзендерінің алқаптарына тарап кетеді. Екатерина II-нің Жарлығы бойынша 1768 жылғы халық-азаттық көтерілістің қатысушылары осы аймақтарға жіберілген [2, 261–262 бб.; 5, 5 б.].  Дәл осы аймақ, тарихта 1768 жылғы халық-азаттық көтеріліс «коліївщина» («коль» сөзінен шықты, көтеріліске қатысушылар негізгі қару ретінде «коль» яғни найзаны қолданған ) деген атымен белгілі болды. 

1775 жылы Запорождік казактар да мұнда жер аударылған. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы украиндардың алғашқы күштеп қоныс аударуы депортациялық түрде мәжбүрленген . Өкінішке орай, ХІХ ғасырға дейінгі мұрағаттық материалдарды зерттемей, күштеп жер аударылған адамдардың нақты саны мен қоныс аударушылардың тағдырын анықтау мүмкін емес. 

ХІХ ғасырда Украинадан шыққандардың қазақ даласына қоныс аударуы, Қазақстан аймағында патша үкіметінің отаршылдық саясатты жүзеге асыру мүддесіне байланысты болған. Осындай отаршылдық саясат ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап, 1917 жылғы төнкеріске дейін созылған. 

XIX ғасырдың бірінші жартысында Украиндардың Қазақстанға қоныс аударуы ауқымды үдеріс ретінде санауға негіздер жоқ. Ал XIX ғасырдың екінші жартысындағы украиндардың қазақ даласына қоныс аударуы қарқыны күшейе түсті. Көші-қон 1861 жылдан бастап басыбайлылық құқық жойылғаннан кейін және Сібір темір жолы ашылғаннан кейін тіпті күшейе түсті. 

Полтава, Харьков, Екатеринослав, Херсон губернияларынан көптеген украиндар жер аударылды [7; 9 б.]. Қоныс аударушылар негізінен қазіргі Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының аумағына орналасты. 

XIX-XX ғасырлар арасындағы уақытта (алғашқы орыс төңкерісі және одан кейінгі А.П.Столыпиннің реформасы кезеңі) қоныс аударушылардың саны ең жоғары көрсеткішке жетті [2; 6; 7; 8]. Осы кезде Қазақстандағы украин диаспорасының негізі қаланды. Зерттеушілер осы кезден бастап украин халқының украиндық жерлерден шығысқа қарай – Сібір, Қазақстан Қиыр Шығысқа – қоныс аударуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады деп көрсетеді. Сол кезеңдерді украиндардың қоныс аудару «толқындары» деп атап кетті. Дегенмен, зерттеушілердің мұндай толқындар санына қатысты пікірлер әртүрлі. Мысалы, А.Пономарев украиндардың «шығыс бағытта миграциясының үш негізгі толқынын» көрсетеді [6]. Атап айтқанда: Бірінші толқын — XІХ ғасырдың аяғы; Екінші толқын — ХХ ғасырдың басы (А.П. Столыпиннің реформасы кезеңінен бастап 1917 ж. төңкеріске дейін); Үшінші толқын – ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары (Тың игеру кезеңі). 

Украиндардың қоныс аударуының бөлінуі тек схемалы түрде бөліну деп қабылдауға болады, өйткені украиндардың көші-қонын осылай дәурлерге бөлгенде, 20-30-шы жылдардағы халықтардың қоныс аударуы, 1930 жылғы күштеп қоныс аудару үдерістері, 1941-1942 жылғы әскери басып алу, 1950 жылға дейінгі күштеп қоныс аудару үдерістері назарымыздан тыс қалады. Сонымен бірге, украиндықтардың Қазақстанға қоныс аударуын Украинадан Сібірге және одан кейін – Шығысқа қарай деген жалпы қоныс аудару қозғалысымен бірге қарастыру керек. Украиндықтардың Қазақстанға қоныс аударуына екі оқиға түрткі болған. Біріншіден, басыбайлылық құқық жойылғаннан және патша патша үкіметі нормативтік құжаттарды, яғни қоныс аудару туралы уақытша ережені, енгізді. Сонымен бірге, 1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді [4]. 

Екіншіден, 1894 жылы Сібір темір жолы ашылған. Украиндықтардың қоныс аударуының келесі «толқыны» А.П.Столыпиннің реформасы кезеңіне (1906-1917жж.) байланысты болды. Ресей империясының алғашқы және бірегей жалпы халықтық санағы 1897 жылы өтті, оның статистикасына негізделсек, XІХ ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тұрған украиндар саны 86,7 мың адам болды [7] (басқа деректер бойынша – 93,2 немесе 93,4 мың адам), ал 1917 жылы қоныс аударушылардың саны 8 есеге өсті. Қоныс аударушылардың саны 700 мың адамнан асты. Қазақстандағы жалпы тұрғындардың ішінде украиндар саны 1897 ж. 1,9% болып, 1917 ж. 10,5%-ға дейін өсті, яғни 5 есеге өсті. 

1926 жылғы Жалпы одақтық санақ нәтижелері бойынша Қазақстандағы украиндар саны 150 мың тұрғынға өсіп, 860 201 адам құрады. Айта кету керек, 1917-1921 жж. төңкеріс пен азамат соғысында қоныс аудару үдерісі баяу жүрді. Украиндардың Қазақстанға қоныс аударының келесі «толқыны» – күштеп қоныс аудару. Осылай, 1928 жылдан бастап, яғни ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және «кулактар қауымын тап ретінде жою» дәуірлерінде, украинадан миллионға жуық адам жер аударылып жіберілген, осы тұлғалардың арасында «халық жауы» деп танылған кулактар ғана емес, орташа шаруалар мен зиялы қауым да болды. Олардың көптегендері Қазақстанға жіберілген. 

1930-шы жылдардың аяғында қоныс аудару «толқыны» өзінің шырқау шыңына жетті. Сол кезде (1939 жылы) Кеңестік Одағына Батыс Украина аймағы күштеп қосылған. Соның нәтижесінде Қаззақстанға көптеген украиндар адам жер аударылды. 

1941 жылы Украинадан көптеген зауыттар мен мамандар көшірілді. 1941—1942 жж. Украинададан Қазақстанға 52 баладар үйі көшірілген. Кейбір балалар асырап алынуға берілген, басқаларға колхоз, совхоз және де басқа өнеркәсіптік кәсіпорындарында жұмыс берді. Айта кету керек, репрессиялық қоныс аудару «толқыны» соғыстың соңында қайталап өтті. Осы кезде Қарағанды, Жезқазған, Ақмола арнайы лагерлеріне бұрынғы әскери тұтқындар, ОУН-УПА деп аталған көтерілесшілер жасақтарына қатысқан тұтқындар-украиндықтар, сталиндік және кеңестік режиммен күрескендер орнастырылды. 

1953 жылдың қаңтарында Қарағанды облысына 7,9 мың адам арнайы қонысқа жер аударылып көшірілген. Украиндардың Қазақстанға қоныс аударуының жаңа толқыны тың игеру кезеңіне (1954 жылдан бастап) байланысты болды. Тың игеру алғашқы жылдарында Қазақстанға 300 мыңнан астам адам келді, көбінесе жастар келді. Жас адамдар Украинаның көптеген аудандарынан көшіп келді, әдетте комсомолдық жолдама бойынша келген. 1950-шы жылдардың соңына дейін Украинадан келген адамдар мұнда 54 совхозды ұйымдастырды, мысалы, «Киевський», «Харковський», «Полтавский», «Херсонський» деп аталатын совхоздары болды. Тың игеру уақыты украин диаспорасының тарихының бір кезеңі болып, аталмыш диаспораның дамуын жеделдетті. Ерекше айта кету керек, көшіп келген тың игерушілердің арқасында Қазақстандағы украин диаспорасы өз ұлттық қасиеттерін сақтады. Қосу керек, тың «толқыны» 1960-шы жылдардың аяғына дейін созылып кетті, кейін, ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарында Украинадан қоныс аудару қозғалысының дәуірінде тұрақтандыру кезеңі басталды, ал 80-90-шы жылдардың басында Қаззақстанда тұратын украиндар саны азая бастады. 

Статистикалық деректер бойынша осы кезеңде Қазақстандағы украиндар: санының динамикасы [10, 71 б.]: 

1989 ж. — 896240  

1990 ж. — 893780  

1992 ж. — 889759 

1993 ж. — 875434  

1995 ж. — 820871  

1996 ж. — 797716  

1999 ж. — 547054  

2006 ж. — 444700 адам болған. 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ұлттық халық санағының нәтижелері бойынша ҚР аумағында тұратын украиндар саны 333,2 мың адамды құрады (Қазақстан тұрғындарының 2,1%-ы). Осылай, украиндықтар саны 10 жылдың ішінде – 1999 жылы өткізілген халық санағынан кейін – 39,1%.-ға азайып кеткен. Қазақстан аумағында украин халқының өкілдерінің саны азайып бара жатыр, оған екі фактор себеп – миграциялық және ассимилятивтік үдерістер. КСРО ыдырап кеткен соң, оның аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды; бірақ, Қазақстан Республикасында украин этномәдени ұйымдары да пайда болды, ұйым мүшелерінің украина тіліне, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген қызығушылығы арттуда. 

Айта кету керек, қазіргі таңда украин этносының ұлттық-мәдениетті жаңғырту үдерісі жүзеге асып жатыр. Украин этносының ұлттық-мәдениетті жаңғырту үдерісі ҚР Конституциясына сүйеніп отырады. Ата Заң елдегі барлық этностардың еркін дамуына жол береді. Қазіргі таңда мемлекеттік органдармен ресми тіркелген 26 украин этномәдени бірлестігі өз қызметін атқаруда. Олардың ішінде ең негізгілері Астана, Павлодар, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Ақтау қалалыр мен басқа да аудан орталықтарында жұмыс жасауда. Осылайша, қазақ даласында украин қоныс аударушыларының ұрпақтары өз халқының мәдениеті мен тарихын сақтап отыр. 

Дереккөздер: 

1. Енциклопедія української діяспори, 7 т. — К., 1995–1998. 

2. В.П. Трощинський, А.А. Шевченко. Українці в світі. 15 том. — К., 1999. 

3. В. Євтух, В. Трощинський, А. Попок. Закордонне українство. — К., 2005. 

4.Қазақстан тарихының очерктері. — Сб.: Алматы, 1980. 

5. А.Ф. Макаренко.Украиндықтар. — Алматы, 1998. 

6. В. Сергійчук. «Українізація Росії». Політичне ошуканство українців російською більшовицькою владою в 1923–1932 роках. — К., 2000. 

7. А. Пономарьов. Українська етнографія http://etno.uaweb.org/book2/index.html (13 дәріс) 

8. А.Н. Алексенко, Н.В. Алексеенко, М.К. Қозыбаев, Ю.И. Романов.Қазақстан этностары. — Астана, 2001. 

9. http://ukreurotrans.com.ua 

10. Л.И. Мазука. Закордонне українство в Казахстані: історія та сучасність. (До року України в Казахстані) //Стратегічні пріоритети. — 2008. — № 3(8).