Мәдени серуен: Ұлттық сурет галереясындағы «Қазақ әлемі» залы
02.02.2015 3703
Галереяның осы залы бабаларымыздың зердесінің тереңдігі, даналығын көрсетеді. Көрмеге зергерлік бұйымдар, XVIII-XX ғасырлардағы қазақ халқының тұрмысын сипатайтын заттар қойылды.

«Астана» ұлттық сурет галереясында зал деп аталатын бірнеше тұрақты көрме жұмыс істейді. Ашылған кескіндеме, графика және мүсін залдары жайлы жазып өткенбіз. Бүгін «Қазақ әлемі» көрмесі туралы айтып бермек. 

Қазақтардың қолданбалы өнерінің мұрасын зерттеуде саяси ғылымдар докторы, белгілі саяси қайраткер, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың жинақтамасы үлкен орын алады. Қазақ халқының тарихы, ұлттық дәстүрлері, қолданбалы өнеріне деген қызығушылығының арқасында 25 жылдың ішінде көнеліктің көптеген әдемі заттарын жинады. Тіпті жиналған көне заттардың көрмесін ұйымдастыруға болады. 

Жинақтама экспозициялық залды екі дербес бөлікке бөледі. Оның бірінде XVIII — XX ғасырдың басындағы Орталық Азияның әртүрлі аймақтарында (Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Қытай, Моңғолия, Кавказ) өмір сүрген әйелдердің зергерлік бұйымдары экспозицияға қойылды. 

XIX-XX ғасырлардағы әйелдердің әшекей бұйымдары, Тәжікстан, Өзбекстан

Экспозицияның басқа бөлігі зергерлік өнердің және әшекей бұйымдарды тағу дәстүрлерін көрсетеді. Қымбат әшекей бұйымдарға мұқият қарасақ, олардың стиліндегі елеулі айырмашылықтар көзге түседі. Осындай өзгешеліктер бұйымның жасалу орнына байланысты болады. Ақмола, Алматы, Торғай, Жезқазған, Қызылорда облыстарының және Жетісу ауданының бұймдары көрмеге келушілерді қызықтыра алады. 

Жүзіктер 

Сырғалар 

Құдағи жүзік. Екі жастың қатар тұрған қос балдақ, сақина тәрізді қартайғанша бірге өмір сүруін тілейтіндігінің белгісі ретінде сыйға тартады.

Қос білезіктер. Ер адам үйлену тойынан кейін өз жұбайына қос білезікті кигізеді. 

Әртүрлі елдер, халықтар, мәдениеттер, дәуірлердегі әшекей бұйымдарының сан түрлілігі  көрмеге келушілерді таңқалдырады. XIX ғасырдағы қазақ пен өзбек, түрік бұйымдарының ұқсастығын байқайсыз. Сонымен бірге, халықтардың әсемділік мәселесіне деген көзқарастары әртүрлі болады. Қазақ, өзбек, қырғыз зергерлік өнерлерінің мыңжылдық тарихы бар. Бұйымдардың зергерлік қызметтері бірдей болған: қорғау, тазалау, әшекерлеу. Дегенмен, қазақ әйелдерінің зергерлік бұйымдары ерекше көрікті болып көрінеді. Қазақ зергерлері бабалардың даналығын металлға беріп, бұйымдардағы оюлар арқылы қазақ әйелдерінің сұлулығын көрсеткен.

Қазақ әйелдерінің әшекей бұйымдары 

Зергерлік бұйымдардың бай топтамасынан басқа, экспозицияға хандардың мөрлері, түймелер, қарсы ілгектер, гигиеналық бұйымдар жиынтығы, парфюмериялық құралдар, ер киімінің жинақталымдары, тұрмыс заттары мен ат әбзелдері қойылған. «Қазақ әлемі» залы кеңестіктен кейінгі кеңістікте теңдесі жоқ жинақтама болып табылады. 

Зергерлік бұйымдар – бұл біздің төл тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі, бұл ғасырлық қолтаңбасы бар бұйымдар, оларды сонау ата-бабаларымыз пайдаланған. Ал ауқатты отбасынан шыққан әйелдің әшекейлерінде бағалы тастардан көз салынған алтын әшекейлер көп кездеседі. Олар күрделі көркемдік шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді.

Түймелер жиынтығы

Қарсы ілгектер

Сөмке, тарақ, қобдиша, түймелер 

Ер адамдардың белдіктері

Фотосуреттердің авторы: Алена Демченко