Президент Архиві ІІ Дүниежүзілік соғыс тұтқындарына Германиядан өтемақы алуға көмектесті
28.11.2016 2632
ҚР Президентінің Архиві 2015 жылдың қаңтарында «Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары: әдебиеттер, деректер, мәліметтер базасы» ғылыми-зерттеу жобасын қолға алған болатын.

2015 жылдың мамырында Германия Федеративтік Республикасы бұрынғы кеңестік әскери тұтқындарға төленетін 2500 еуро көлеміндегі өтемақыны тағайындау туралы шешімін қабылдады. Соның негізінде ҚР Президентінің Архиві табылған 10 қазақстандық бұрынғы әскери тұтқынға төленетін өтемақыны алуға байланысты құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР Президенті Архиві баспасөз қызметіне сілтеме жасап National Digital History порталы хабарлайды.

Аталған жұмыс Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік, Шымкент өңірлік мемлекеттік архивтерімен бірлесе жүргізілген. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары Оңалтай Адасов, Оспан Бексейітұлы, Мамытбай Жанаев, Петр Кривко, Андрей Рудь, Шерім Сауранбаев, Әуезхан Шайдазимов өтемақыны алды. ҚР Президенті Архивінің директоры Борис Жапаров жау тұтқынында болған ардагерлерді екінші дүниежүзілік соғыстың майдангер-қатысушысы ретінде тану маңызды деп атап көрсетті.

Бексейітұлы Оспан 102 атқыштар дивизиясының құрамында болған.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)