Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЕҰУ Республикалық «Гумилев олимпиадасын» өткізеді

9

09.04.15

2015 ж. 10 сәуірінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің Еуразиялық зерттеулер кафедрасы «Ұлттык тарих және идея «Мәңгілік Ел» атты тақырыпта Республикалық «Гумилев олимпиадасын» өткізеді. Олимпиадаға республика аймақтарынан 9-11 сынып оқушылары ғылыми жобаларымен бірге қатысады. «Гумилев олимпиадасы» Еуразиялық зерттеулер кафедрасының жыл сайынғы дәстүрлі ic-шарасы. Олимпиаданы өткізудің мақсаты өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік, патриоттық, тәрбиені сіңіру, «Мәңгілік Ел» идеясы мен отандық тарих қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастыру. 

Іс-шара жұмысы барысында ең үздік жұмыстар келесідей бағыттары бойынша ұсынылады: 

— «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи бастаулары; 

— «Мәңгілік Ел» идеясы және Отан тарихы;

—  «Мәңгілік Ел» идеясы және этномәдени құндылықтар; 

—  «Мәңгілік Ел» идеясы және тарихи тұлға; 

— Қазақ мемлекеттілігі және «Мәңгілік Ел» идеясы.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?