Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде кезекті комиссия отырысы өтті

2975
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде кезекті комиссия отырысы өтті - e-history.kz

Қараша айының 5-і күні Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде (ZOOM) «Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескен жеке дара тұлғаларды, қоғамдық және саяси ұйымдардың қозғалыстарына қатысушыларды, сонымен қатар қызмет бабында, ғылыми, мәдени және басқа да салаларда мемлекеттік қудалау мен қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау жөнінде ұсыныстар дайындау үшін материалдар жинау бойынша тәжірибе алмасу туралы» тақырыптық семинар өтті.

Семинарды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесі мен Ақтөбе облысының әкімдігі ұйымдастырды. Республиканың барлық облыстарынан Өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарының өкілдері қатысты. Семинарға сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мамандар, еріктілер де қатысты. Семинардың мақсаты – Өңірлік комиссиялардың мамандандырылған жұмыс топтарының семинарда талқыланған тақырып бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі, жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер бойынша тәжірибе алмасу, өңірлік комиссиялардың ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру жолдарын қарастыру және олардың мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарымен өзара әрекеттестігін дамыту.

Модератор ретінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, Мемлекеттік комиссияның қызметін қолдау жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі, жұмыс тобының жетекшісі Қасымов Сабыр Ахметжанұлы сөз алды. Семинар тақырыбы бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссияның төрайымы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызы кіріспе сөз сөйледі. Басты сөз алған С.А.Қасымов Қазақстан Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы үшін күрескендерді толық құқықтық және саяси оңалту туралы арнайы мемлекеттік акт қабылдамағанын атап өтті.

WhatsApp Image 2021-11-09 at 12.29.26.jpeg


Басты баяндамашы ретінде сөз сөйлеген С.А.Қасымов еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жыл ішінде Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы үшін күрескендерді толық құқықтық және саяси ақтау туралы бірде-бір арнайы мемлекеттік акт қабылданбағанын айтты. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңында қуғын-сүргін құрбандарының бұл санаты мүлде аталмаған. Дегенмен, бұл қуғын-сүргін уақыты жағынан ең ұзақ, ең жүйелі, ең қатыгез және жасырын жүзеге асырылған. Өткен уақыт мерзіміне қарамастан, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресіп қуғын-сүргінге ұшыраған халық (адамдар тобы), сауатты түрде күресе білген саяси және қоғамдық ұйымдар, қоғамдық-саяси, рухани, қызметтік, ғылыми, мәдени және шығармашылық салаларда қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар ақталуға тиіс.

WhatsApp Image 2021-11-09 at 12.29.34.jpeg


Осы мәселе бойынша жұмыс тобы жан-жақты тексеру жүргізуде және осы санаттағы барлық зардап шеккендерді толық саяси-құқықтық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысына өз ұсыныстарын енгізеді:
– Қазақстанда Кеңес өкіметін күштеп орнатуға қарсы күрескендерден бастап, Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық күреске қатысушылар, бізге үлкен адам шығынын әкелген ағайындық азамат соғысы мен таптық қарсылықты жасанды түрде енгізуге қарсы күрескендер.
- Аймақтық қозғалыстардың көшбасшылары және Алаш партиясының белсенділері, Алаш-Орда үкіметінің мүшелері, Алаш әскери құрамаларының мүшелері, сондай-ақ оларға ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық көмек көрсеткен тұлғалар, т.б. С.А.Қасымов Қазақстанның мүддесі, бостандығы мен тәуелсіздігі үшін тек қазақтар ғана емес, осы күреске қарулы қақтығыстарға да және саяси-идеологиялық майданға да шын жүректен қатысқан жүздеген, мыңдаған орыс, өзбек, еврей, украин, қырғыз және басқа да халықтардың өкілдері репрессияға ұшырағандығын тілге тиек етті. Бірақ олар туралы білетін адамдар саны өте аз. Сондықтан олардың ерлігін жаңғырту, есімдерін Қазақстанда мәңгілікке қалдыру өте маңызды және бізге міндет екендігіне де баса назар аудартты. Сонымен қатар, баяндамашы: «Біз қазақ халқының ұлттық мүдделері мен құқықтарын қорғаған немесе азаттық, тәуелсіздік үшін күреске шақырған ғалымдардың, зерттеушілердің, жазушылардың, өнер қайраткерлерінің, режиссерлердің еңбектері мен тағдырларын зерттеп жатырмыз және саяси-құқықтық ақтауға ұсынатын боламыз және олар жоғарыда аталған қызметтері үшін қуғын-сүргіннің әртүрлі формаларына ұшыраған».


Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы мыналарды ұсынады:


Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалар туралы» Жарлығының қабылданылуын сұраймыз, онда Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескендердің ерлігін көпұлтты халқымыздың ең жоғары ұлттық мұрасы болып танылуын ұсынамыз, себебі бұл Қазақстандықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарын патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу үшін сақталуы және мәңгілікке қалдырылуы тиіс. Жұмыс тобымен Жарлықтың алдын ала жобасын дайындалды. Сондай-ақ осы аттас заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізудің қажеттілігі бар. С.А.Қасымов ерекше атап көрсеткендей, «біздің барлық жұмысымыз басқа халық өкілдерінің абыройы мен құқықтарына нұқсан келтірмей, Қазақстандағы саяси және ұлтаралық келісімнің бұзылуына жол бермей, халықаралық стандарттар мен нормалар аясында өркениетті түрде жүргізілуі керек. Біз саяси қуғын-сүргіннің қарапайым халықтың пікірімен санаспастан билік тарапынан әзірленіп, жүзеге асырылғанын ескере отырып, қазақстандықтар – басқа халықтардың өкілдері бұрынғы биліктің әрекеті үшін жауап бермейтіндігін» айтты.

Қазақстанның барлық 17 аймағының өкілдері – өңірлік комиссиялардың жұмыс топтарының басшылары мен мүшелері де баяндамашылар ретінде өз ойларын білдірді. Баяндамашылар мұрағат қорларынан бұрын белгісіз материалдар табылып жатқанын, халықтық, қоғамдық және саяси ұйымдардың қозғалыстарына қатысушылар туралы және Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күресіп, осындай идеялары үшін қоғамдық, ғылыми, мәдени және басқа да салаларда мемлекеттік қудалау мен қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар туралы да құжаттық деректердің әлі де көп екенін атап өтті.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?