Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нұр-Сұлтанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның алтыншы отырысы өтті

2264
Нұр-Сұлтанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау  жөніндегі өңірлік комиссияның алтыншы отырысы өтті - e-history.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Қазақстан шаруаларына қатысты большевиктік-сталиндік билігінің күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, күштеп ет және астық дайындау және басқа да саяси науқандары барысында қазақстандықтардың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» мәселелері бойынша алтыншы республикалық семинар өтті.

Онлайн форматта өткен семинарды Мемкомиссияның Жобалық кеңсесі мен Алматы облысының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Семинардың кіріспесін саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық кеңсесінің басшысы Сабыр Қасымов ашып, шараның өту барысымен таныстырды.

Сабыр Ахметжанұлы өзінің кіріспе сөзінде Қазақстандықтардың жаппай қуғын-сүргіні азық-түлікті дайындау науқандары барысында да жүргізілгенін атап өтті. Тек Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Президиумының комиссиясы анықтаған жеке фактілер бойынша - 56 мың 498 адам әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 34 мыңнан астамы біздің азаматтарымыз сотталды. Қазкрайком Бюросының отырысында бірінші хатшы Голощекин азық-түлікті дайындау науқандары бойынша 1928 жылғы қазаннан бастап 1929 жылғы 1 желтоқсанға дейін сот желісі бойынша 125 адам атылғанын, ОГПУ желісі бойынша 152 адам атылғанын хабарлады.

«1932 жылғы 7 тамыздағы «үш масақ туралы» заң бойынша, оны орындау барысында шаруаларға қатысты бұрын-соңды болмаған кең және қатал репрессиялар қолданылды. Осылайша, осы заңды қолданудың бірінші жылында 33 мың 345 адам сотталды. Биліктің кінәсінен аш болған балалар мен отбасы мүшелерін тамақтандыру үшін адамдар бұл «масақтарды» теріп үйлеріне алып кетуге мәжбүр болды. Бұл үшін олар ату жазасына кесілді немесе 10 жылға бас бостандығынан айырылды» - деді Мемлекеттік комиссия мүшесі, Жобалық кеңсенің басшысы С.Қасымов.

Саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссияның төрағасы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов денсаулығына байланысты шараға қатыса алмады. Оның орнына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рақмет Есдәулетов сөз сөйлеп, аймақтық комиссия төрағасының құттықтау сөзін жеткізді.  

Негізгі баяндаманы Мемлекеттік комиссияның мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, большевиктік – сталиндік биліктің шаруаларға қатысты күштеп ұжымдастыру, азық-түлік дайындау және басқа да саяси науқандарының құрбандарын ақтау үшін зерделеу, қорытындылар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының жетекшісі Омарбеков Талас Омарбекұлы жасады.

Одан кейін арнайы баяндамашылар қатарынан Алматы қалалық жұмыс тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Болат Кабдушев, Қостанай облысының жұмыс тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Эльмира Наурызбаева, Түркістан облысының жұмыс тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ақмарал Сандыбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Жамбыл облыстық жұмыс тобының жетекшісі Сейдахан Бақторазов тақырып төңірегінде келелі ой қозғады. Семинар соңы қызу пікірталас пен құнды мағлұматтар легіне ұласты.

Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары өңірлік комиссияларының жұмыс топтарының өкілдері қатысты. Семинарға мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мамандар, еріктілер қатысты.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?