Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көшпенділер өркениетіне арналған «Астана мыңжылдықтар тоғысында» фестивалі

1612
Көшпенділер өркениетіне арналған «Астана мыңжылдықтар тоғысында» фестивалі - e-history.kz
«Астана мыңжылдықтар тоғысында» фестивалі қазақ этносының тарихи рухын бейнелеп, халықты біріктіреді

Елордада бұл шара биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Астана тұрғындары мен қонақтары төрт күн бойы өтетін фестивальге қатысып, көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының тұрмысымен, салт-дәстүрлері және мәдениетімен танысады. 

294b50830cbcc4a24c8aae93529b938a.JPG

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, 2015 жылғы фестивальге 500-ге жуық адам қатысуда. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан келген би ұжымдары, Оңтүстік Қазақстан облысының әртістері шақырылды. Астаналық өнер қайраткерлерінің арасында «Арлан» костюм театры, музыкалды мектептердің өкілдері бар. «Астана мыңжылдықтар тоғысында» – көшпенділер өркениетіне арналған әлемдегі жалғыз фестиваль. 

Көшпелі өркениет фестивалінің өз тұжырымдамасы кезінде тарихқа деген өркениетті көзқарастан туындап, әзірленген. Бұл әдіс ХХ ғасырдағы батыстық тарихи антропологияны негізге алып, соның өзіндік сұрақтарына жауап береді. Оның түпкі төрінде бірігейлік идеясы мен тарихи жолдардағы өзіндік келбет, жекелеген халықтардың жолы жатыр. 

Кез келген өркениет белігілі бір философияға, қоғамдық-маңызды құндылықтарға негізделіп, өзіндік өмір салтына ие болады. «Астана мыңжылдықтар тоғысында» фестивалі көшпелі қазақ халқының тарихи рухынан сыр шертеді. Жыл сайын аталған фестиваль елорда тұрғындары мен қонақтары тарапынан орасан зор мәнге ие болып келеді. Әр жылдары фестиваль аясында: Стивен Сигал, Арманд Ассанте, Майкл Мэдсен, Николай Валуев және Евгений Стычкин сынды әлемдік жұлдыздар өнер көрсетті. 

629d7da310a7e1df0035408b14ac93ef.JPG

a9e773950d5026f325445a69bd4a439f.JPG

342946b42949b6d5699a340d19891580.JPG

Биыл да астаналықтарға қазақтың байырғы көшпелі мәдениетімен қайтадан қауышуға мүмкіндік туды. Сол жағалауда үлкен этноауыл тұрғызылды. Онда киіз үйлер мен Шығыс базары, сахна алаңдары орнатылып, зергерлердің әшекей бұйымдары көрсетілді. Сонымен бірге атты-әскери шоуы өтті. 

16ced4abb81e458e0d2ad0c6ca8f2920.JPG

253be7bd0e83c76ab5e6731993120d0f.JPG

Бұл жерде фестиваль қонақтары дәмі тіл үйіретін бауырсақтан ауыз тиіп, қымыз, шұбат секілді қазақтың ұлттық сусындарынан дәм татты. «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының алдындағы алаңда киіз үйлер ауылға айналды. Онда Юлия Руцкая, «Ордо Сахна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі (Қырғызстан); Куннэй, «Эйгэ» ұлттық салт-дәстүрлер театры (Якутия); «Кешью» тобы, Ақылбек Жеменей, «Қоңыр» этнотобы, «Kobyz project», «Сазген сазы», «Ақжарма», «Хассак» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері, «Наз» би ұжымы (Қазақстан); «Sema Dance» (Түркия); «Сабо» (Өзбекстан) өз өнерлерін ортаға салды. 

5c2cf2c9f65c666ddfc23317886c0215.JPG

ca5643f904d778078053dacaebbefb74.JPG

Ташкент қаласынан (Өзбекстан) келген цирк әртістерінің ағаш аяқпен ары-бері ойқастауы назарға тез ілікті. Олар жиналған жиналған қауымды көңілдендірді. 

e80f1626b6578f922cc401c52bd7fbc8.JPG

Сонымен бірге, фестиваль барысында «Ат жалында» ұлттық спортының шоуы өтті. Ал балаларға арнап «Менің кішкентай киіз үйім» жасалған. Балалар мен ересектер киіз үйдің құрылысы және жабдығымен танысты. Фестиваль аясында тауарлардың және қолданбалы өнер бұйымдарының ауқымды жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда ең үздік зергерлер мен шеберлердің жұмыстары көрсетілді. «Фольклорға толы өмір» бағдарламасы бойынша әртүрлі жанрлардағы салттық музыка орындалды. Сонымен қоса «Астана мыңжылдықтар тоғысында» шарасының барысында жыршылар, ақындар, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер өнер көрсетті. 

f7a41f0b7a1fa191b27631acdf14a28f.JPG

21dd85909fa40cb32e37919fe56a0d04.JPG

Түркі халықтарының баға жетпес асыл қазынасы — елордалықтар мен қала қонақтарына, сондай-ақ Астана қаласының мерейтойына керемет тарту болды.

Барлық фотосуреттер мұнда 

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?