Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын тойлау ресми түрде басталды

1808
Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын тойлау ресми түрде басталды - e-history.kz

Алматыда ұлы ғалым, ойшыл, кемеңгер Әбу-Насыр әл-Фарадидің 1150 жылдығынының ашылу салтанаты өтуде.  Ғұлама ғалым атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында өтіп жатқан шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысуда. Ол өз сөзінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталғанын айтты.

Мемлекеттік хатшы әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ұлы ғұлама мұраларын және біздің елдегі, сонымен бірге шетелдегі әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін зерделеуге қуатты серпін беретінін, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ оларды ғылыми қызмет саласына тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Құрметті қонақтар! Баршаңызды әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Мерекелік жиын алдында қатысушылар университеттің бас алаңындағы әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Әл-Фараби атындағы кітапхана-орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты шараға БҰҰ және ЮНЕСКО, ИЫҰ, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, танымал шетелдік және отандық ғалымдар, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысуда. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?