Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алпамыс алғаш орыс театры сахнасында

2545
Алпамыс алғаш орыс театры сахнасында - e-history.kz
Қарашаның алғашқы онкүндігінде М. Горький атындағы академиялық орыс театрында «Алпамыс» қазақ батырлық жырының сарыны бойынша «Аманат» спектаклінің премьерасы өтті

Қойылымға 18 әртіс – театрдың бүкіл құрамы қатысты. Сахнаның тәжірибелі шеберлері ұрпақтан ұрпаққа жеткен батырлық жыр атмосферасын жасады.

Бас кейіпкер Алпамыстың рөлін Максим Ященко сомдады, оның сүйіктісі Гүлбаршынды – Наталья Маштакова. Бұл қойылым театр әртістері үшін ерекше мәнге ие.

Бұл дастан Қазақстан Репсубликасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған және Қазақстан сахнасында алғаш рет қойылып отыр.

Бұдан ерте Қазақстанның оңтүстігінде дастан өзбек аранжирлеушілігінде қойылған болатын.

Спектакль «Аманат» деп аталды, өйткені Алпамыс туралы аңыз – бізге бабалардан жеткен аманат, халықтың батырлығын, ұлтжандығын, рухын жеткізу.

Алпамыс батыр туралы дастан өзінің 1000-жылдығын тойлады, бірақ қазақ халқы осы уақытқа дейін жүрегінде бабалар ерлігін сақтап келеді.

Алпамыс туралы аңыз – барлық түркі тілді халықтардың мәдени мұрасының игілігі. Алпамыстың – әділдік үшін күрескен жауынгердің тұлғасы тәуелсіз Қазақстанның рухын көрсетеді.

Өмірбаяндық анықтама

Бекпулат Парманов –М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас режиссеры Ленинград театр институтын тәмамдаған. Санкт-Петербургтегі музыка және кинематография институтын бітірген.

1992 жылдан бастап ТМД елдерінің театрларында әлемдік, заманауи, ұлттық және балалар әдебиеті шығармалары бойынша 50-ден астам спекталь қойылымдарын сахналаған. Жұмыс барысында ол әртүрлі жанрдағы көптеген тамаша спектакльдерді қойды.

Бұлардың қатарында Есірткіге қарсы Мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі «Бұл менің таңдауым!» («Это мой выбор!»), «Айқай» («Крик»), «Шыңырау» («Пропасть») музыкалық-поэтикалық композициялар, Н. Коляданың «America for Russia подарила пароход» романтикалық фарсы, Иван Вырыпаевтың «Валентинов день» ирониялық драмасы, А. Касонның «Дикарь, Третье слово» және Р. Баэрдың «Смешные чувства» мелодрамалары, К. Людвигтің «Примадонны» комедиясы және т.б.

Бекпулат Парманов Қазақстан Репсубликасының еңбегі сіңген әртісі атағына ие, әлемнің 6 халықаралық театралдық фестивальдерінің «Гран-при» иегері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты болып табылады.

Б.Парманов – ҚР Театр қайраткерлері одағының тұрақты мүшесі, театрдың көркемдік кеңесінің мүшесі және Тәшкент театр институтының профессоры.

2011 жылы Б.Парманов «Көркемдік-басқарушы құрамының үздік қызметкері» номинациясы бойынша Астана қ. Мәдениет басқармасының сыйлығына ие болды. 2012 жылы режиссерге Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетовтың Гранты табысталды. 2016 жылы 115-ші театр маусымының жабылу салтанатында Қазақстан халқы ассамблеясының «Бірлік» медалімен марапатталды.

Сұхбат

Бекпулат Парманов, бас режиссер: 

Бүгін «Алпамыс» спектаклінің алғашқы премьерасы, әрине, толқып тұрмыз. Біз бұл материал бойынша бір жыл шамасында жұмыс жасадық, өйткені арнайы пьеса болмады, бұл біздің сахналауымыздың бесінші нұсқасы. Эпостық материал өте күрделі болғандықтан әртістер, әрине, толқу үстінде. Немен күрделі? «Алпамыс» операсы болғандықтан, Алпамыс туралы көшпелі халықтардың көптеген нұсқалары бар. Мысалға, мен өзбек нұсқасын жақсы білемін, оның кейіпкерлері бір болғанымен қазақ нұсқасынан көп айырмашылығы бар. Егер біздің дастан сіздердің естеріңізде болса, біз бұл жанрдан алшақтап, оны аңыз-ертегіге ұқсастырып, мифтік жанрға жақындаттық. Тек қана әртістер ғана емес, декорациялар да әрекет етуші тұлға болады, бірдеңені білдіретін белгілер бар. Мысалға, сахнада үнемі айналып тұратын арба бар, өйткені ол қозғалыс, өмір. Арба төңкерілгенде, өмір тоқтайды.

Сондықтан Алпамыстың өзінің рух еркіндігі, халқынан алған дұрыс тәрбиесі арқасында әділдік үшін күреседі және халқын қорғайды. Біз ең алдымен халық рухын қайтарғымыз келді, жасампаз күшін дұрыс бағытқа қарай жұмсамаса, халық мықты бола алмайды. Осы бағытта біз жұмыс жасадық. Спектакльдің аяғында көрермен аңызшының суға жуыну салт жорасын көреді, өйткені спектакльдің аяғында бұлақ, су, қайнар көз, өмір, халықтың гүлденуі пайда болады.

Ақиқатында, Оңтүстік Қазақстанда, Жетісай қаласында 10 жыл бойы «Алпамыс» пьесасын қойып келді, бірақ ол өзбек нұсқасы болатын. Ал қазақ нұсқасы алғашқы рет орыс сахнасында қойылып отыр.

Максим Ященко, әртіс: 

Бүгін мен басты рөлді сомдаған «Аманат» спектаклінің премьерасы болып өтті. Бұл халық дастаны, басты кейіпкер табиғатынан ерекше қабілетке, ғажайып күшке ие. Иә, ол суға батпайды, отқа жанбайды, оны қылыш та, оқ та өлтіре алмайды және өзінің ерекше қабілетін адамдарға көмектесу үшін қолданады. Бұл білектің күшімен жасалатын жақсылық. Осы спектакльде ол жақсы көрсетілген: ол өзінің руын, отбасын, ғашығын қорғайды, басқа адамдарға көмек қолын созып, жер бетіне бейбітшілік алып келеді.

- Спектакльге дайындық қалай өтті?

- Бұл тарихи қаһарман болғандықтан, оны ойнап шығу оңай емес. Көп ақпарат жинау және осы батырды көрерменге көрсету үшін тарихты көп қазбалау қажет. Көрермен де тарихты біледі ғой және қандай да бір деректерді сахнада өтіп жатқан нәрселермен салыстыруы мүмкін. Дайындық үстінде тарих бойынша көп мағлұматтар қарадым. Орыс тілінде оқыдым. Дайындық барысында спектакль түбегейлі өзгеріп отырды, өйткені оны сахналау қиын және қызықты. Жалпы, спектакльдің дайындығына екі айдай уақыт кетті.

- Спектакль алғаш рет қазақ сахнасында қойылды деп айтуға болады ма?

- Бұл қазақстандық қойылым, Өзбекстандағы «Алпамыш» емес, біздің үлгіміз бойынша «Алпамыс» ретінде қойылды. Әр халық оны өзіне балайды, бірақ біз оны қазақ халқының көзқарасы бойынша қойдық.

- Сахнадағы ойыннан алған әсеріңіз қалай?

Әсерлер... Жақсылық жасаушыдан қандай әсерлер алуға болады? Ең жағымды. Ұнамды кейіпкерді ойнау оңай болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде, бұл өте қиын. Жауызды ойнау әрқашан қызықты. Ал басты кейіпкерді сомдау қиынырақ.

- Залдың энергетикасы, кері байланысы сезіледі ме? Көрермен спектальді арбаланғандай тамашалады. Бұл премьера болғандықтан біздің толғанысымыз сезілді. Спектакльдің соңында, қызу қол шапалақтау болғанда, көрермен көп сұрақты өзіне қойғаны белгілі болды. Яғни, бұл театрдың негізгі мақсаты болып табылады. Әр адам осы жерде өзін таныды.

Материалды дайындаған Малика МУРСАЛИМОВА, фото автордікі

Видео: Ақбота КҮЗЕКБАЙ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?