Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғалымдар алғашқы қазақ хандарының молаларын іздеумен айналыспақ

1565
Ғалымдар алғашқы қазақ хандарының молаларын іздеумен айналыспақ - e-history.kz
Қазақстандық археологтар тарихтағы ақтаңдақтарды Қазақ хандығына қатысты жаңа деректермен алмастырмақ. Олар, Керей мен Жәнібек хандардың өлімі турасында шынайы мәліметтерді жарыққа шығармақ.

Алғашқы хандарымыздың дәл қай жерде жерленгені әлі күнге дейін белгісіз. Дегенмен, К.Ақышев атындағы ҒЗИ ғалымдары қолда сенсациялық деректеріміз бар деп отыр. Орталық қызметкері археолог Серғазы Сәкеновтың айтуынша, жақын арада осынау тарихи шындық жарыққа шығуы тиіс деп жазады Almaty.tv.  

"Бұған дейін Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы өз деңгейінде зерттелген жоқ. XIV-XVI ғасырларға тиесілі археологиялық нысандар да дұрыс зерттелмеуде. Қазақтың алғашқы хандарының жерленген жері туралы мәселемен де тыңғылықты айналысып жатқан ешкім жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша, олардың моласы Қазан қаласында немесе Сарайшықта болуы мүмкін. Бірақ, біздің пікіріміз басқаша. 2009 жылы Астанадан 100 шақырым қашықтықтағы Қорғалжыннан XV ғасырға тиесілі қорым табылды. Біздің болжамымыз бойынша, бұл жерде сұлтан Жәнібектің денесі жерленген" дейді ғалым.

Мазардың сәулеті мен көлеміне қарап оны құрметті адамға арнап салғанын байқауға болады. Мола Жәнібек-Шалқар көліне жақын орналасқандықтан ол Жәнібек ханның жатқан жері болуы әбден мүмкін. Дәл осы маңда алғашқы хандардың жазғы тұрағы болған. Ал, Жәнібек пен Керей хандар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген деген болжамды Серғазы Сәкенов жоққа шығарып отыр.

"Түркістан аумағы дәл сол тұста шайбанилердің билігінде болды. Ал, олар біздің сұлтандарды өз территорияларына кіргізбеген. Менің ойымша, Қакзақстанның орталығындағы далалар алғашқы хандардың ордасы болған" деп атап өтті археолог-ғалым.

Қорғалжыннан табылған мазардың ұзындығы мен ені 7 метрден. Тура осындай көлемдегі кесенелер кезінде Тәуке хан мен Есім ханға да салынған болатын. Археологиялық нысанда бес жылдан бері жұмыстар жүргізілмеген. Қазба жұмыстары мұнда тек келесі жылы – Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы қарсаңында қайта жанданбақ.  

www.baq.kz
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?