Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихи дерек түсінігі

5434
Тарихи дерек түсінігі - e-history.kz
Деректану – тарихи деректердің теориясын, оны зерттеу­дің техникасы мен әдістемесін қарастыратын тарих ғылы­мының бір саласы

Ғылымда тарихи деректің түсінігі сан алуан. Әр заманда, әр­түрлі елдің тарихшылары тарих дерек туралы әр түрлі пікірде бол­ды. Қалай болғанда да өткен заман туралы қандай да болсын, мә­лімет беретін ақпарат көздерін тарихи дерек санатына қосқан дұ­рыс сияқты.

Тек қана олардың мына төмендегі талаптарға сәйкес болуы қажет деп ойлаймыз. Біріншіден, ұзын-сонар адамзат тарихында халықтың рухани және материалдық мәдениет саласында ұрпақ­тан-ұрпаққа мұраға қалдырған жәдігерлер оның өткенінен шы­найы ақпарат береді. Екіншіден, бұл ақпарат мұқият тексеріліп, объективтілігі мен шынайлығы анықталуы қажет. Үшіншіден,та­былған, тексерілген, анықталған ақпарат тек зерттеу процесінде пайдаланған жағдайда тарихи дерек ретінде танылады. Тарихи дерек дегеніміз – зерттеу процесіне енгізілген адамзат қоғамы­ның тарихынан қандай да болсын мәлімет беретін ақпа­рат көзі.

Осы күнге дейін ғалымдар арасында ақпарат көзіне адамзат тарихынан мәлімет беретін қандай жәдігерлерді жатқызуға бола­ды деген мәселе жөнінде пікірталастар жүріп жатыр. Олардың бір тобы оған адамзаттың іс-әрекетіне байланысты қалған ізді (след) жатқызса, екіншілері сол іс-әрекетті айқындайтын, анықтай­тын деректерді ақпарат көзі деп есептейді. Алғашқы топ мұндай деректерге адамның мақсатты түрде өз қолымен жасалған затта­рын кіргізсе, екіншілері солар жөнінде айтылғандарды, жазылғандарды есепке алады.

Деректану – тарихи деректердің теориясын, оны зерттеу­дің техникасы мен әдістемесін қарастыратын тарих ғылы­мының бір саласы. Ол – кешенді ғылым. Оның жеке ғылыми ста­тус алған бірнеше саласы бар. Негізгі міндеті деректерден шы­найы ақпарат алу. Тарихи деректанудың ғылым ретінде өзінің объектісі, пәні және мақсаты мен әдістері бар. Яғни ол – заманауи талаптарға сай тарихи деректерді пайдаланудың теориялық-әдіс­намалықмәселелерін зерттейтін ғылым.

Деректану – басқаларға қарағанда жас ғылым. Оның пайда бол­ғанына небары 100 жыл ғана. Ол әлі ғылым ретінде қалыптасу үстінде. Шетел тарихшылары ХІХ-ХХ ғасырларда-ақ тарихи де­ректердің теориялық мәселелерінерекше әлеуметтік таным ретін­де шешу жолдарын ойластырған.

Кешегі совет тарихнамасында бұл проблема пікірталас туғы­зып, ХХ ғасырдың екінші жартысында деректанудыңтеориялық мәселелерімен қатар оның қолданбалы қызметін де айқындаған болатын. Сөйтіп мынадай проблемалардың басын ашып алу қажет:

1) деректанудың ғылым ретінде қалыптасуы;

2) оның пәні мен міндеттерінің теориялық сипаты бар екендігін түсіну;

3) оның тарихи пәндер арасындағы орны анықтау, пәнаралық ста­тусын мойындау;

4) тарихи деректердің табиғатын және мәнін, оларды топтау, түрлері мен түршелерінің эволюциясын зерттеу;

5) олардың беретін ақпараттардың көп құрамдылығын және олар­дың оның түрлері мен формасын, сапа мен санының сипатын анықтау.

 

Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫ, тарих ғылымдарының докторы, профессор

 

Редакциядан: Тарих ғылымдарының докторы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Аманжол Күзембайұлының «Деректану» атты оқу құралы портал базасында жарияланды.

«Деректану» оқу құралы тарихшы мамандарды дайындауда ерекше орын алатын деректану пәніне арналған. Оқу құралы негізгі үш бөлімнен тұрады: алдымен дерек түсінігінің теориясы қарастырылса, келесі бөлімінде деректердің түрлеріне сипаттама беріледі. Ал соңғы тарауында деректерді іздеу, табу, талдау және олардан объективті ақпарат алу әдістері баяндал­ған.

Оқу құралы тарих факультетінің студенттеріне, магистрлеріне, жоға­ры жəне орта оқу орындарының оқытушылары мен мұғалімдеріне арнал­ған.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?