Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Талғат Мұсабаев: «Дәлсіздіктерді жою керек, өйткені бұл тарих»

2830
Талғат Мұсабаев: «Дәлсіздіктерді жою керек, өйткені бұл тарих» - e-history.kz
Қазғарыштың 25 жылдығына орай 2018 жылғы 12 сәуірде Ұлттық ғарыш орталығында салтанатты іс-шара өтті

ҚР Парламент Сенатының депутаты, Қазақстанның Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, ғарышкер, техника ғылымдарының докторы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ғарыш саласының дамуына зор үлес қосты. Даңқты ғарышкер 15 жыл бойы жұлдызды қалашықта қызмет етеді, үш рет, оның екеуінде кеме командирі ретінде ғарышқа ұшады. Талғат Мұсабаев Ұлттық ғарыш орталығына шақырған қымбатты әріптестеріне алғыс айтты.

- Қазғарыш туған үйімдей болып кетті, - дейді Талғат Мұсабаев. Роскосмос өкілі  Анатолий Юрьевич Красниковті шын жүректен құттықтады. - Ғарыш саласындағы Ресей Федерациясымен тығыз қарым-қатынассыз қолымыздан көп нәрсенің келуі екіталай еді. Әрине, бірдеңелер істелер еді, ал бірдеңелер істелмес еді.

- Бірақ, сол уақытты түсіну керек. Қазір Қазақстан үлкен мүмкіндіктерге ие. Сол кездегі бүкіл Қазақстанның бюджеті қазіргі Қорғаныс министрлігінің бюджетіндей ғана болды деп айта аламын. Сондықтан, қандай ғарыштық қызмет туралы әңгіме болуы мүмкін? Бірақ, дегенмен де, мамандар өз жұмыстарын істеп жатты. Сол кезде, біздің ғарыш айлағының жайы не болады? деген сұрақ тұрды. Олар кәсіпқой мамандар ретінде Байқоңырдың бүгінгідей жағдайға жетуіне зор үлес қосты. Бүгінде біз Роскосмоспен табысты қызмет жасап келеміз. Бірлескен кешен салу бойынша жаңа қадамдар жасап жатырмыз.

Мемлекет Басшысының шақыруымен мен қайтып келдім, келгеннен соң әлі өмірде жоқ «Бәйтерек» БК АҚ бас директоры болып тағайындалдым. Ол кезде мен бас директор емес, «уәкілетті тұлға» болатынмын. Жүгіріп жүріп, кәсіпорын құруға тура келді. Бүгінде «Бәйтерек» БК АҚ қалыпты жұмыс істеп тұр.

Талғат Мұсабаев: «Дәлсіздіктерді жою керек, өйткені бұл тарих», - деп айқындап қойды.

- «Қазғарышқа» 25 жыл ма? Жоқ, «Қазғарышқа» 25 жыл емес, 11 жыл. Бұған дейін түрлі комитеттер және бір аэроғарыш агенттігі болды, бірақ  «Қазғарыш» деген бренді болған жоқ. «Қазғарыш» деген ұғым алғаш рет 2005 жылы пайда болды, қазір «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген атаумен белгілі компания, ол кезде «Қазғарыш» деп аталған. Біз тікелей Премьер-министрге бағынатын министрлік құқығындағы «Ұлттық ғарыш агенттігі» аталған дербес орталық мемлекеттік орган болған соң, мен бұл компаниядан «Қазғарыш» атауын алып, сол кезде құрамына бүгінгі күні бар барлық кәсіпорындарды енгізіп, «Қазғарышты» тұтас агенттік ретінде белгілеуді ұсынған едім. Үкімет бұл ұсыныспен келісті де, 2007 жылы бұл жүзеге асырылды. «Қазғарыш» атауын Ұлттық ғарыш агенттігі алды. Бұл уақытқа дейін министрлік құрамына кірген бірде-бір комитет «Қазғарыш» деп аталған жоқ. Тек «Казкосмос» деген компания ғана болды, оған мен өзім «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген ат бердім. Бұл біздің ғарышқа сапарымыз болатын, бәрі осыдан басталды.

- «Инфракос» РМК алғашқы кәсіпорын болды. Бұл бірінші шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болды. Оның алдына орасан зор тапсырмалар қойылған еді. Ол оның бәрін орындап, осы күнге дейін сәтті жұмыс істеп келеді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» - ғарыштық қызмет саласындағы жетекші кәсіпорын, ол да көптеген түрлі өзгерістерді бастан кешірді. Осыған дейін бұндай ештеңе болмағандықтан, өз жолымызды іздеуге тура келді.

Ұлттық аэроғарыш агенттігінің төрағасы ретінде, сол кезде басталып жатқан жобаларды тежеуге және бағдарламадан мүлде алып тастауға тура келді.  Ол, мысалы, «Ишим» сияқты жоба – МИГ-31Д тосқауылшы ұшағы негізінде авиациялық-зымырандық ғарыш кешенін жасау, егер оны жасасақ, ол еліміздің түбіне жетер еді. Екінші жобаны тоқтатуға және аяқтауға тура келді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ресейлік «РНИИ КП» кәсіпорнымен Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін жасауға ақша төленіп те қойған еді. Осыдан кейін мен, кімнен не үйренуге болатынын көру үшін, сонымен қатар Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін бізге кім жасап бере алатынын және оны тек ғарыштық аппарат түрінде қолымызға ұстата салмай, түрлі тағайындалымдағы ғарыштық аппараттарды жасаудың заманауи технологияларын бере алатын түрлі елдерді араладым, тіпті, дипломатиялық қарым-қатынасымыз жоқ елдерге де бардым. Мен Astrium трансұлттық француздық компанияны таңдап, Президентке ұсындым. Екі спутник және толықтай жер үсті спутнигі түріндегі Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін жасау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

- Біз қазір Ұлттық ғарыш орталығында отырмыз, ал, бұл жерде тақыр дала мен батпақ болғанын көпшілік біле бермейді. Мейірбек Молдабекұлы Молдабеков, Марат Нұрғожин, Нұрғалиев және тағы басқа бірқатар жолдастар осы жерге келген еді, және осы жерге алғашқы қазықты мен қаққан едім. Егер де құрылысшылар жарға жығып кетпегенде, бұл кешен 2015 жылдан бастап жұмыс істеп тұрар еді. Бұл кешен неге бұл жерде орналасқан, неге бізге аэропортқа барар жолдың бойынан  30 гектар жер берілді? Қала басшылығы жерді бұл жерден емес, ЖЭО маңынан, қоқыс тастайтын жердің жанынан берген еді. Осы жер телімін алу үшін мен қанша денсаулығымды құрттым. Экологиялық таза аудандағы осы тамаша орынды біз осылай алдық, аэропорттан тура ғарыш орталығына келетін шетелдіктердің алдында да ұяттан қызармаймыз. Қазғарышқа жоғары сыныпты ғарыш аппараттарының тобы тиесілі.  KazEOSat-1 сипаттамасы сияқты аппарат бүгінгі күні, тіпті, Ресейдің өзінде де жоқ. Біз ғарыш аппараттарын жобалау және ғарыштық жүйелерді басқару саласында 24 қазақстандық маман дайындауды ұйымдастыру жөнінде француз, неміс, ағылшын және басқа да серіктестерімізбен келісім жасадық. Бізде осындай мамандар бар деп, енді мақтана аламыз. Қазғарыш үшін бұл үлкен жетістік!

- «Ғарыш экология» 2005 жылы құрылған жоқ. 2001 жылы «Инфракос-Экос» еншілес кәсіпорны құрылды. Ұлттық ғарыш агенттігі кезінде оны Инфракос құрамынан шығарып, өз алдына дербес кәсіпорын жасап, ғарыш және экология деген өз мазмұнына сәйкес келуі үшін оны «Ғарыш экология» деп атадық. 

- Бізде тұтастай ғарыш саласы құрылып, оның сәтті жұмыс істеп тұруын мақтан ете аламыз! – деп топшылады Талғат Мұсабаев. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?