Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның тұңғыш Конституциясына 25 жыл

2944
Қазақстанның тұңғыш Конституциясына 25 жыл - e-history.kz
1993 жылдың 28 қаңтары Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды

Тәуелсіз Қазақстан түбегейлі өзгерістер жолына түсуі керек болды, олар үшін Заңның үстемдігі, сонымен қатар азаматтардың мүддесінің, құқығы мен бостандығының қорғалуы басты бағдар болды. Бүгінгі күні Республиканың басты тапсырмасы – елдің негізгі заңының ережелері қазіргі заман талабына сәйкес Қазақстанның демократиялық қоғамының мүдделерін қорғауы және демократиялық реформалардың, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестердің тиімділігін әрі қарай дамытуға септесу үшін қазіргі Конституцияны жетілдіру.  

Конституция әрқашан жаңа күннің талаптарына жауап беруі керек. Сондықтан да, қандай да бір өзгерістер мен толықтыруларға қажеттілік туындаса, уақыт талабына сай оларға жылдам әрекет етіп, қарастырып, жүзеге асыру керек. Іс-әрекеттердің осындай қимылының арқасында Конституция декларативті постулаттарды емес, бірақ мемлекеттің демократиялық өзекті жетістіктерін бекітеді.  

Ел тәуелсіздігінің тарихын еске ала отырып, Қазақстанға бүгінгі күннің ақиқатына сәйкес келетін Негізгі заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам құруға қажетті негізгі принциптерді бекітуі керек болды».

1993 жылдың 28 қаңтары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі егемен мемлекеттің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Ел тәуелсіздігін алуда ол зор мәнге ие. Халыққа қызмет ету парызы болып саналатын басты мемлекеттік органдардың қызметін Конституция реттейді;  олар ел азаматтарының мүдделерін білдіреді және солардың құқықтары мен бостандығын қорғауға міндетті.

Конституцияны тәжірибеде қолдану ғана оның басты кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Елдің басты заңы күшіне енген соң оның нақты әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдан алшақтығы сияқты кемшіліктері анық көріне бастады. Онда мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік процестердің даму мақсаттары мен перспективалары белгіленбеді, түрлі мемлекеттік институттар арасындағы әлеуетті түсініспеушіліктерді жеңуге арналған жоспар болмады, бұл өз кезегінде биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтары арасындағы қайшылық ауқымы артуы себептерінің біріне айналды.

Бірінші Конституцияда анықталған жаңсақтықтар, тәжірибенің арқасында, келесі нұсқаларда жойылды. Жоғарғы Кеңестің 12-ші шақырылымын тарату Конституцияның жаңа жобасы бойынша жұмыс процесін жандандырды.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев түрлі елдердің 20 шақты конституциясы мен заңға қатысты әдебиеттерді жіті зерделеп, бұл жұмысқа ғалымдарды, заңгерлерді тартты. Олар жаңа Конституция жобасын әзірлеу жөніндегі Президент жанындағы Сараптамалық-консультативтік кеңес құрамына кірді. Кеңес басқа мемлекеттердің, посткеңестік кеңістіктегі елдердің, сонымен қатар алыс шетелдің конституциялық мақалаларын қарастырды. Бұл жаңа Конституцияны әзірлеуге оң әсерін тигізді. Ғалымдар өткен құжатта кеткен қателіктерді ескерді.

Республика қызметінің негізін қалаушы қағидаттарды болашақ Конституцияның бірінші бабында бекітілуін Президенттің өзі тікелей бастамалады. Ол дегеніміз: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Кейбір қосымшалардың декларативтілігі Қазақстанда демократия өз қалыптасуының бастапқы кезеңінде екендігін көрсетеді.

Оның үстіне Қазақстан тек қана демократиялық, зайырлы, құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік мемлекет болуы керек. Еліміз үшін ең оңтайлысы осындай жол. Конституция жобасының нұсқалары бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып, оны БАҚ өкілдері кеңінен жария етті. Еліміздің азаматтары елдің басты заңын бекіту процесіне тартылды. Конституцияның 33 мың қоғамдық талқылауларына 3 миллионнан астам адам қатысты. 30 мыңға жуық ұсыныстар мен пікірлер айтылды.  Конституцияның 55 бабына көптеген түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Осындай үлкен ұжымдық еңбектің нәтижесі - 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция, ол Қазақстан халқының еркін білдіретін жоғарғы акт.   

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?