Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Дін және күнтізбе

3029
Дін және күнтізбе - e-history.kz
1918 жылғы 24 қаңтарда РКФСР ХКК декретімен Кеңестік Ресей аумағында Григориан күнтізбесі енгізілді

1918 жылғы 31 қаңтардан кейін күнтізбе екі апта алға секіріп, күнтізбедегі келесі күн 1 ақпан емес 14 ақпан болып шыға келді. Бұл күнтізбе XIII Григорийдің құрметіне Григориан күнтізбесі деген атауға ие болды, XIII Григорий Рим папасы болып тұрған шақта 1582 жылдың 28 ақпаны күндердің жаңа есебін бекіткен болатын.

Бірақ, бұл күнтізбе қазіргі кезде кеңінен пайдалатынына қарамастан, оның ауыстырылуы діни сенімдермен байланысты болғандықтан кейбір елдер немесе ұйымдар оны қолданудан бас тартты. Мысалы,  патриарх Тихон 1923 жылғы 15 қазанда Орыс православие шіркеуінде жаңа күнтізбе енгізбекші болғанда, бұл көптеген Шіркеу жақтастарының қарсылығын туғызып, жаңа күнтізбе Орыс православие шіркеуінде небәрі 24 күн ғана қолданылды.

Христиандардың басты мейрамдарының бірі – Пасханы мерекелеу күнін таңдаудағы келіспеушіліктер XIII Григорий бекіткен күнтізбеге ауысуға себеп болды деп айтуға болады. XIII Григорий Пасха тек қана жексенбі күні тойлануы керек деген сенімде болды, ал Юлиан күнтізбесі бойынша бұл мереке аптаның басқа күндеріне түсуі мүмкін еді.

Григориан күнтізбесінің алдында болған Юлиан күнтізбесі ежелгі Рим билеушісі, понтифик және қолбасшы Гай Юлий Цезарьдің құрметіне аталған. Юлиан күнтізбесін әзірлеуге бір топ александриялық ғалымдар қатысып, дәл сол нұсқа б.з.д. 45 жылдың 1 қаңтары енгізілді. Бұл күнтізбе өте дәл болды әрі астрономия саласындағы ғылыми жаңалықтарға сәйкес келді.

Тек бір жарым мың жыл өткен соң ғана ол Григориан күнтізбесімен алмастырылды.  Григориан күнтізбесі бойынша -00ге аяқталатын, бірақ оның алдыңғы екі цифры 4-ке бөлінбейтін жыл кібісе жыл болмады, оның алдыңғы күнтізбеден ерекшелігі де осы болды. Юлиан және Григориан күнтізбелерінің арасындағы алшақтық қазіргі уақытта 13 күнді құрайды. Бұл айырмашылық әр 400 жыл сайын үш күнге өсіп отыр. Бұл жаңа стильді Ресей басқа елдерден әжептуәір кеш қабылдады. Бұл православие дінінің Ресей империясының ресми діні болғандықтан, Шіркеудің Григориан күнтізбесін қабылдамауымен байланысты болды.

Қазіргі уақытта Орыс православие шіркеуі Юлиан күнтізбесін де қолданады. Билік басына большевиктер келген соң саяси және экономикалық мақсаттылық бірінші орынға шықты. Оның үстіне кеңес мемлекетінде атеизм белсенді насихаттала басталды.

Сондықтан дінге сенетін тұрғындардың бөлігінің күнтізбе таңдауын ескергеннен гөрі, мемлекеттік деңгейде дамыған мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнату маңыздырақ болды. Батысеуропа үлгісіндегі күнтізбені енгізу туралы декретке Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы В.И. Ленин қол қойды. Григориан күнтізбесі Ресейге күн санауды әлемнің көптеген елдерімен үйлестіруге мүмкіндік берді.

 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?