Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Жоспар бойынша жазықсыз жазаланғандар

2697
Жоспар бойынша жазықсыз жазаланғандар   - e-history.kz
1937 жылдың 19 қарашасында Қазақстанның КП ОК (б) Бюросы «Жазаланушылар санын қосымша арттыру туралы» шешім шығарды

Осының нәтижесінде 1-інші категория бойынша жазаланушылар саны 2000 адамға, ал 2-інші категория бойынша 3000 адамға өсті. 1-інші категория – өлім жазасы, 2-інші категория – концлагерь дегенді білдіреді.  Деректерді  Қазақстанның КП ОК (б) Бюросының бірінші хатшысы Л.И.Мирзоян өз қолымен көк қарындашпен түзеткен. Ол бұл сандарды өсу жағына қарай ықшамдаған.

«Левон Мирзоян в Казахстане: сборник документов и материалов, 1933-1938 гг.» («Левон Мирзоян Қазақстанда: құжаттар мен материалдар жинағы, 1933-1938 жж.») кітабында мемлекеттік қайраткерді былайша сипаттайды: «Бастапқыда Мирзоян жазалаулар қарқынын ұстап тұруға тырысты, алайда бұдан әрі, өзінің де потенциалды құрбан екендігін түсінген соң, бұл шараларға белсенді қатыса бастады».

«Резерв» деген соңғы баған тіпті ақылға сыймайды, оған 1-ші категория бойынша 350 адам, 2-ші категория бойынша 400 адам жазылған. Бұл жоспарға Бюроның барлық мүшелері тіпті қарамастан-ақ қол қоя салған да шығар. Яғни, адамның кінәсі мен кінәсіздігіне, өмірі мен өліміне қатысты іс қандай да бір әділ сот процентсіз-ақ шешіліп қойған, өйткені бұл сандар ол кезде бекітіл қойған еді де, бар болғаны жазаланушыны табу ғана қалған болатын.  

Облыстар

1-інші категория адамдары*

 

2-інші категория адамдары**  

 

Бастапқы жоспар

 

Бекітілген жоспар

 

Бастапқы жоспар

 

Бекітілген жоспар

 

Алматы

400

300

600

500

Оңтүстік Қазақстан

150  

150

400 

300

Ақтөбе

100

150

-

150

Қостанай

200

200

300

250

Батыс Қазақстан

-

-

200

200

Солтүстік Қазақстан

200 

200

500

550

Қарағанды

200

250

400

300

Шығыс Қазақстан

400

400

400

350

Қосымша

 

275

 

1925

350

 

2000

200

 

3000

400  

 

3000

 

1937 жыл – бұл қуғын-сүргіннің өршіп тұрған кезі. Қазақстан аумағында ГУЛАГ лагерьлер жүйесі – Карлаг жұмыс істеді. 1937-1938 жылдарды Үлкен террор немесе И.В.Сталиннің қандықол жоспарын жүзеге асырушы басты қанішер, ССРО ішкі істер Халық комиссары және БКП (б) ОК хатшысы Н.И.Ежовтың атымен «ежовщина» деп атайды. 1934 жылғы Кировты өлтіру – Ежовтың қолын босатып, қанды жазалауларға жол ашты. Кейінірек Кировтың өліміне Сталиннің де қатысы бар деген әңгімелер де шықты, өйткені Киров Бас хатшыға қарсы дәлелдер жинап, оппозициялық жұмыстар жүргізген-мыс. Бірақ көпшілік тарихшылар Сталиннің Кировты шын қадірлегенін және оның өлімі Сталин үшін шындығында күтпеген оқыс оқиға болды деп, алдыңғы нұсқаны жоққа шығарады. Өзіне жасалуы мүмкін қастандықтардың алдын алу үшін онсыз да өмір жағдайы мәз емес халыққа тізесін батырған үстіне батыра түсті. Бұл жағдай бұқараны террорға қарсы күш көрсетуге біріктірмей, керісінше режимнің нығая түсуіне жағдай жасады – бұл жеке тұлғаға қарсы жаппай агрессия мен ұжымдық жақтырмау режимін тудырған саясатпен байланысты болуы мүмкін. БКП (б) ОК құрамында болған Абдурахман Авторханов Сталинді былай сипаттайды: оның мемлекеттік қылмыстарын мемлекеттің өзі заңдандырып отырған, саясаттан шыққан данышпан қылмыскер. Қылмыскерлер мен саясаттың қоспасынан сталинизм атты уникум пайда болды  

ССРО-ның кез-келген азаматын, тіпті отанынан жырақ кетуге асыққандарды да жалмап кетуі мүмкін рақымсыз жазалаулар «сталинизмдің» айқын көрінісі болды. «Қылмыскердің» өзі ғана емес, оның отбасы мүшелері де кінәлі болды. Осылайша, Сталин өз қалауынша тұрғызған мемлекет, отбасының бір мүшесінің күнәсі үшін тұтас әулет жауап беретін мафия байланыстарымен шырмалған құрылымға ұқсады. Сондықтан 1937 жылдың 19 қарашасында Қазақстанның КП ОК (б) Бюросы шығарған «Жазаланушылар санын қосымша арттыру туралы» шешім қабылданғаннан кейін бекітілген жоспарлар шын мәнінде орындалған, оның үстіне адамдардың ерекше «құлшынысының» арқасында бұл сандар жоспардағыдан тіпті асып та түскен.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?