Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Азаттық аңсаған Алаш қаласы

2210
Азаттық аңсаған Алаш қаласы - e-history.kz

«Түбіміз – қазақ, түлігіміз – жылқы, керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш!» деген мәтелдің бағзы замандардан бері қазақы қазыққа байланып, ұлттық ұстанымға айналғалы қашан. Алаш, Алаш Орда үкіметі, Алаш қаласы дегенді естісе – елең етпейтін, тарихына қызықпайтын, білуге құмартпайтын қазақ жоқ шығар...

Белгілі зерттеуші-журналист Мұратбек Кенемолдин «Алаш қаласы болған» атты мақаласында былай деп жазады: «1917-1927 жылдары, яғни қазақ еліндегі азаматтық қарсыласу жылдары Алаш Орданың астанасы Семей қаласының сол жақ бөлігінде, яғни қарт Ертістің сол жағалауында бостандық сүйгіш барша қазақтың жігерін жанып, азаттыққа ұмтылдырған Алаш атты керемет қала болған... Қазақтың көрнекті публицист-жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов 1927 жылы баспадан шыққан «Ақбілек» романында осы Алаш қаласы туралы: «Ертіс үлкен өзен. Өре басы Қытайдан келеді. Екі қабағы ызғындай ел. Ызғындай елдің ортасындағы өнер-білімнің, сауда-кәсіптің, от арба, от кеменің тоғысатын кіндігі, қара шаңырағы – Семей. Семей – бір губерния елдің миы. Ақыл-ойдың табысы Семейде. Семей – бір губерния елдің жүрегі. Семей бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді. Ертістің оң қабағында – Семей, солында – Алаш қаласы...», - деп ерекше атап жазады. Алаш қаласы дегенде, оның осыған дейінгі көне тарихына тоқталып өткен дұрыс секілді. Мәселен, қарт Ертістің оң жағалауындағы баяғыдан орыстары басым тұратын Семей қаласының халқы сонау ерте кезден бастап сол жағалаудағы қазақтар жиі қоныстанған елді мекенді – «Заречная Слободка» деп атап кеткен-тін. Мұндай «Заречная Слободкалар» сол уақыттағы қазақ сахарасындағы Ертіс өзені бойындағы Омбы, Өскемен, Павлодар секілді тағы басқадай қалаларда аз болмады» (1). 

Сібір мен Орта Азияны байланыстырып жатқан Семей өңірі ерте замандардан бері керуендердің тоғысатын жері, саудагерлердің зат алмасатын орыны еді. Сібірдің бағалы аң терілері, Орта Азиядан келетін әртүрлі заттар, жергілікті байлардың малы мен тері-жүндері  осы сауда орнының басты айналымдағы заттары болатын. Бұл орынға орыс отаршылары қызыққанымен толыққанды билік жүргізе алмаған. Тіптен өздері орнатып алған кедендік бақылау бекетінің жұмысы да дұрыс ұйымдастырылмады, қарақшылық пен тонау, жемқорлық белең алды.  Бұл жайлы профессор Жанұзақ Қасымбаев «Города Восточного Казахстана в 1861-1917 гг.» кітабында былай деп жазады: «В 1796 г. из Константинополя вышли с товарами приказчики багдадского купца армянина Бабаджаняна «для производства торговли в пределах Персии, в окрестностях Хондогора, Индии», которые «снабжены были знатным капиталом». Приказчики «сии, производя торг в помянутых местах, в течение десяти лет закупили там разных товаров, как-то шалей (кашмирских. – Ж. К.), серебра, золота и других разных вещей, с которыми, пробравшись благополучно через области Трухмейские (Туркмению. – Ж. К.) и Бухарские»,  прибыли в октябре 1805 г. в Семипалатинскую крепость. Однако незнание ими русского языка, языков местных народов затрудняло общение с жителями крепости. Чиновники таможенной заставы на товары чужеземных купцов произвольно устанавливали непомерно высокие пошлины. Об этом сообщалось в письме от 5 февраля 1805 г. астраханскому купцу армянину Багданяну: «4 месяца уже тому, как мы в Семипалатинской крепости находимся. Но по незнанию Российского языка со здешнею таможнею объясняться не можем. И нет человека, который бы за нас говорил».  С возмущением говорили они о пренебрежительном отношении к ним работников таможни во время пребывания в крепости. Директор таможни Масленников и полицмейстер  Страхов принятыми для клеймения товарами армянских приказчиков распоряжались как собственностью. Более того, «безвыходное положение их в чужой стране послужило причиной их скоропостижной смерти, которые, не выдержав издевательств чиновников, покончили  жизнь самоубийством». Виновные в их смерти были устранены от исправления своих должностей. Приведенный факт убедительно свидетельствует о грубых злоупотреблениях работников таможни. Они вместо того, чтобы заботиться о развитии и умножении торговых связей с другими странами и народами, занимались присвоением чужого добра, тем самым усиливая недоверие иностранных купцов к торговле с Россией» (2).

1917 жылдың 30 маусымында Алаш қаласы атқару комитетінің төрағасы А.Аңдамасов, хатшысы Григорьев қол қойып, Семей облыстық комиссариатына жолдаған  баяндамаларында Алаш қаласының тарихына қатысты мынандай деректер бар: «Семипалатинская Заречная Слободка /ныне переименована в Алаш/ расположена на левом берегу р. Иртыша,  имеет длиной 3 версты и шириной 2 версты, была заселена на 12 лет ранее г.Семипалатинска и существует 175 лет, земля под ней ранее была таможенного ведомства, которое вело меновую торговлю со степью. Близь лежащие и окружающие Слободку земли принадлежат Сибирскому Казачьему Войску и Войсковому Хозяйственному Правлению, которое и отдает эти земли под хлебопашество, бахчеводство, сенокошение и т. д.» /ЦГА РК Ф.1416. Оп. 1. Д. 11а. Л. 28-30 /  (3). 

Осы деректерден орыс патшасының отарлау кезеңінде «Заречная Слободка» деп аталған, XX ғасырдың аумалы-төкпелі кезеңінде Семей Губерниялық атқару комитетінің шешімімен 1927 жылдың 7 қазан айында «Жаңа-Семей» болып өзгертілген Алаш қаласының тарихы әлі де терең зерттеуді қажет ететіндігін байқауға болады. Семей қаласының алғаш пайда болуы жайлы деректер сан қилы. Семей қаласы тарихының бастауы болып саналатын орыс патшасының 1616 жылғы жазбасы бізге белгілі болып отырған алғаш қағаз бетіне түскен дерек болғанымен өңір арқылы саяхат,  жорық жасаған Марко Поло еңбектері мен Әмір Темір тарихын Семеймен байланыстыра зерттеу қолға алынбай келеді. Құрылыс жұмыстары кезінде қаланың әр шетінен қылаң беріп қалатын ежелгі ғимараттар орындары зерттелмей, елеусіз қалуда

Мұрағаттардағы кейбір деректерден көптеген айырмашылықтарды көреміз. Оның басты себебі, Семей қаласының сол жағалаудағы Жаңасемей бөлігінің ешкімге бағынышты болмай, азат өмір сүргісі келгендігі дер едім. Алайда оны мойындағысы келмей, тарихи деректерді қасақана бұрмалаған. патшалық Ресей отаршыларымен қатар, қазақ даласының шын тарихын жасыруға тырысқан кеңестік идеологияның әсері еді. Семей қаласының сол жағалаудағы бөлігін өздеріне бағынышты ету үшін қанша генерал-губернатор әрекеттенді. Мына тарихи деректерге зер салып, толық мәтінін оқу керек.   

1.   ПИСЬМО ВОЕННОГО ГУБЕРНАТОРА СЕМИПАЛАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ – ГОСПОДИНУ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРУ ЗАПАДНОЙ СИБИРИ 

«О включении Заречной Слободки в городскую черту»

9 октября 1873 г

г. Семипалатинск

1. Предписанием от 31 минувшего августа за № 1835, Ваше Высокопревосходительство изволили предложить мне сделать распоряжение о рассмотрении вновь в здешней Городской Думе вопроса о включении Заречной Слободки в городскую черту.

Исправляющий должность Губернатора, 

Вице-Губернатор Ю. Чернавин

\ГАОО. Р-3, Оп. 2, Д. 2901, Л. 173-174\  (3)

2.  ЖУРНАЛ ОБЩЕГО ПРИСУТСТВИЯ СЕМИПАЛАТИНСКОГО ОБЛАСТНОГО ПРАВЛЕНИЯ

«О включении Заречной Слободки в черту города Семипалатинска»

23 ноября 1874 г.

г. Семипалатинск

\ЦГА РК, Ф. 15, Оп. 1, Д. 589, Л. 2-11\  (3)

3.  ОПРЕДЕЛЕНИЕ СЕМИПАЛАТИНСКОЙ ГОРОДСКОЙ ДУМЫ

«О присоединении Заречной Слободки к Семипалатинску»

30 апреля 1881 г.

г. Семипалатинск

\ЦДНИ, Ф. 434, Оп. 1, Д. 19, Л. 65-77\     (3)

4.  ОПРЕДЕЛЕНИЕ СЕМИПАЛАТИНСКОЙ ГОРОДСКОЙ ДУМЫ

«По вопросу присоединения Заречной Слободки к  гор. Семипалатинску»

12 мая 1898 г.

г. Семипалатинск

\ЦГА РК. Ф. 434. Оп. 1. Д. 36. Л. 116-130 \   (3)

5. «О неприсоединении Заречной Слободки к городу Семипалатинску»

11 декабря 1905 г.

г. Семипалатинск

\ЦГА РК. Ф. 504. Оп. 1. Д. 34. Л. 20-21\   (3)

Осы тарихи құжаттардан көріп отырғанымыздай Семейдің қазіргі Жаңасемей бөлігі Семипалатинскъ қаласынан дербес болған. Семей өңірінің әкімшілік басқару құрылымы сан мәрте өзгеріске ұшырап XVIII-ғасырдың екінші жартысындағы Колыван жергілікті басқаруы кезіндеде, 1854 жылы Семей облысы/губерниясы құрылғаннан кейінде, 1917 жылдың 7 науырызында Х. Ғаббасов, Р. Марсеков, И. Әлімбеков, Ә. Ермековтардың ұйымдастыруымен Семей облыстық қазақ комитетін құруға қатысты өткен алғашқы жиында жергілікті халық «Заречная слободка» атауының орнына  «Алаш қаласы» деп атау туралы ұсыныстарын білдіріп, осы жиында Семейдің сол жағалауын «Алаш қаласы» деп атауға шешім қабылданғанға дейін де дербес елді-мекен болған. Бір кездері, шамамен 1915-16 жылдары Семипалатинскъ шенеуніктері тарапынан сол жағалауды Ново-Романск деп атауға әрекеттерде болған көрінеді. 1927 жылы Алаш қаласының атауын өзгерту жөнінде сөз болғанда халық қарсылық танытқан екен. Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау көтерілістерінің соққысы маңдайларына тиген кеңес билігі рухты халықтың райынан сескеніп, «Семейге қосылсаңыздар көпір салынады» деп алдау сөздерін айтқан екен. Семей мен Алаш қалалары арасындағы қатынас халықты қажытқандықтан ел биліктің бұл сөзіне иланған. 1932 жылдың 9-11 қазан күндері өткен ҚАССР Халық Комиссариаты Кеңесінің отырысында «Семей қаласындағы Ертіс өзені үстінен көпір салу» жөнінде №78  қаулы қабылданады.

Ауызбіршіліктері мықты, ұйымшыл сол жағалау халқы Семипалатинскъ шенеуніктерінің әрекеттеріне қарсылықтарын білдіріп, жоғарғы билік орындарына өз өкілдерінде жіберіп отырғанын мұрағат құжаттарынан көруге болады. 

1.  ИЗ ПИСЬМА СЕМИПАЛАТИНСКОГО УЕЗДНОГО НАЧАЛЬНИКА - СЕМИПАЛАТИНСКОМУ ГУБЕРНАТОРУ

«О поездке депутации жителей Заречной Слободки в Санкт-Петербург»

3 января 1914 г. г. Семипалатинск

Совершенно Секретно

...по собранным мною сведениям, по поводу поездки депутации от жителей Заречной Слободки в Санкт-Петербург для возбуждения пред подлежащими властями ходатайства об образовании в Заречной Слободке самостоятельного городского упрощенного управления, оказалось, что названная выше депутация, состоящая из отставного чиновника Гядзацкого, Семипалатинского мещанина Чернова и киргиза Семитавской волости Тлепова, по прибытии в Омск первоначально обратилась за советом в Канцелярию Степного Генерал Губернатора, где поездка этой депутации была, будто- бы, одобрена и это дало возможность депутации надеяться, что ходатайство её об образовании в Заречной Слободке самостоятельного упрощённого городского управления увенчается успехом.

В Петербурге...депутация обратилась первоначально с просьбой к Начальнику Главного Переселенческого Управления Генералу Глинке, указав ему на то, что образование в Заречной Слободке самостоятельного городского упрощённого управления необходимо в интересах переселенцев, которые не решаются селиться в Заречной Слободке из опасения присоединения её к г. Семипалатинску, что поведёт за собой высокое обложение, а это не в интересах переселенцев.

Убеждённый, будто бы, этим доводом Генерал Глинка предложил депутации подать ему по этому поводу докладную записку, на которой сделал надпись - "что ввиду приведённого выше мотива он на присоединение Слободки к Семипалатинску не согласен", и названную записку препроводил в Главное Управление по делам местного хозяйства, где находится всё делопроизводство по делу о присоединении Заречной Слободки к  

г. Семипалатинску.

Затем депутация обратилась с просьбой к Обер-Прокурору Святейшего Синода - Саблеру, при чём обратила его внимание на то обстоятельство, что образование в Заречной Слободке отдельного городского упрощённого управления вызывается интересами миссии, и за таковое стоит Епископ Киприан, как Начальник Миссии.

Обер-Прокурор, будто бы, изъявил желание поддержать ходатайство депутации, обещаясь переговорить с кем следует, при чём, однако, подчеркнул, что решающего голоса в разрешении данного вопроса он иметь не может.

После свидания с Обер-Прокурором депутация обратилась к Начальнику Главного Управления по делам местного хозяйства, который, будто бы, их охотно выслушал, но сказал, что вопрос о том или ином устройстве управления в Заречной Слободке, получит окончательное разрешение, только по получении по этому поводу заключения от Генерал Губернатора.

...Епископ Киприан крайне недоволен отчётом депутации... и, особенно его смущает то обстоятельство, что депутация у Обер-Прокурора высказалась об интересах в этом вопросе Киргизской Миссии и что на этом настаивает Епископ Киприан...

\ЦГА РК. Ф. 64. Оп. 1. Д. 6055. Л. 3-4 \ (3)

2.  ИЗ ПИСЬМА СЕМИПАЛАТИНСКОГО УЕЗДНОГО НАЧАЛЬНИКА – СЕМИПАЛАТИНСКОМУ ГУБЕРНАТОРУ

«О поездке депутации Заречной Слободки в Санкт-Петербург»

13 января 1914 г. г. Семипалатинск

Совершенно Секретно.

... в 8 часов вечера, после окончания Богослужения в здешней киргизской миссии, состоялось собрание, на каковом находились, кроме членов депутации ездивших в Петербург, следующие лица: Александров, Колесников, Шевченко, Радченко, Коровин, Шевкопляс, Мельников, Фролов, Шевцов всего около 50-60 человек. На этом собрании присутствовал Киприан.

Первоначально был заслушан отчёт депутации о поездке в Петербург, а затем обсуждался вопрос об образовании в Заречной Слободке самостоятельного поселкового Управления. По обсуждении данного вопроса было решено собранием, просить по телеграфу Главное Управление по делам местного хозяйства о введении в Заречной Слободке самостоятельного поселкового управления... \ЦГА РК. Ф. 64. Оп. 1. Д. 6055. Л. 5-50б.\ (3)

XIX ғасырдың соңына қарай сол жағалауда телефон, телеграф байланыстары болған. Телеграф жергілікті тұрғындардың қаржыландыруымен орнатылса,  Қаражан Үкібайұлы телефон қондырғыларын өз қаржысына сатып алады. Бұл жайлы Т. Қазбалинов  «Абай» журналын ашуға қаржы берген Қаражан» мақаласында «Қаражан Үкібаев 1906 жылы Семей қаласына тұңғыш рет 100 нөмірлік телефон станциясын өз қаржысына сатып алып орнатты. Оны Үкібаев АҚШ-тың дарынды инженері, тұңғыш рет телефонды ойлап тапқан Александр Бэллден (1847-1922) кабелімен қоса телефон аппаратымен бірге алған болатын.»-деп жазады (4). 

Сол жағалаудағы пошта-телеграф  қызметкері Димитрий Гостев Алаш  қайраткерлерімен бірлесе жұмыс істесе оның ұлы Капитон Гостев Ахметжан Аңдамасов, Александр Ерыкалов, Павел Шевченво, Иван Коденцов, Василий Кудряшев, Мұстақым Малдыбаев, Бекқожа Құлғарин  секілді т.б. 25 адамның қатарында 1917-жылдың қараша айынан  Алаш қаласының Дума (мәслихат) мүшесі болған екен. Сондай-ақ сол жағалауда 1900 жылы болған үлкен өрттен кейін халықтың жинаған және байлардың берген қаражатына өрт сөндірушілер тұрағы (депо) салынып, жұмыс істеген.

Семипалатинскъ  қаласында шығатын  «Воля народа» үнпарағының 1917 жылғы 10 тамыз күнгі  №53 санында Алаш қаласы тұрғындарының Семейдегі Ақ патша үкіметінің іс-қимыл әрекеттерінің мойындамайтындықтарын және Алаш қаласын Семейден жеке дара қала ретінде санайтындықтарын “Заречная Слободка и выбора” деген мақалада былай жазған екен: “Общее количество избирателей в Заречной Слободке 2882. Из этого числа избирательной карточки получены были 254 лицами, к избирательным же урнам явилось лишь 164 гражданина. Принимая во внимание то обстоятельство, что главное масса населения Слободки магометане, элементы к выборам довольно чуткий можно думать, что не участие всецело основанно на бойкотских началах. Видимо, слободчане пользующиеся от города и учебными заведениями и услугами разного рода учреждений, хотять “автономии”, не считаясь даже с тем, что разъединение потребует значительных сумм на содержание самостоятельной администрации (5).

Осы мақаладан байқағанымыздай, Семипалатинскъ қаласындағы патша үкіметінің өкілдері сол жағалау халқын өз деңгейлерінен төмен санаған шовинистік пиғылдарын ашық білдіреді. 

Жалпы, бұл мақалада жазылғандай Алаш қаласында тек қана қазақ ұлтының өкілдері  ғана емес, өзге де ұлттар мекен еткен. Алаш қалаларының көше атауларында тек қана сол кездегі белгілі қазақтарының аттары ғана емес, орысша атаулары да болды. Мысалы, В. Кашляктың «Семипалатинск: их именами названы...» деген кітабын парақтасақ, Базарная, Могильная, Павловская, Петровская, Пограничная, Потанина, Береговая, Блоговещенская, Воздвиженская, Выездная, Ерыкаловская, Короткая, Кузнечная, Прибрежная, Приречная, Пушкинская, Сакуровская, Старобазарная, Телеграфная, Церковная, Чернобазарная  т.б. орыс атауларымен көшелер болғандығын байқаймыз.

Алаш қаласының Басқарма Төрағасы Ахметжан Қозыбағаровтың Семей уездік милиция бастығына жазған №2870 13 июль 1918 жылғы хатында Алаш қаласына уездік милиция Басқармасын көшіру туралы жазылады. Хатта милиция Басқармасы Гостев үйіне орналаса алатындығы көрсетілген. 

\Абай облыстық мұрағаты (архиві) Қор 37,Тізім 1, Іс 10, бет 67\   (5) 

Семей уездік милиция бастығының 19 июль 1918 жылғы №1377 жауап хатында Гостев үйінде Оңтүстік Сібір теміржол Басқармасы орналасатындығын және Глазкованың 8 бөлмелі үйінін де бос еместігін хабарлайды. Тек бұрынғы ауылшаруашылық мектебі орналасқан Ерыкаловтың үйінің қолайлығын баяндайды.  

\Абай облыстық мұрағаты (архиві) Қор 37,Тізім 1, Іс 10, бет 82\  (5) 

Яғни, Ертістің сол жағалауы – Алаш қаласында Ерыкаловтан басқа орыс көпестерінің мекен еткенін байқаймыз. 

Көптеген зерттеушілер «В 1839 году Заречная Слободка состояла из 51 дома, 147 торговых лавок  и 2 молитвенных домов и 1 школы» деген мәліметті жиі қолданады. Мұндағы  жалпы саны 147 «торговая лавка» біздің көзімізге үйренішті болған сауда дүңгіршегі емес зат сақтап, сататын қоймалар дегеніміз дұрыс болатын шығар. Бір «торговая лавкада» кемінде 2-3 адам жұмыс атқарса онда соншама адамға 51 үй аздық етпейме деген ой туындайды. Оның үстіне осы «торговая лавкалардың» қожайындарының үй-жай, қора-қопсысының күтуші-жалшылары тағы бар дегендей…

Тағы бір деректерде  «1841-жылы Семипалатинскъ генерал-губернаторы Заречная Слободкасында тұрғын үй салуға, тұрып жатқан үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге шектеу қою жөнінде жарлық шығарған» деген мәлімет кездеседі. 51-100 үйге бола губернатор жарлық шығара қоймасы анық.  Осындай деректерді саралай келе сол жағалау тұрғындарымен олардың үйінің саны әлдеқайда көп болғанын болжау қиын емес.

Патшалы Ресейдің Семипалатинскъ шенеуніктері «Заречная Слободка» атаған сол жағалауында Сібір Казактарының Әскері  (Сибирское Казачья Войско) мен Әскери Шаруашылық Басқармасы (Войсковое Хозяйственное  Правление) орналасқаны жөніндеде деректер бар, бұлар «Шағыл» ауылында болған секілді. Олардың орналасқан жерінде кеңес заманында «Скотоимпорт» мекемесі болған. 1925-26 жылдары Семей қаласындағы көптеген мекемелер сол жағалауға көшірілгенін мұрағат құжаттарынан білуге болады. Сол жылдары «Упсырзаг», «Кожсиндикат», «Кишпромторг», «Губпотребсоюз», «Шерсть серіктестігі» және тұтынушылар, ауылшаруашылығы кооперативтерінің Алаш қаласында бұрыннан бар 121 завод, 3 жүн жуу, 1 мал сою, 9 шек-қарын, 12 түйме-тарақ, 5 тері өңдеп,тон тігу, 1 май шам, 7 ұстахана, цехтарымен шеберханалар қатарына қосылғанын Абай облыстық мұрағатындағы 73-қор,1-тізім, 423-істің 135-бетінен оқуға болады.

«Сибирская Заимка» сайтындағы Д.Г.Симоновтың «Семиреченский фронт в 1918 году: белогвардейские вооруженные формирования» деген мақаласында мынандай деректер бар: «...по состоянию на 17 июня (1918 ж. С.Б.) в Семипалатинске в полной боевой готовности находились 200 вооруженных и 200 невооруженных добровольцев. Кроме того формировались пеший боевой отряд из офицеров, чиновников и юнкеров (200 чел.), отряд из мобилизованных казаков (150 чел.), казачья партизанская сотня (50 чел.), чехословацкий (63 чел.) и польский (20 чел.) отряды. На их вооружении имелось два пулемета, 600 винтовок различных систем и 41,5 тыс. патронов.  18 июня в Семипалатинск прибыли руководитель Алаш-Орды А. Букейханов и поручик И. А. Зубарев-Давыдов. При них находился киргизский отряд, состоявший из 300 бойцов при 35 русских офицерах-инструкторах. Считая свою миссию выполненной, Зубарев-Давыдов не стал оспаривать право на руководство у старшего по чину …   (Зубарев-Давыдовтың Семей өңіріндегі негізгі мақсаты В.И.Шишкиннің «Антибольшевистское подполье в Семипалатинске (апрель-июнь 1918г.)» мақаласында толық жазылады. С.Б.) К 3 июля белогвардейский гарнизон Семипалатинска насчитывал 1 278 человек при двух пулеметах и одном бомбомете, в том числе 59 чел. командного состава, 661 штык, 258 сабель и 300 чел. невооруженных (5-й Степной полк — 540 штыков, 2 пулемета, 1 бомбомет, 3-й Сибирский казачий полк и отдельная казачья сотня — 15 чел. комсостава и 258 сабель, Киргизский отряд — 35 чел. комсостава, 100 штыков и 300 чел. невооруженных, Польский отряд — 9 чел. комсостава и 21 штык). Вечером 6 июля полковник Ярушин на пароходе «Тоболяк» отправился из Омска в Семипалатинск. При нем находился особый отряд Степного Сибирского корпуса в составе 18 офицеров, одного чиновника и 29 добровольцев, всего 44 человека при 2 пулеметах «Кольта» под командованием капитана Ушакова. В трюм парохода были погружены 1 тыс. «берданок» при 60 тыс. патронов и 500 трехлинеек при 59 тыс. патронов. В Павлодаре 8 июля на борт «Тоболяка» погрузился отряд прапорщика М. С. Чернова в составе 15 офицеров и 32 добровольцев при 2 пулеметах «Кольта». Вместе с «Тоболяком» следовал и пароход «Наследница», на борту которого располагался автомобильный отряд (19 грузовиков) под командой подрапорщика Беляева. «Тоболяк» прибыл в Семипалатинск 11 июля. Пароход «Наследница», сев на мель, задержался в пути и прибыл в Семипалатинск только 14 июля». (Д.Г. Симонов бұл деректерді РФ Мемлекеттік мұрағатынан (ГАРФ) және Ресей Мемлекеттік әскери мұрағатынан (РГВА) алғандығына сілтеме жасайды – С.Б.).

Негізгі бағыттары Жетісу болғандықтан осы әскер сол жағалауда бұрынғы Сібір Казактарының Әскері  (Сибирское Казачья Войско) мен Әскери Шаруашылық Басқармасы (Войсковое Хозяйственное  Правление) орналасқан «Шағыл» ауылындағы ғимараттарда жинақталып, бір бөлігі Аягөз (Сергиополь) арқылы Мақаншы-Ұржарға, екінші бөлігі Архат бекеті арқылы Жетісуға Мамонтов әскерінің алдын орауға аттанса керек. Жалпы сол жағалау  қазан төңкерісіне дейін,  Биғұл ауылы (Суықбұлақ кенті), Жоламан жатағы (Селевин көшесінен Ертістің жоғарғы жағына қарай), Тінібай жатағы (Селевин көшесінен теміржол аумағына дейін), Қайықаузы (теміржол аумағынан Ертістің төменгі жағына қарай, Қайықаузы Алаш қаласы кезінде «№1 ауыл» атанған), Тарақты жатағы (14-мөлтек аудан), Шағыл ауылы (компоселок),Мұқыр ауылы (Бабровка кенті) секілді бөліктерден құралған. Сол жерлерде Алаш қаласының тарихы сөз болғанда есімдері жиі айтылатын Жоламан Жандарбекұлы, Тінібай Кәукенұлы, Қаражан Үкібайұлы. Мұқамедхан Сейітқұлұлы, Әбдірахман Сүлейменұлы Жүсіп немересі, Александр Ерыкаловтармен қатар есімдері елеусіз жүрген, бірақ Алаш қаласы мен Алаш Орда үкіметі жөніндегі құжаттарда ара дүркін кездесетін Сәлмен Байтілеков, Жаманбалин, Ахмади Оңалбаев, Түзмұхамедов, Исабек бай, Глазкова, Шәкіржанов, ағайынды Бекқожа мен Бекмолла Құлғарин, Д. Гостев секілді бай-көпестерде тұрған. Олардың үйлеріне 1925-26 жылдары губерниялық және уездік мекемелер орналасады. Мысалы, Ерыкаловтың Ерыкалов көшесіндегі№68 үйіне  УИК пен УЗУ, Түзмұхаметовтың Горная №23 үйіне  УКОМ РКП(б) мен кіші үйіне УКОМ ВЛКСМ, Жаманбалиннің Горная №74 үйіне Уездік милиция, Шәкіржановтың Кенесары көшесіндегі №144 2 қабатты үйіне УФО мекемелері орналасады. 

Нақтыланбаған дереккөздер бойынша, Семей әскери губернаторы және Әскер қолбасшысы Александр Федорович Карпов осы Алаш қаласында тұрған екен. Әскердің жазғы лагері болған өңір Делбегетей болысы жерінде болған дейді. Кейінгі уақытқа шейін Шар ауданындағы Карповка аталған ауыл осы адамның атымен байланысты көрінеді. Тағы да бір деректе Семей уезді милиция бастығы Брюхановтың сол жағалау бойынша көмекшісі Солодчиннің Делбегетей болысында  «Хутор Саттык 2-й» деген жерде егістік жері болғаны айтылады. Жалпы Жаңа-Семей тарихының Алаш Орда үкіметіне қатысты бөлігі ғана зерттеліп жүр.

Мұндағы кейбір ғимараттардың тарихы жайлы Ахметуәли Мүнәсіп 1888-жылы жазған «Семей қаласының тарихы» қолжазбасында баян қылады. Ахметуәли Мүнәсіп әйгілі Қарамола (Шар) ережесінің 28-бабында «Адам мүшесі мертіксе, үкімі шариғат бойынша айтылады. Шариғат айыруының қателігі болмасын деп сұраймыз. Бұл сөзді айырмаққа тапсырылса екен, Семейдегі Ахмед Уали Мұнасиф ұлына һәм Өскемен молдасы Мырзағали Ғаббас ұлына. Олардың айырып берген шариғаты осы ережеге тіркеліп жазылса екен.»-деп аты аталған танымал тұлға. Семей қаласы мешіттерінің тарихын жаза келе сол жағалау жайында және Тінібай Кәукенұлы, Жоламан Жандарбекұлы салдырған мешіттер жайын жазады. Бұл деректер профессор Амантай Исиннің «Семейдегі мұсылман тарихнамасы: Ахмет-Уәли әс-Семей-Пулати» мақаласында толық жазылған. Ахметуәли Мүнәсіп қолжазбасында: «Семейдегі Ертіс өзенінің екінші жағында (сол жағалауда С.Б.) оңтүстікке қарай бесінші мешіт бар. Ұлты қазақ Жоламан есімді бай алғашында мұнарасыз  1827 мың да сегіз жүз жиырма жетінші – жылдары салдырған бір ағаш мешіті», – деп жазады (6).   

Бұл деректерден байқайтынымыз Семейдің қазіргі   Жаңасемей бөлігінде  XVIII-ғасырдың өзінде отырықшы халық (жатақ) мекен еткен. Тінібай Кәукенұлымен Жоламан Жандарбекұлдары әуелі үй-жайын салып сосын мешіт,медіресе салса керекті және екеуі өздеріне жеке-жеке мешіт салып алып отырмасы тағы анық. Жоламан Жандарбекұлының  үй-жай,қора-қопсы, мешітінің мекен –жайы Абай облыстық өлкетану мұражайында 31-қор, 3-бумада сақтаулы «Алаш қаласының 28 қараша 1916-жылғы сызбасындағы» Кенесары көшесі 156-орамда көрсетілген. Тінібай Кәукенұлының үйі, мешіт пен медіресе Береговая көшесі 108 орамда. Сол маңда Алаш қайраткерлері бас қосатын,  «Ес-Аймақ» жастардың театр үйірмесі ойын көрсететін, сондай-ақ Алаш полкының 35 нұсқаушы офицерінің бірі штабс капитан Поповтың пәтерде тұрған  Алаш қайраткері Мұқамедхан Сейітқұлұлының үйі бар.  Астына Қайым Мұхамедханұлының өз қолымен «Менің туған үйімнің қалдығы. (Бұрынғы Алтыбай көшесі)» деп жазған үйдің фотосуретімен 1922 жылдың 22 мамырдағы үйді тәркілеу декретінде үйдің мекен-жайы «Улица Пограничная, 107. г.Алаш» деп жазылған  деректер Дина Қайымқызының «Ұстаз бен Шәкірт» кітабында көрсетіледі (7).

«Алаш қаласының 28 қараша 1916 жылғы сызбасындағы» ең үлкен көшелер Абай және Алаш-Орда көшелері. Сызбаның бізге жеткен бөлігінде Абай көшесіндегі Тарақты жатағындағы  үйлер №189,190,191 болып реттік саны жоғарылап  мөлшермен қазіргі Титов көшесімен Сорокин көшелерінің қиылысына дейін сызылған. Алаш-Орда көшесінің соңы да солай, көшенің басы Жалықбас көшесінен басталып үйлердің реттік саны №01,02,03 болып өсе береді. 

Осы Алаш-Орда көшесіндегі бір үйге (қазір Қостанай көшесі №1,№1а,№1\1) Қайым Мұқамедханұлы институттағы сабақ соңынан кейін өзінің сенімді шәкірттерін ертіп келіп  (оның себебін Қайым ақсақалдың өмірбаянынан және кеңестік саясаттан хабардар жандар біледі деп ойлаймын)  қосымша дәріс оқиды екен. Сонда, осы үйдің кезінде Алаш Орда үкіметінің кеңселерінің бірі болғанын айтатын көрінеді. 1980 жылдары Құсмілия Нұрқасым, 1990 жылдары Айдын Рысбекұлы, Серік Елікбай осындай қосымша дәрістерге қатысып, Қайым ұстаздарының сол дәрістерін бүгінгі күнге жеткізіп отыр.  «ҚАЗАҚ» газетінің 1915 жылғы 8 қараша күнгі №156 санында мынандай мақала жарияланған: «Семей Зарешни Слабодкада тұратын ашық пікірлі жас саудагерлерімізден Əбдірахман мырза Жүсіп қажы ұғлы төрт бөлмелі үйін бала оқытуға берді. Жылда бұл балалар оқитын орынға 100-150 сом төленуші еді. Биылғыдай ауыр жылда Əбдірахман мырза ұлт пайдасы үшін осындай жігіттік көрсетті. Осындай жігіттеріміз көп болғай еді.  Хамзабай Боқаев» Бұл жерде мектепке берді деп отырған үй кейбір деректерде кезігетін мектеп үйінен Сеимпалатинскъ уездік комитеті банк бөлімшесін ашпақ ниет танытқанда ол үйге земствоның орналасатыны айтылады ғой. Бірақ кеңес заманында бұл үйде «сбербанк пен пошта бөлімшесі болыпты, екінші-доға пішіндес үйде байдың өзі тұрса, үшінші асхана болған үйде баспахана орналасуы әбден мүмкін, төртінші үй қызметшілер үйі болса керек.

Профессор, алаштанушы-ғалым Ерлан Сыдықовтың «Алаш қаласының тарихы» атты кітабынан осы Алаш қаласы   тарихына қатысты көптеген құнды мәліметтерді оқып білуге болатындықтан көшіріп жазып уақыт алмайын дедім. Жалпы, ол кітап 6 тараудан тұрады:               

 I тарау. Алаш қаласы және ондағы тарихи орындар.

II тарау. «Сарыарқа» газеті,«Абай» журналы және «Алашорда» баспаханасы.

III тарау. Алашорда соты мен әскері.

IV тарау.Алаш мектептері мен мұғалімдері.

V тарау.Алаш мешіттері.

VI тарау.Алаш қаласының тарихы: дерек көзі, №142.  (8)

Мақаламды профессор Тұрсын Жұртбайдың мына сөзімен аяқтайын: «Рухани тәуелділік атты талыстың көні әлі жібіген жоқ. Соның пұшпағын жібітетін бір бүркім су болса екен деген тілекпен, барлық жиған-тергенді жеке бір тұлғаның тағдырына негіздей тәпсірледік. Сол арқылы тұлғаларды тұмсыратқан бір ғасырлық рухани арандатудың астарын ашып, әдібін жазғымыз келді. Ниет – дұрыс, тілек – қалыс» (9).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. "Абай" журналы  №15, 2014ж. М.Кенемолдин   «Алаш қаласы болған».

2. Ж.К.Касымбаев  «Города Восточного Казахстана в 1861-917гг.» Алматы  «ҒЫЛЫМ»  1990 20-21бет

3. Город Алаш  (сборник документов)  Семей 2010 

4. Абай журналы  №3, 2003ж.                                                                                                                                

Т.Қазбалинов  «Абай» журналын ашуға қаржы берген Қаражан».

5. Абай облыстық мұрағаты (архиві)

6. «Милли-мәдени мирасыбыз: Казахстан татарлары.Семей.»                  Казан, 2017

7. Дина Мұхамедхан «Ұстаз бен Шәкірт». Алматы, 2023

8. Е.Сыдықов «Алаш қаласының тарихы»

Семей, 2010

9. Тұрсын  Жұртбай  «Ұраным – Алаш!..» Алматы, «Ел – шежіре» 2010

Серікбек Болатбекұлы, өлкетанушы, «Туған қалам - Семейім» қорының төрағасы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?